Қазақ журналистикасындағы кейбір жекелеген адамдардың бойында кездесетін қылықтар

Қазақ журналистикасындағы кейбір жекелеген адамдардың бойында кездесетін қылықтар

1. Редакцияның көзқарасы бойынша мақала жазып шығып, өзін абсолютті шындықты айттым деп ойлайды!
2. Жазған мақаласы өзінің негізгі міндеті екенін толық ұғынбай елден құрмет, өзіне қаратылған мадақ сөз күтеді!
3. Ақпарат жазу журналистиканың жеңіл-желпі жұмысы деп қарап, арзан пафостардан құралған бір беттік шимайын "ертеңгі күні нағыз оқылатын мақалалар" деген пайымға тоқтайды.
4. Ақпараттық жанр басқа жанрлармен (сұхбат, эссе, зерттеу) салыстырғанда, жеңілтек, аттың жалында, түйенің қомында жүріп жаза салатын ең оңай жұмыс деп қабылдайды және соған өзін Құдайдай сендіреді. Әйтсе де сауатты ақпарат таратудың өзі қаншалықты ауыр жұмыс екенін түсінбейді.
5. Бір-екі арзан, тойдың айналасында, отырыс-жиындарда ән айтып, 2-3 клипімен танымалдылығы арта түскен әншілермен сұхбат жасап (Аша Матайға да бір сұрақ, Асанәліге де бір сұрақ), газет-журналдарға шығарып, сосын өзін мәдениет саласын жазып жүрген санаулы журналистердің қатарына қосып қояды.
6. "Қандай тақырыпқа бейімсің?" деп сұраса, міндетті түрде "спорт, мәдениет, руханият" саласында жаза алатынын айтады. Бірақ спорт деп жүргені "Месси мен Роналду қайсысы мықты?", "Стивен Джеррард ұлттық құрамамен қош айтысты!" деген сыңайдағы интернетте өріп жүрген ақпаратты тонын айналдырып, тігісін жатқызып қазақша беруі ғана!
7. Нағыз ақпаратқа дереккөз қажетін біле тұра көрсетпейді, өйткені мақаласында көрсеткен статистика мен мәліметті өз жанынан шығарғандай мақтан көріп жазады!
8. Журналистиканы кәсіп дегеннен гөрі шығармашылық орта деп қабылдайды және өзін әдебиеттің айналасында, Жазушылар одағында жүргендей сезінеді!
9. Өзі әлі "артына қалбыр байлай алмай жүріп", ТВ журналистеріне қарағанда, газет-журналда істейтіндер мықты болады деген салыстыруға келмейтін түсінікті ұрандатып жүреді!

Жандос Байділда,
журналист, блогер (Facebook-тегі жазбасы)
(Жалғасы бар)

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста