"Қазаққа жат ". Айнұр Жүгінісова тойында торт алып шықпай, орнына ерекше дәстүр жасады

"Қазаққа жат ". Айнұр Жүгінісова тойында торт алып шықпай, орнына ерекше дәстүр жасады

Биыл наурызда ағайынды Жүгінісовтер отбасында той болды. Мұхаммедәли Жүгінісов үйленді. Тойда ерекше салт жасалды: жаңа түскен келін ортада бауырсақ пісірді. Актриса Айнұр Жүгінісова баласының тойында бүгінде дәстүрге айналған торт кесу салтанаты неге болмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Айнұр Жүгінісова Instagram-да той видеосынан үзінді жариялады. Онда жаңа келін Медина ағайын-туыстың ортасында бауырсақ жасап, алдымен ата-енесіне дәм татқызады. Жолдасына да берді. Кейін әулеттің үлкендеріне бауырсағын ұсынады.

 

 

Айнұр Жүгінісова осы жазбасында Мұхаммедәлидің тойында неге торт емес, бауырсақ алып шыққандарын түсіндірді.

 

"Нан - ас атасы, қазағымыздың ұлттық тағамдарының көшбасшысы. Қазір дәмді торт алып шығып, оның отын сөндіріп, көпшілік алдында кесіп, үлкендерге береді. Ол қазаққа жат нәрсе. Сонымен қатар, отты сөндіру расында қазақта "шаңырағыңның оты сөнбесін" деген ырымға қайшы келеді. Дәстүрді дәріптеп жүрген адам ретінде торт шырағын сөндіру, кесу деген заттар маған ерсі көрініп, мені қынжылтатын", - дейді ол.

 

Осылайша, Мұхаммедәлидің үйлену тойында көптің алдына қазан-ошақ алып шығып, майдың иісін шығарып, үйдің үлкендеріне және жолдасына бауырсақ ұсынылған.

 

"Біршама толғаныста жүріп, келіп тоқтаған ерекшелігіміз осындай болды. Оның мәні - құрып жатқан шаңырақта дастарқан майлы әрі жайлы, қонақ үзілмесін, тату өмір сүрсін деген ниетпен болды. Қазағымыздың ұлттық бас тағамын алып, сол кесілетін торттың орнына тойдағы басты ерекшелік ретінде қалыптастырғымыз келеді", - дейді Айнұр Жүгінісова.

 

Ол өзіміздің ұлттық құндылығымызды күнделікті үрдіске айналдырып, дәстүрімізді жаңғыртуға бірге атсалысуға шақырды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста