«Қазақстан» телеарнасы «Келін» хикаясының көрсетілімін аяқтайды
«Қазақстан» телеарнасы 2017 жылғы 24 ақпан күні қазақстандықтардың көңілінен шыққан «Келін» хикаясының көрсетілімін аяқтайды. Кішкентай Анандидің өмірінен сыр шерткен хикая бес жылдың ішінде біздің көрермендеріміздің назарынан тыс қалған жоқ. Телекөрермендер жергілікті салт пен дәстүрге сәйкес тұрмысқа ерте шыққан және бөтен отбасыға келін болған кішкентай қыздың тағдырына бейжай қарай алмады. Өзінің еңбекқорлығының, төзімділігінің және үлкендерге деген құрметінің арқасында Ананди қайын жұртына тез сіңіп кетеді. Бұл қасиеттерінің арқасында қазақ көрермендерінің де көңілінен шығады.
«Келін» телехикаясы соңғы бес жылдың ішінде рейтингі жоғары теленовеллалардың қатарында болды. Осы жылдардың ішінде хикаяда бас рөлдерді сомдаған актерлар да бірнеше рет ауысты. Бала кездегі және бойжеткен Анандидің ролін үш актриса: Авика Гор, Пратюша Банерджи және Торад Распутра сомдады.
2014 жылы Астанаға Авика Гор, ал 2015 жылы Анандидің жұбайының рөлін сомдаған Сиддхартх Шукла (Шива) келген болатын. Әрбір кездесуге мыңдаған жанкүйерлер қатысты.
«Қазақстан» телеарнасы «Келін» хикаясының көрсетілімін аяқтай отырып, көрермендеріне бұдан да қызықты телехикаялардың көрсетілімін ұсынатын болады.