Қазақстанда концерттерде боғауыз сөз айтуға тыйым салынып, фонограмма қолданатынын ескерту міндеттелді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әншілер фонограмма пайдаланса, концерт көрермендеріне ескертуді міндеттейтін мәдениет мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, президент "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
 "Мәдениет туралы" заң нормалармен толықтырылды, оған сәйкес ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар міндетті:
5) республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, зорлық-зомбылықты, порнографияны, зиянды әдеттерді насихаттауға немесе үгіттеуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль және имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға;
6) іс-шара өткізілгенге дейін және оны өткізу кезінде көрермендермен қарым-қатынас кезінде әртістердің тиісті мінез-құлқын, оның ішінде әдепсіз сөздермен (дөрекі жаргон сөздер, нормативтік емес лексика), ант берумен, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды қолданумен, әдепсіз мінез-құлық көрсетпеуге міндетті
7) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындаушылардың фонограммаларды пайдалануы туралы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрерменді хабардар етуге міндетті.
Заң жобасын Мәжілісте таныстыру барысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстанда концерттік-ойын-сауық іс-шараларын өткізу барысында туындайтын бірқатар проблемалар бар екенін атап өтті.
"Әншілердің жөнсіз мінез-құлық танытқан бірқатар жағдайлар орын алды. Соның ішінде: көрермендерді қорлау, сахнада мас күйде көріну, жоспарланған концерттерді бұзу,  репертуарында әдепсіз сөздер қолдану, көрерменді хабардар етпестен фонограмманы пайдалану бар", - деді Райымқұлова 16 қыркүйекте мәжіліс отырысында.
Stan.kz