Қазақтағы «ЕКЕУ» кімдер?

Қазақтағы «ЕКЕУ» кімдер?

Тарихта қазақтың бол­мы­сын жоғалтпай, болашағына бір адамдай алаңдау­шы­лық­пен қарап, жалпыхалықтық өрлеуді ойлаған нағыз ұлт­жанды лек ХХ ғасырдың басында өтті. Олар «саусақ бірікпей, ине сілікпейді» деген қазақ мәтелін жүзеге асыруды ойлаған ел азаматтары, таң­даулылар еді. Елдің мойнына түскен қатал тағдыр мен өзек­ті мәселелерді бірігіп шешуді ойлаған әрқайсысы бір-бір министрге татитын Алаш ұл­дары ұлт мүддесін қозғаған қыруар істерді атқарып, өз­дері шығарған қазақ басы­лым­дары арқылы халыққа үндеу таратып отырды. Соның бірі – 1918 жылдың 4 ақпа­нын­да Семей қаласында жарық көрген «Абай» жур­на­лы. Бар-жоғы 12 нөмірі шыққан журналды шығарған қазақтың қос кемеңгері Жүсіп­бек пен Мұхтар «Екеу» деген атпен мақала соңына қолдарын қойып отырған. Ол екеуі не себепті «Екеу» деген атпен шықты? Екеуінің тізе қосуына не себеп?

  
1917 жылы ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде Семейде «Алаш» партиясының об­лыстық комитеті, одан біраз уақыттан соң Алашорда үкіметі құрылып, Семейдің сол жақ бөлігі, Ертіс өзенінің сол жағалауы Алаш қаласы атанғанын, оның 1927 жыл­дың күзіне дейін 10 жылға жуық осылайша ата­лып келгенін бүгінде елдің бәрі біле бермеуі мүмкін. «Алаш» партиясының ор­та­лығына айналған Семейде атқарылған келелі істің бірі – «Абай» журналының шы­ғуы. Айына екі рет араб графикасымен шық­қан журналдың тұңғыш нөмірінде жа­зылған «Журнал туралы» атты мақалада бас инициатор, «Екеудің» бірі, жазушы, қо­ғам қайраткері, қазақтың тұңғыш кәсіби жур­налисі Жүсіпбек Аймауытов бас ма­қа­лада былай деп жазады:
«Тұс-тұсынан жау қысып, мал мен бас­­қа дау түсіп, дағдарып қазақ сасқан соң орыс­қа келіп бағынды... Бұрынғы дәу­рен көз­ден бір-бір ұшты... енді пар­тия, ба­рымта, өтірік, ұрлық – не түрлі әрекет кер­ней бастады. Сөз сыбырға, іс жыбырға ай­налды. Сол кезде қалың надан, қара тұ­манды қақ жарып, тас жарып шыққан бұ­лақтай жарқ етіп Абай туды. Ақылды дана, рақымды әділ, шын­ға сусаған, қы­ңыр­ды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұ­зық­тықпен алы­сып өткен Абай еді... Өнер тап, оқы, ха­ре­кет қыл, тәрбие ал, ын­сапты, адал бол деп қақсап өткен Абай еді».
Журналдың бас редакторы Жүсіпбек Абайдың жан дүниесін қалай түсініп, қазақ­қа деген тілегін қалай дәріптесе, «Алаш» үкіметін құрған азаматтардың да идеясы сондай болған.
Ерлан САЙЛАУБАЙ, Семей мемлекеттік педагогикалық институты тарих факу­ль­те­тінің меңгерушісі, доцент:
– 1918 жылдың 28 қаңтарынан 1919 жылдың соңына дейін Алашорда үкі­метінің орталығы Семей қаласына ке­ліп, жұмыс істеді. Сол кезде Семейде «Сарыарқа» де­ген газет шығып тұрған. Ә.Бөкейханов: «Алаш идеясының түпкі негізі – Абайдың на­қыл сөздерінде (қа­ра сөздерінде) жатыр» деді. Ол кезде еуропалық  дәстүрдегі бүркеншік есім­мен материалдарды жа­рия­лау,  әсіресе, әдеби аспектіде болды. Не себепті «Екеу» деген атпен шыққаны жө­нін­де нақты жазып қалдырмаған. Бірақ сол кез­дегі материалдарға қа­рай­тын бол­сақ: 1) Екеуі Алаш же­тек­шілерінен са­лыс­­тыр­ма­лы түрде жас болды. 2) Екеуі әдеби тұр­ғы­да ниеттес, типтес болды. Екеуінің идея­лық тұрғыда ой-пікір­ле­рінің бір болуы, ұлт­тық сипаттағы көз­қа­растарының түзу бо­луы. Мысалға, Жүсіпбек қазақтың ал­ғаш­қы романы «Ақбілектің» авторы, Мұх­тар әдебиетке енді қалам тарта бастаған жас жігіт; 3) Еке­уінің бірден бадырайтып өз атта­ры­мен шығуы олардың алдарындағы   А.Бай­тұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Ду­латов сынды аға буын корифейлер тұр­ғанда, үлкенді басып өткендей болуы мүмкін. «Біз де бармыз, біз де өсіп келе жатырмыз» де­ген сипатта, аттарын бадырайтып көр­сет­пеу үшін кішіпейілдік құрметпен «Екеу» де­ген бүркеншік есім­мен шыққан; 4) Екеуінің есімі қатар тұрды. Тіпті Семейде Алашорда үкіме­тін­де қызмет еткенде, бір үйде тұрды.

Қырықбай АЛЛАБЕРГЕН, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік уни­вер­си­тетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғы­лымының докторы, профессор:
– Абай журналын шығару мәселесі ал­ғаш 1914 жылы қаралған. Мүмкіндік бол­май, тек 1918 жылы шықты. «Екеу» қа­лай болғанда да халықтық басылым шы­ғаруға күш салды. Екі дарынның ой­ларының бір жерден шығып, бір салада қыз­мет етуі қазақтың «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген ойын теріске шығарып отыр. «Өмір сүр­сек, бір тудың астына жи­на­лып өмір сү­реміз» деген барлық Алаш аза­мат­та­ры­ның «Алаш» партиясын құ­ру­дағы идеясы.

Түйін
Кеңестік тоталитарлық жүйе қазақ зиялыларының «бір тудың астына бірігу» идеясынан қорықты. Қазақтың кіл мықтылары надандықты жойып, ұлттық қазақ мектебін ашып, білім беріп, жаппай сауаттандыру арқылы «қараңғы қазақтың көгіне Күн орнататынын» сезді. Сол идеяны тамырымен жұлып, жою үшін жазық­сыз жандарға «Халық жауы» деген күйе жағып, атып тынды. Сол зұлматты жыл­дар­да қазақ сахарасы арыстарынан айырылып, зар еңіреді. «Алаш» көсемінің біре­гейі, жетекшісі Байтұрсыновтың алысты болжайтын білгіштігі «Екеудің» бірі – Мұхтар Омарханұлын ажал аузынан алып қалды. Сол кісінің ақылымен саяси көз­қарастан бас тарып, Мұхтар атамыз таза әдебиетке кетпегенде, қазақ әде­биетінің талай классикалық туындыларын тудырмас та еді... Өзі өлсе де, өлмейтін із қалдырған қайраткерлердің бір-бірін демейтін кісілігінің бүгінде қажет боп тұр­ғаны-ай...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста