Қазақтың «Ең әдемі келіншегі» өзбекше сөйледі

Қазақтың «Ең әдемі келіншегі» өзбекше сөйледі

Өткен сенбі күні Өзбек Ұлттық академиялық драмалық театрында белгілі қазақ қаламгері Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» шығармасы желісімен қойылған спектакльдің көрсетілімі болды.

Бұл туынды жиырма жылдан бері қазақ сахнасынан түскен емес.

Осы пьесаны өзінше сахналаған өзбек театрының бас режиссері Уәлихан Омаровтың айтуынша, негізінен спектакльдің премьерасы ағымдағы жылдың мамыр айында өткен. Содан бері көрермендердің қызықты қойылымға деген ықыластары күн сайын артып келеді. Жергілікті журналистерге сұхбат берген өзбек режиссері «өнер ұжымы мен актерлар өз кезектерінде бұл қойылымды ерекше құлшыныспен ойнауда. Автордың өзі келіп, біздің еңбегімізге баға берсе» депті. Уәлихан Омаровтың ендігі мақсаты «Ең әдемі келіншектің» өзбекстандық нұсқасын Алматыдағы үлкен сахнада көрсету екен. Осы орайда біз пьеса авторына хабарласып, пікірін білген едік.

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығы төралқа төрағасының орынбасары, жазушы-драматург:

– Біздің шығармаларымыз өзге елдерде сахналанып жатса, оған әрине қуанамыз. Өткен жылы өзбек ағайындар келіп «Ең әдемі келіншекті» аттай қалап алып кетіп еді. Естуімше қойылым деңгейі өте жақсы. Жақында маған Тәшкеннен хабарласып, пьесаны арнайы келіп көрсеңіз деген өтініштер айтылды. Өкінішке орай, ресми және шығармашылық жұмысымның тым қауырттығынан мен ол жаққа әзірге бара алмай отырмын. Мүмкін болса жаңа жылға дейін барып қалармын. Қызылордада «Өтірік айтпайтын адам» деген пьесам қойылды. Оған да жолым түспеді. Жалпы, осы уақытқа дейін сырт жерде бірнеше шығармаларым сахналанған. Мысалы, Қарақалпақ театры менің бес пьесамды қойған. Алайда біреулер айтып жүргендей, сырттағы спектакльдерден драматургке қаламақы төленбейді. Ең басты нәрсе – бүгінде қазақ жазушыларының шығармалары өзге елдерде насихаттала бастады. Осының өзі үлкен жетістік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста