Қазақта әнші көп, Мейрамбек – жалғыз

Қазақта әнші көп, Мейрамбек – жалғыз

….Мейрамбектей әнші ағасын туған күнімен әлеуметтік желі арқылы құттықтаған Айқын Төлепберген осылай деп жазған екен. Бүгін қазақ халқының маңдайына біткен дарынды әншісі Мейрамбек Беспаевтың туған күні. Кішкене кезінде үлкен сахнада «Бозторғайды» шырқап көпшіліктің сүйіспеншіліге бөленген әнші қандай ән орындаса да тыңдарманының жүрігене жеткізе біледі. Қазақ өнеріндегі арда азаматты алаш жұртымен бірге «Алаш айнасы» интернет-газетінің ұжымы да туған күнімен құттықтайды.

Бүгінде 38 жасқа толып отырған Мейрамбек Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. Ол Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыка мектебінің қобыз сыныбын бітірген. 1989 жылы К.Бейсейітова атындағы музыкалық мектепке ауысты. 1994-1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр академиясында білім алды. «Бозторғай», «Шашбаулым», «Сырғалым» әндерімен қалың жұртшылыққа танылған әнші Мейрамбектің бала бейнесі «Алғашқы махаббат» фильмі арқылы экранда сақталып қалды. Миллион қыздың арманы, Мархабадай арудың жан жары атанған Мейрамбек Кәусар атты қыз тәрбиелеп отыр.
Мейрамбек «МузАрт» тобының белді әншісі, термеші, домбырашы. Өнердің биік шығын бағындырса да, Мейрамбек өзінің қарапайымдылығымен тартымды. Қашанда өзінің ұстазы Алтынбек Қоразбаевты құрметтеп, дәріптеп отырады, өнердегі әріптестеріне сыйлы.
Бүгін әлеуметтік желілердің барлығында Мейрамбектің достары, әріптестері, тыңдармандары, барша қазақ жұрты өздерінің сүйікті әншісін туған күнімен құттықтауда.

Айнұр Тұрсынбаева, ақын:
– Мейрамбек екеуміз 1995 жылы таныстық...Халықтың жағдайы қиындап кеткен жылдары бір нанды бөліп жеп бірге жүрдік... Тіпті оның ата-анасы, бауырларымен бір үйде тұрдық.. Ата-анасы өз ата-анамдай болды... Көз алдымда қалыптасты, көз алдымда Мұзарт құрылды.. Көз алдымда үйленді. Қара қызымның өкіл әкесі болды... Әр түрлі жағдайлар да болды арамызда... Бірақ бәрібір дос болып қалдық.. Таласта туып, Алаштың арысына айналған досыма екі дүниенің бақытын тілеймін! Мархабатың қошқардай ұл тауып алты алаш жұрты сүйіншілетіп отырсын!!!

Сәкен Майғазиев, әнші:
– Алла тағала қазақтың бағына берген Мейрамбектей жүректi әншiнiң туған күнi құтты болсын,ағайын! Мейрам досыма екi дүниенiң бақытын тiлеймiн. Мархабат алтын асықтай ұл сыйласын.

«МузАрт» фанклубы:
– Мейрамбек мырза, осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңыздың ырыс-байлығын, амандығын барлық тыңдармандарыңыздың атынан тілейміз! Құрметтейміз, сүйіп тыңдаймыз, мақтан тұтамыз, ардақтаймыз!!! Осы күнгі айтылған әрбір ақ тілек періштелердің құлағына шалынса екен дейміз! МузАРТ-та да, жеке шығармашылығыңызда да хит әндер көп болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста