Қазақстандық әншілер тойда өнер көрсеткенінің ақысы ретінде қойларды да қабылдайды

Қазақстандық әншілер тойда өнер көрсеткенінің ақысы ретінде қойларды да қабылдайды

Қазақ әншілері тойларда өнер көрсеткені үшін қомақты қаржы алатыны жасырын емес. Ал кейде той иелерінің әртістерге төлеуге ақшасы жетпей қалатын кездері болады. Мұндай жағдайда өнерпаздармен қорадағы малмен есеп айырысып жатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" сайтына сілтеп.

Осындай қызық оқиғалардың бірімен әнші және сазгер Жан Ахмадиев бөлісті. Оның айтуынша, той ұйымдастырушылардың мейрамханаға ақшасы жетпегендіктен, олар әртіспен қоймен есептескен.

"Бір аптадан кейін үйіме үш басты малды алып келіп берді. Мен де оларға түсіністікпен қарадым. Барлығымыз адамбыз ғой. Өмірде әртүрлі жағдайлар орын алып тұрады", – дейді әнші.

"Шамшырақ" тобының жігіттері дәл осындай жағдайға тап болған.

"Осыдан 4 жыл бұрын бізге ақшаның орнына мал берді. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Қазақтар әрқашан тойды шашылып өткізетін, сондықтан біз де төрт бас малды еш қиындықсыз қабылдадық", – дейді топ мүшелерінің бірі.

Жігіттер мойындағандай, бұл оқиға Алматы облысының Кеген ауданында болған.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста