Қазақстандық министрлердің әйелдері (фото)

Қазақстандық министрлердің әйелдері (фото)

Министрлеріміздің көңіл-күйіне тікелей әсер ететін өмірлік жарлары кім деген сауалға сайты жауап берді.

Премьер-министрдің әйелі – Дилярам Азатқызы Мәсімова (тұрмысқа шықпай тұрғанда Машурова)

Дилярам Мәсімова — Алматы облысы Ұйғыр ауданын ұзақ жылдар басқарып келген танымал мемлекеттік қайраткер Азат Машуровтың қызы. Премъер-министр Кәрім Мәсімовпен ортақ 3 балалары бар. Ресми емес мәліметтерден қызы Тамила Сингапурда білім алып, анасымен бірге тұрып жатқаны белгілі.

Ішкі істер министрінің әйелі — Дина Әбікенқызы Қасымова.

касымов1

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов

Дина Қасымова – еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың әйелі. Ханым құрылыс материалдарын өндіретін «Месторождение «Кызылсок» ЖШС-ін иелік етеді деген сыбыс бар. Қазақстанның ЖҚҚМИ көлік нөмірлері базасында Қасымованың атына 1989 жылғы Mazda 626 көлігі тіркелген.

мазда1

Mazda 626

Сыртқы істер министрінің әйелі – Ыдырысова Нұрила Анарбекқызы

ыдырысов

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Фото: azattyq.org

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әйелі Ыдырысова Нұрилә Анарбекқызы да қарапайым көліктің иесі. Оның атына 1995 жылғы Ford Taurus тіркелген. Бұдан өзге Нұриләның логопед екені белгілі. Логопед — сөйлеуде кемістігі бар балаларды түзетуге көмектесетін маман. Кәсіпкерлік әлемінде ханым байқалған емес.

форд1

Ford Taurus

Мәдениет және спорт министрінің әйелі –Ысқақова Ғалия Нығметқызы

мухамеди1

Арыстанбек Мұхамедиұлы әйелімен. Фото: zonakz.net

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ысқақова Ғалия Нығметқызы — өнертанушы мамандығының иесі. Ханым 2010 жылы «Нұрғиса Тілендиевтің ән шығармашылығындағы ұлттық бастаулар» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап шыққан. 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы.

Қорғаныс министрінің әйелі – Бекқұлова Клара.

асель1

Иманғали Тасмағамбетовтың қызы Әсел Тасмағамбетова (сол жақта). Фото: buro247.ru

Қорғаныс минстрі Иманғали Тасмағамбетовтың әйелі Клара Бекқұлова – жары секілді оқытушы. Ханымның иелігінде 2000 жылғы MERCEDES BENZ G 500 көлігі бар. Жұптың үлкен қызы Әсел қазақстандық олигарх Кеңес Рақышевқа тұрмысқа шықты. Әсел Telli био-бутигіне қожалық етіп, қайырымдылықпен айналысады.

мерс1

Mercedes-Benz-G500-W463-2000

Әділет министрінің әйелі – Адайбекова Лейла Мұхамбетқызы

супруги1

Фото www.buro247.kz (солдан оңға қарай): Гүлнара Досаева (Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың әйелі), Зинат Шаекина (Мәжіліс депутатының әпкесі және «Там Курылыс» ЖШС негізін қалаушы Қарағанды облысының бұрынғы әкім орынбасары Барлықжан Нүкеновтің әйелі), Лейла Адайбекова (Әділет министрі Берік Имашевтің әйелі), Гаухар Қаппарова

Әділет министрі Берік Имашевтің әйелі Лейла Мұхамбетқызы түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді (сауда, электр қуатын өндіру т.т.) иелік етеді. «Medeu Resort» қонақүйінің қожайыны. Қайырымдылықпен айналысып отырады. Жұп президент отбасының құдалары саналады. Қыздары Аида Имашева Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиевке тұрмысқа шықты.

Ұлттық экономика министрінің әйелі – Гүлнәр Досаева

досаевы1

Ерболат пен Гүлнәр Досаевтар

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың әйелі Гүлнар Досаева – күйеуінің $110 000 000-ға тең дүниесіне (Forbes, 2014) қожалық етеді. Бұдан өзге ханым — «G and G Гламур» (ірі люкс санатындағы fashion-ритейлер Қазақстанда MaxMara, Dolce&Gabbana, Fendi, Gucci, Celine, Marina Rinaldi, Sergio Rossi, Mathew Williamson, Temperley, Jitrois, Рreen, Markus Luрfer, Jenny рackham, Andrew GN, Mchael Kors, Marchesa, Emporio Armani және өзге де брендтерді таратады) компаниясының иесі. Белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады.

Ғылым және білім министрінің әйелі — Сәрінжіпова Анар Тельманқызы

сарнинж1

Аслан Сәрінжіпов. Фото: news.gazeta.kz

Ғылым және білім министрі Аслан Сәрінжіповтің әйелі  Анар Тельманқызы — 1997 жылғы TOYOTA RAV4 көлігінің иесі.

тойота1

Toyota Rav4 1997

Сонымен қатар Исекешева Ләззат Ерболқызы, Жапарова Алмагүл Ермекқызы (Асылжан Мамытбековтің әйелі), Сұлтанова Регина Фандесқызы (Бақыт Сұлтановтың әйелі) Владимир Школьниктің жас жұбайы, 8 жасар ұл тәрбиелеп отырған Жүнісбекова Ләззат Сағатовнаны атап өтуге болады.

бакыт султанов1

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әйелімен. Фото: vlast.kz

www.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста