"Қазақ журналистеріне қарызбыз" дейтін екеу

"Қазақ журналистеріне қарызбыз" дейтін екеу

Екеуі де ол кезде әкім еді. Бірі батыс облыстардың бірін "балшықтан" аршып жатса, екіншісі оңтүстіктегі Шымкенттің шырайын келтіруге күш салып жатқан болатын. Алдымен оңтүстікке жолым түсті. Топ журналист әкімнің жолын торып, екі күн күткеніміз есімде. Облысты Елбасы аралап жүргенін естіген соң Сапарбаевтың бізді ойлауға мұршасы да жоқ екенін түсіндік. Үшінші күні өзі іздеп келді.Ол кезде әкімнің журналистерді өзі іздеп келуі соншалықты жаңалық емес еді. Мені таң қалдырғаны Бердібек ағамыздың амандықтан соң айтқан сөзі болды.
– Мен қазақ журналистеріне қарыздармын,-деді ол,-Экономика министрлігінде қарапайым қызметкер болып жүргенімде бір күні "Хабар" журналистеріне қазақша сұхбат беретін адам табылмай, басшылар амалсыз мені ұсыныпты. Экономиканы қазақша сөйлету оңай емес қой. Шама шарқынша сөйлеп бердім. Сол күні-ақ мемлекет басшысының көзіне түскен болуым керек. Көп ұзамай қызметім де өрлей берді...
...Атырау сапарында да дәл солай. Алғашқы күні әкімді мазаламай-ақ, түсірілімді ертеңге жоспарлап жатқанбыз. Түнде Имекеңнің өзі іздеп келіп тұр. Риясыз әңгіме таңға дейін созылды-ау деймін сол күні. Сұхбат та жазылды. Ертесі қаланы да жақсылап түсіріп алдық. Атыраудың ажары ашылып, көз тоймастай болып тұрған кез. Тасмағанбетовтің қаланың бүкіл үйлерін бояп шыққанын "бояушы, бояушы дегенге..." деп әлгі мақалға келтіргісі келгендерге Табылды Досымовтың "Сақалын емес- шаһарын бояп жатыр ғой" деп уәж айтатын кезі ғой. Кетерімізде Имекең:
– Тым мақтап жібермеңдер! Мен Атырауда әлі де біраз жұмыс істеуім керек!-деп әзіл-шыны аралас айтып қалды. Көп ұзамай Тасмағанбетовтің қызметі көтерілді. Алматыда Атырау облысының көрмесін түсіріп жатыр едік, экспонаттарды аралап жүрген Имекеңді көзіміз шалып қалды. Ол да бізді байқаған болуы керек, көпшіліктің ортасынан суырылып келіп құшақтай амандасты.
– Мен сендерге айтып едім ғой, тым мақтай бермеңдер...Енді міне Астанаға қайта келдік, - деп күлді. -Әзіл ғой. Ал, шындығында қазақ журналистеріне қарызбын. Еңбегімді ең алғаш жалпақ жұртқа жариялаған да солар!
...Екеуінің де содан кейін алдына барып көрмептім. Сырттай бақылаймын. "Тфә, тфә" "деймін кейде. Тіл көзден, тағы бірдеңелерден аман болсын! Екеуі де аттан түспей келеді. Түспесе екен!

 

Арман Сқабылұлы,
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста