Қазақтың мұрасы мың күймен шектеліп қала ма?

Қазақтың мұрасы мың күймен шектеліп қала ма?

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақтың рухани мұрасына біраз жан біте жаңғырып, ұлттық құндылықтарымыз біршама құнтталғаны белгілі. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті бойынша 600-ге жуық кітап түрлері басып шығарылды. «Бабалар сөзі» секілді осындай бай мұралармен қатар, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» және «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиялары жарық көрді. Алайда, бұл жұмыс бүгіндері кібіртіктеп қалғанға ұқсайды. Осыған алаңдаған мәжілісмен Гүлнәр Сейітмағанбетова Үкіметке сауал жолдап, халқымыздың 1000 емес, жарық көрмеген бірнеше мыңдаған күйлері бар екенін, соларды «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйінің» жалғасы ретінде шығару керектігін көтерді.
«Күй дегеніміз - ұлттың тілі. Батыс елдері әл-Фарабидің заманында-ақ түріктің, оның ішінде қыпшақ жұртының музыкасының биік екенін таныған, мойындап қойған. Ендеше, қазақтың әлемдік өркениетке қосқан бірден-бір үлесі – төл музыкасы деуге әбден құқығымыз бар. Олай болса, қаншама ғасырдан атадан балаға жетіп, тамыры үзілмей келе жатқан төл мұраларымызды неге төрімізге шығармасқа? Күй, терме, жыр жанрлары Үкіметтің назарынан тыс қалып қойғандығын, оларды зерттеу, насихаттау мәселесі тоқтап тұрғандығын қалай түсінуге болады? Оны айтпағанның өзінде, біз әлі күнге дейін Еуропаның жазба ноталық музыкасын классикалық деген қатаң қағидадан шыға алмай, еуропацентристік көзқарастың жетегінде кетіп барамыз. Қазақтың төл музыкасы атауының классикалық деп аталуы елдің мәдени саясаты үшін керек деп есептеймін», - дейді депутат Гүлнәр Сүлейменқызы.
Осыған орай, депутат қазақтың төл музыкалық мұрасына байланысты туындап отырған өзекті проблемаларды шешу мақсатында республикалық дәрежедегі дәстүрлі өнерді зерттейтін орталық ашу қажет деген ұсынысты алға тартады. Бақсақ, дәл осындай ұлттық мұраларды зерделейтін орталық әлемнің көптеген елдерінде бар екен. Мысалы, Әзербайжан өздерінің төл музыкалық мұрасы болып табылатын мугамға арналған (ЮНЕСКО тізіміне енгізілген) «Халықаралық мугам орталығын» ашыпты. Онда концерттік зал, дыбыс жазу студиясынан бөлек,, көне музыкалық аспаптар жинақталып, мугамды орындаушылардың бюстттері орнатылған. Сосын орталықта жыл сайын мұнда Халықаралық «мугам әлемі» фестивалі өткізіліп тұрады екен. Сол сияқты көршілес Ресейде мәдениет пен өнерді зерттейтін бірнеше институт жұмыс жасап келеді. Оның ішінде Орыс фольклорын зерттеуге бағытталған республикалық орталықтың орны бөлек.
Бұдан бөлек, депутат Сейтмағанбетова қазақтың бай қолөнер кәсібін дамытуға да қолдаудың қажет болып отырғанын алға тартады. Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі бірде-бір қолөнер шеберлері мемлекеттен көмек алып отырған жоқ, соның салдарынан көне мұраларды жалғастырушылар саусақпен санарлықтай селдіреп барады екен. Сондықтан да, депутат Сейтмағанбетова колөнер шеберлеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, қолөнерді дамыту үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажеттігін айтады. « Мысалы, Өзбекстанда жақын жылдары материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама қабылдаудың нәтижесінде Наманганда көне керамика жасау мектебі, Самарқанда қағаз жасау мектебі қалпына келтірілген, Әндіжанда Бабыр дәуіріне жататын музыкалық аспаптарды жасау жұмыстары қолға алынған. Сол сияқты Иран, Түрікменстан кілем жасау дәстүрін қандай жоғары дәрежеге қойғандығын әлем біледі. Қытайда жібек тоқу дәстүрі осы күнге дейін үзілмей келе жатыр. Ендеше, қазақ ұлттық мәдениетінің бірегей бөлігі болып табылатын, жоғалып бара жатқан қолөнер бұйымдары орталығын да ашудың уақыты келді», - деді ол.
Айтпақшы, сөз соңында сүйіншілей айта кетейік, жақында ғана қазақтың күйі мен киіз үйі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Қазақстан осыдан бір жыл бұрын әлемнің материалдық емес мұраларының тізіміне өтінім беру құқығын былтыр иеленген еді. Енді қазақтың күйі ешқандай да қаражатқа сатылмайтын адамзаттың өшпес жауһар құндылықтары тізіміне еніп отір. Енді мамандар алдағы уақытта айтыс өнері мен Наурыз мейрамын және қыранмен аң аулау ісін ЮНЕСКО-ның тізіміне ұсынуды жоспарлап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста