"Қазақстан Дауысы" жобасының жеңімпазы анықталды - видео

"Қазақстан Дауысы" жобасының жеңімпазы анықталды - видео

Маңғыстау облысынан келген Бауыржан Ретбаев "Қазақстан Дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның тәлімгері Алмас Кішкенбаев болды. 
"Жобаның гранд-финалында басты сыйлық - бес миллион теңге мен дыбыс жазушы компаниямен жасалатын келісімшарт үшін төрт сайыскер бақ сынады. Олардың өнер көрсетуінен соң SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша бір-бір сайыскер шығып қалып отырды. 
Жобадан алғаш болып Мақсат Мақұлбеков шығып кетті, оның тәлімгері - Медеу Арынбаев. Гранд-финалда ол опера әншісі Сүндет Байғожинмен бірге ән салды. Екінші болып Мәдина Сәдуақасованың шәкірті Индира Еділбаева шығып қалды. Ол финалда халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге өнер көрсетті. Бауыржан Ретбаевтың басты қарсыласы түркістандық Данияр Исмаилов болды, оған екінші орын бұйырды. 
Әлемге әйгілі The Voice теледуманының қазақстандық баламасы 2013 жылдың жазында басталды. Мұнда қатысушылардың дауысына ғана мән беріледі. Алғашқы іріктеу кезеңінде тәлімгерлер үміткерлерді теріс қарап отырып тыңдап, таңдайды. "Қазақстан Дауысы" жобасыныңалғашқы маусымының жеңімпазы қостанайлық Шахаризат Сейдахмет болды.

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста