«Қазақстандағы кейбір ғалымдар моңғол ғалымдарының еңбектерін қазақшаға аударып, өз аттарынан жариялап жүр»

«Қазақстандағы кейбір ғалымдар моңғол ғалымдарының еңбектерін қазақшаға аударып, өз аттарынан жариялап жүр»

Соңғы жылдары алыс-жақын шет елдердің мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты мәліметтер жинақталып, ғылыми айналымға көптеп түсе бастады. Сондай-ақ қазақтар тығыз орналасқан кейбір елдерге түрлі экспедициялар ұйымдастырылып, ел аузында сақталып қалған халқымыздың рухани мұрасы жинақталып жатыр. Біз осыған орай Моңғолиядағы Биқұмар Кәмалашұлы атындағы Түркітану зерттеу орталығының төрағасы, Моңғолия ғылым академиясының Баян-Өлгий аймағындағы бөлімшесінің Қоғамдық экономикалық зерттеу орталығының тіл, тарих бөлімінің меңгерушісі Өмірбек Биқұмарұлын әңгімеге тартқан едік.

- Қазақстандық бірқатар мерзімді басылымдарда өткен жылы Моңғолиядан домбыраның көне замандардан сақталып қалған көне үлгісі табылғаны туралы материалдар жарық көрді. Бұл мәселенің жай-жапсарын ашып беріңізші?
- Оны менің жетекшім Төреболат деген профессор тапты. Бұл 2013 жылы Моңғолиядағы ең үлкен сенсация болды. Табиғаттың баласы болғандықтан ертеде қайтыс болған адамдарды табиғаттың қуыс үңгіріне жрлейтін салт болған. Қобда аймағындағы таудағы жартастың арасына түркі дәуіріндегі жерлеу салты бойы жерленген адамның бас сүйегі маңайына өзімен бірге адырнасы қойылған екен. Бұл мүмкін бақсы не сол кездегі сазгер, әнші күйші адам болуы да мүмкін. Өйткені түркі тарихында жұмаққа деген сенім болатындықтан қайтыс болған адаммен бірге оның шынайы өмірдегі дүниесін о дүниеге ала кету үшін бірге жерлейтін дәстүр бар.
- Бұл аспап қай дәуірге жатады?
- Бұл VII ғасырдағы таза көк түріктер дәуірінікі екенін моңғол ғалымдары айқындады. Алайда Қазақстанға оны насихаттаған кезде өзімізден барған кейбір ғалымдар артық-ауыс сөздер жазды. Өз пікірлерін қосып мәселелер көтерді. Бірақ бұл моңғол ғалымдарының зерттеуіне сүйенетін болсақ адырна. Өзіңіз айтқандай оны моңғолдар не үшін өзіміздікі деп айтты дегенге келетін болсақ олар оны жетігенге ұқсатты. Қайта қалпына келтіру арқылы 2013 жылы мемлекеттік қорға алып, музейге өткізіп, музыкалық аспапқа үлкен бір кеш өткізді. Біздің көруімізде бұл таза адырна. Өйткені шанағына дейін адырнасы тартылған қайқыбас. Өңдеген кезде сабын мүйізі бар тауешкі ретінде жасап шығарды. Олар оны өздерінің тілінде яты, яғни жетігеннің бір түрі деп өздерінің музыкалық аспабына енгізді.
- Моңғолиядағы қазақ тарихына қатысты табылған деректердің ғылыми айналымға түсуін қалай бағалайсыз?
- Совет үкіметі кезінде Моңғолиядағы моңғол тарихында түрік тарихы өте кеміс зерттелген. 1975 жылы моңғол тілінде «Түркі тарихы» деген кітап шықты. Одан кейін 1990 жылдардан бастап Моңғолия мемлекеті демократиялық қоғамға ауғаннан бастап онда ғылымның әртүрлі салаларымен жеке айналысатын ғалымдар қалыптаса бастады. Соның ішінде түркологиямен айналысатын біраз ғалымдарымыз болған еді. Олар қазір Қазақстанға көшіп кетті. Қазіргі жағдайда енді өз басым түркологиямен айналысып жүрмін. Түркі әлемі тарихының моңғол мемлекетімен тікелей байланысы бар. Сонау сақ дәуірінен, ғұндар мен кейінгі көк түріктер дәуірінен Күлтегін, Білге, Тоныкөк тарихы сондай-ақ, ХІІ ғасырдағы қазақтың іргелі тайпалары керей, найман, меркіт, ұңғыт, татар, арғын тайпалары осы моңғол жерінде және оның сыртында өмір сүрген. Кейінгі зерттеулерде біз моңғол дәуірінен бұрынғы уақтағы түрік дәуіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді негізінде реттеп, аяқтадық. Моңғол мемлекетінде негізінде 800-ге тарта кісі тас ескерткіштер бар. Қазақстанда басқа ғалымдарымыз оны тас түсін деп айтады. Түрік дәуірінің тастағы таңба суреттері, яғни петроглифтерде құспен аң аулаушылық, малшылық, құсшылық, тотемдік аңға, құсқа сену сияқты көптеген дүниелерді қашаған. Соның сыртында түрік дәуірінде көбінесе тасқа, сынтастарға ру-тайпалардың таңбалары қашап салынған. Мұнда кейбір қазақтың ру-тайпалары кейін қолданған таңбалар бар. Мәселен ашамай, қастаңба деп айтылатын қосу таңба сондай-ақ арғындардың көз таңбасы, мұны моңғолдар онкун (күн таңба) деп айтады. Бұған қараған кезде көне түркі тарихындағы тарихи-мәдени ескерткіштер күні бүгінге дейін моңғол жерінде сақтаулы. Ал енді зерттеуге келетін болсақ қазір жеке тараптан ғалымдар айналысып жүргендікен бұны ары қарай дамыту, Қазақстан ғалымдарымен бірлесіп зерттеу, моңғол тілінде жазылған кейбір еңбектерді қазақша аудару мәселесі туындап отыр. Себебі 1990-жылдардан кейін Моңғолияның батыс өлкесіндегі түркі тайпаларының негізгі шоғыры болған Алтай тауында моңғол ғалымдары көптеген қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл археологиялық қазба жұмыстарды сақтардың кейінгі түріктердің жерлеу салтында тәңіршілдіктің көптеген белгілері көрініп жатыр. Олар моңғол тіліндегі баяндамаларда жазылғаны болмаса қазақтың тіліне аударылған жоқ. Сондықтан моңғол тілін де, қазақ тілін де жетік білетін Моңғолия қазақтарынан шыққан тарихшылармен бірлесіп жұмыс істеу, не болмаса Қазақстаннан моңғолша оқытатын тарихшыларды дайындау, сондай-ақ моңғолдың кейбір тарихшыларын Қазақстанда оқыту сияқты еларалық тарихтың үзігін жалғау басты мәселе болып отыр.
- Қазақстаннан Моңғолияға әртүрлі ғылыми экспедициялар соңғы жылдары көптеп келе бастады. Олардың жұмысы сіздің ойыңызша жүйеленген бе, әлде бұрынғы зерттелгендерді қайталап ашып жатыр ма?
- Моңғолия мен Қазақстан арасында ғылым-білім саласында нақты келісімшарт жоқ. Халықаралық түрік академиясының кісілері келіп келісімшарттар жасасты. Менің ойымша нақты жүйелі ғылым жұмыстар жүріп жатқан жоқ. Өйткені моңғол тарихын шет жағалап білетін Қазақстанның түрколог ғалымдар мұнда нақты кеп жатқан жоқ. Көбіне өзімізден барған ғалымдар келеді де мұндағыларға өз мақсатын жақсы түсіндіре алмайды, не бәрін өзі тапқан болады, немесе оған өзгені келтіргісі келмейтін сияқты көрінгендіктен моңғол ғалымдарының кейбіреуі бұған ренішті. Моңғол ғылым академиясының бөлімшесі ретінде біз ол кісілермен әңгімелескенде олар Қазақстанның ғалымдарымен тікелей жұмыс істесек, арадағы адамдарға біздің сеніміміз кетіп қалды дегенді айтты. Өйткені мұнда кеп жүргендер моңғол ғалымдарының тапқандарын қазақша аударып, көбі өзіміз таптық деп баспа беттеріне жариялап жіберген. Моңғолиядан кеткен қазақ ғалымдарының кейбіреулері моңғолдың атақты ғалымдарының ашқан жаңалықтарын өзіміз аштық деп теріс мәлімет бергендіктен оны моңғол ғалымдары естіп, реніш білдірген. Оны ретке келтіру үшін ақырындап Зейнолла Самашев бастаған Қазақстанның мықты археологтарын тарту мәселесіне біз жұмыстап жатырмыз. Тарихтың көне жібін жалғау мәселесінде. Әрине екі елдің тарихы бір-біріне байланысты. Қазақ тарихының көне тарихы осында. Моғол тарихының орта ғасырдағы Шыңғыс хан тарихы Қазақстанда жатыр. Бұл әлі толық зерттелмеген, ашылмаған сыр.
- Қазақстандық ғалымдардың Моңғолиядан ежелгі сақ жазуын тапқанын естіген едік. Бұл туралы не айтасыз?
- Бітік жазу, руникамен айналысатын моңғолда мықты Баттула деген азамат бар. Соның сыртында өзіміздің Қазақстанға кеткен біраз кісілеріміз бар. Алайда бұл сақ дәуірінің жазуы деуге келмейді. Түрік дәуіріндегі альфавитік жүйе қалыптасқанға дейін біраз уақыт алғаны түсінікті. Десе де моңғол жерінен табылған жазулардың көбі түрік дәуіріндегі нақты жүйеге келген кездегі жазылған. Сақ қорғандарын қазып, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде одан жазбаға қатысты ешбір мәлімет шыққан жоқ. Моңғол ғалымдары тарапынан археологиялық қазба жұмыстарында саққа қатысты бір екі сызба жазу не руникалық белгілер кездсетін болса онда оны ғылыми тұрғыда дәлелдеуге болады. Ал енді атүсті сақтікі, ғұндыкы екен деуге болмайды. Сіз айтқан ғалым Алтай тауынан табылған жазуды «Түркістан» газетінде өзім таптым деп мақала жариялады. Алайда оны алғаш 1995 жылы моңғолдың атақты ғалымы, Археология институтының директоры Себен Дор тапқан болатын. Ол сақ дәуірінікі емес түрік дәуірінікі екендігі тастағы таңбалармен, басқа да археологиялық ескерткіштер арқылы дәлелденді. Сондықтан сақтарда жазу болды деп айтуға әлі ерте. Қазба жұмыстары кезінде болашақты деректі материалдар табылған жағдайда ғана оны ғылымға енгізуге болады.
- Моңғолиядағы қазақ тарихына қатысты деректер жинақ болып шықты ма?
- Тарихшыларымыз болғанмен, жүйелі тарих әлі жазылған жоқ, себебі Моңғолия қазақтарының тарих, этнографияен айналысып жүрген ғалымдары шамалы. Біразы Қазақстанға кетті де, тарих үзіліп зерттеушілердің соңғы легі қалмады. Қазір енді қызықтаушы тарихшылар бар. Олардың қазақ тарихын қатысты Потаниннің деректеріне сүйене отырып жазған «Моңғолия қазақтарының тарихы» деген 5-6 кітап бар. Ал нақты жүйелі ғылыми түрде сілтемелерін бере отырып жазған тарихи кітап әзірге шыққан жоқ. Ежелгі дәуірден бүгінгі дәуірге дейінгі Моңғолия қазақтарының тарихына қатысты еңбек жоқ деуге болады. Қазақстан тарихының көне тарихы Моңғол жерінен басталады. Бұл да үзік сыр болып жатыр. Сондықтан да моңғол ғалымдары да біз де көне тарихтан материалдарды жинап, реттеп жатырмыз. Келешекте бұл кітаптар дайын болатыны сөзсіз.
- Онда әлі ашылмаған құпия матриалдар бар ма?
- Моңғол ғалымдары тарих сабақтас болғандықтан крилициамен жазған кітаптарында қазақ тарихын үнемі бақылап жазып отырған. «Моңғолдың қысқаша тарихы» деген кітап бар 1939 шыққан. Авторы - Ананди Әмір. Мен оны қазақшаға аударып қойдым. Ол кісі «Моңғол тарихын зерттеу үшін түрік тарихына мән беруіміз керек» деп айтады. «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын шежіресі», «Ерден Топшы», «Юан тарихы» және басқа да тарихи деректерде қазаққа қатысты кейбір мәліметтер бар. Олардың әлі сыры ашылған жоқ. Оны отырып асықпай қазақша қағаз бетіне түсіретін ғалымдарымыз аз болғандықтан бұл көмескі жатыр. Бергі жаңа тарихқа келетін болсақ ХХ ғасырдың басында Шығыс Қазақстан облысынан Моңғол мемлекетіне келіп, ағарту саласында жұмыстаған Абай Қасымов, Шәріп Өтепов, Тілеуберді Қордабаев деген сияқты көптеген адамдар болған. Оның сыртында қазақтың абыздарының бірі Міржақып Дулатовқа қатысты аңыз-әңгімелер де бар. Шығыс Қазақстан облысындағы қазақтардан Моңғолдың батыс өлкесін азат етуге 200-ге тарта әскери адамдар келіп, жұмыстағаны архивтерде сақтаулы. Моңғолдың кейбір тарихына қатысты кітаптарында, қазба деректерінде бұлар белгілеген. Алайда оны жеке-жеке зерттеуге дайындалған азаматтар аз.
- Моңғолия жеріндегі қазақтардың тарихын кейбіреулер 150 жылмен шектеп жүр. Бұған не айтасыз?
- Бұл енді қызықтаушы тарихшылардың жазатын әңгімесі. Қазақ тарихы адамзат тарихымен осы Алтай тауынан басталады. Ең бері дегенде оны сақ дәуірінен бастап жазуға тұра келеді. Себебі сақтардың қалдырған ескерткіштері тастағы сызба суреттерде олардың бик шошақ тұмақ, ұзын етек шапан киіп, қолына құс қондырған бейнесі, ал VII-VIII ғасырлардағы көк түріктердің мүсіндеріндегі, кісі тастардағы белбеу, оқшантай, тұмағымен семсерін және кеуде тұсына мүйізден жасалған әртүрлі тостағандарын ұстап отырған бейнелері мен шашты өру, кежеге қою салты моңғол жерінде күні бүгінге дейін сақтаулы. Моңғолия жерінде түрік тайпалары сақ дәуірінде осы Алтайда мекендеген. Оны үзік тарих деуге келмейді.
- Моңғолияға келген кейбір зерттеушілер қазақтың әдебиеті, этнографиясына қатысты жаңа материалдар таптық дейді?
- Менің әкем Биқұмар Кәмалашұлы Моңғолия қазақтарынан шыққан этнограф ғалым. Бұл кісінің еңбегінде қазақ халқының салт дәстүріне қатысты көптеген тарихи, мәдени материлдар көп. Соның ішінде 132 ұлттық ойын, 40-тай музыкалық аспап бар. 1960-жылдан бері моңғол үкіметінің саясаты бойынша қазақ, моңғол тілдерінде Баян-Өлгий аймағындағы қазақтардың өнері, мәдениеті туралы кітаптар жарық көріп келген. Алайда оны Қазақстанға барып өз атынан шығарып жүрген авторлар да бар екен. Өзімізден барған кейбір адамдар арасында да Моңғолия алыста жатыр ғой деп өзі тапқан қып шығарып жіберетіндер аз емес көрінеді. Бізде 1960-1970 жылдары Қазақстаннан келетін кітаптар, журналдар газеттер көп болған. Соңғы кезде шекара мәселесіне сай кітаптарды көп асырмайды. Сол себепті кейбір ғалымдармыздың еңбектері ғылыми орталықтарға, кітапханаларға түспей жатыр.
- Әңгімеңізге рахмет. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста