«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ЕУРОПА КИНОНАРЫҒЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ЕУРОПА КИНОНАРЫҒЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

Германияда Берлинале халықаралық кинофестиваль аясында Еуропа кинонарығы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл – Еуроодақтағы кино саласының өкілдері мен жалға берушілер бас қосатын ірі алаң.

Компаниялар туындыларын ұсынып, сала мәселелерін талқылайды. Биыл оған Шәкен Айманов атындағы киноиндустрия қатысып жатыр. Олар Берлинде жаңа серіктестер тауып, отандық киноны ілгерілетуге ниетті. Отандық мамандар Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы», Болат Қалымбетовтың «Мұқағали», Дәрежан Өмірбаевтың «Ақыны» секілді картиналарды апарған. Жалпы, Қазақфильм қоржынында 800 кинотуынды бар.

Лаура Сабанбаева, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ дистрибуция бөлімінің басшысы: - Қазақфильм үшін Еуропаның кинонарығына қатысу стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Шығармашылық алаң Қазақфильмге өзінің контентін ұсынып, ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Біз Еуроодақ елдерімен кездесулер өткізіп жатырмыз. Латын Америкасымен байланыс орнатсақ деген ниетіміз бар.

Айжан Қасымбекова, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ халықаралық бөлімінің менеджері: - Біз ірі кинофестивальдерге ғана емес, режиссерлерге өз туындыларын көрсетуге мүмкіндік беретін өзге де шараларға қатысуға дайынбыз. Мысалы, Коттбус фестиваліндегі басқосулар өте нәтижелі болды. Бұл – Берлиналеден кейінгі танымал фестиваль. Биыл олар Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр. Біз өз кезегінде мұндай шығармашылық тәжірибеге дайынбыз.

«Хабар 24»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста