"Қазақша тонау" фильмінің саундтрегін Ғалымжан Молданазар орындайды

"Қазақша тонау" фильмінің саундтрегін Ғалымжан Молданазар орындайды

Биыл 6 қарашада прокатқа шығатын "Қазақша тонау" фильмінің саундтрегін Ғалымжан Молданазар орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кинода оның "Берік бол" деп аталатын композициясы және Wazabi тобының орындауындағы әндер шырқалады.

Картинаның түсірілімі Алматыда 2013 жылдың күзінде басталған болатын. "Қазақша тонау" фильмінің сюжеті бойынша, бас кейіпкер банктердің бірінде жұмыс істейтін "кеңсе планктонының" классикалық өкілі. Ол бұдан да үлкен жетістікке жетуді армандайды, осындай арманының жетегінде жүріп ол бір күні достарымен бірге банк тонады деп айыпталып, жемқор полицейлердің қолына түседі.

"Қазақша тонау" картинасында Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев секілді тәжірибелі актерлермен қоса Жандос Айбасов, Аружан Жазылбекова сынды жас актерлер де ойнайды. Кино өндірісімен Moviq тәуелсіз кинокомпаниясының негізін қалаушы кинематографистер Андрей Распутин мен Кирилл Рощин айналысты. Қоюшы-суретшісі Ресейдің көптеген жобаларын жасауға атсалысқан, Тимур Бекмамбетовпен бірге жұмыс істеген – Мұхтар Мырзакеев.

"Қазақша тонау" картинасы продюсерлерінің бірі Болат Өтемұратовтың ұлы Алидар Өтемұратов. Ол кинематографияға жаңадан келді. Осы түсірілім үшін Алидар Green apple инвестициялық компаниясындағы қызметін де уақытша қоя тұрды. "Бұл біздің кино саласындағы – алғашқы жобамыз. Осы жоба арқылы біз өзімізді танытып, киноөндірісінде ұзақ уақыт жұмыс істегіміз келеді. Бұл кино мен үшін бизнес-жобаға айналды, шығармашылық топпен жұмыс істеуден мен өте керемет ләззат алдым", - дейді Өтемұратов.

Біз осы фильмді жасаушылар ретінде өзімізге өте жоғары талап қойдық. Сондықтан біз үшін кадрдан тыс команданың жұмысы маңыздырақ. Өйткені нәтиже осы кісілердің жұмысына байланысты болмақ. Біздің "ең үздіктерді" тарту стратегиямыз жақсы жүзеге асты. Түсіру барысында біздің фильміміздің бюджеті 10 миллион доллар екен деген сыбыс шықты. Алайда фильмді түсіруге және жарнамаға 2 миллион доллар ғана жұмсадық", - дейді "Қазақша тонаус" фильмінің продюсері Андрей Распутин.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста