Қазақ жастары тағы да «порнография» көрсетті
Әлеуметтік желілер арқылы түнгі сауық кештердің бірінде жас жігіттер мен қыздардың бір-біріне мінгесіп, арсыз іс-қимыл жасап билеген бейнежазба тарады. Instagram әлеуметтік желісіне жарияланған видеодағы арсыз би жарыс Ақтау қаласындағы өткен кештердің бірінде болған деседі.
Кейінгі кезде қазақ тойларында да, корпортаивтік кештерде де осындай қарауға көзің ұялатын би билеу әдетке айалып кеткендей. Төмендегі видеода қыздарды өңгеріп алып билеген жігіттер мен оларға екі аяғын екі жаққа жіберіп асылып алған қыздардың біреуі де өз іс-әрекеттеріне еш қымсынбайды да. Қайта «тамаша өнер» көрсетіп жатқандарына мәз. Instagram желісіндегі «Есьже, я приезжий!» парақшасына бұл видеоны кім не мақсатта салғаны белгісіз. Дәл қазір видеоны көрушілердің саны минут санап өсуде.