Қазақтың оюы қашанғы мазақ бола береді?

Қазақтың оюы қашанғы мазақ бола береді?

Бүгінде көненің көзіндей болған қазақы нақыштағы ою-өрнектерімізді отандық сәнгерлеріміз жиі пайдаланатын болды. Оған бөркімізді аспанға атып қуанғаннан басқа айтарымыз жоқ. Дегенмен оюларды кез-келген жерге тықпалайтындары көңіл қабаржытатыны рас. Мәселен, қазақ халқында тек қошқар мүйіз оюы ғана бар сияқты қабылдайтындарға таң қалмасқа шара жоқ. Ақ самайлы әжелеріміздің, ісмер қолды шеберлеріміздің айтуынша қошқар мүйіз сырмақтың оюы болып табылады. Ал, оны бас киімге де, аяқ киімге де тықпалайтындардың білімсіздігіне бас шайқамастан басқа амал кем. Ою-өрнектердің де өз тілі бар. 

Бағзы заманда ою-өрнектер хаттың орнын алмастырған. Қыздар орамалдың шетіне ою салып, сол арқылы ғашығына ойын жеткізген. Осыған қарап-ақ ою-өрнекке жай нәрсе деп қарау қателік. Көңілге көлеңке түсірері байырғы дәстүріміздің бір бөлшегі саналар оюлар өз орнымен қолданылмай шатысып жүр. Оған әрине, оюшы-суретші атанып жүргендер кінәлі. Ұлттық оюдың не екенін білмейтін, оның мағыналық ерекшелігі иісі мұрнына бармайтын адамнан қандай өнер күтуге болады? Бір ғана мысал... Қазақстандағы үшінші қала атануға ниеттеніп жүрген Шымкенттің соңғы кезде ұлттық нақышта көріктендірілуіне қуанып жүргенбіз. Бұрынғы хандардың таққан сақиналарын қазақы оюлармен көркемдеп қала көшелеріне орналастырды. Ал, түнгі қаланың жарқ-жұрқ еткен оттары тіпті көз қарықтырады. Бір әттеген-айы... Дәл облыстық әкімшілік ғимаратының алдында жарық қондырылған түнде жарқырап тұратын көркемдеу тақтасы орнатылған. Оған қошқар мүйіз оюын салған. Сан соқтырары осы оюды төңкеріп, теріс қаратып іліп қойыпты. Бұл әрине қаланы безендірумен айналысатын фирмалардың кемшілігі. Алайда мыналарың дұрыс емес қой деп айтып жатқан жан жоқ. Ескертпе болмағаннан кейін де 6 айдан бері осылай ілініп тұр. Ұлттық нақыштағы ою-өрнектен хабары жоқ мамандардың кесірінен осылайша күлкіге қалып жатқан жайымыз бар...
Түркімен халқында қолөнері мықты дамығанын білеміз. Әсіресе қол кілемдерімен аты шыққаны мәлім. Осы түрікмен ағайындардың үйіне барсаңыз төрінде ілулі тұрған кілемдеріне қарап үй егесінің қай рудың адамы екенін біле қоясыз. Міне, қолөнердің құдіреті... Сән өнерінің отаны саналар Италиядан әкелінген бұйымдарға жіті назар аударып көріңізші. Әсіресе, сөмке мен етіктеріне. Қазақы орнаменттер көзіңізге оттай басылары сөзсіз. Ал, корей елінің сериалдарын жібермей көретін ағайындарымыз олардың киімдеріндегі қазақша оюларды байқады ма екен? Тарихи кино кейіпкерлерінің киімінде қазақтың қошқар мүйіз оюы қайдан жүр деп бас қатырып жатқан жанды тағы таппайсыз. Көшпенділерге тән өрнекті кино түсірушілер, суретшілер қайдан алған? Қазақтың оюлары көне түркі ескерткіштерінде де бедерленген. Мұны тарихшыларымыз тайға таңба басқандай дәлелдеп бере алады. Ою-өрнектеріміздің шетелде шатасып жүргені өзіміздің бойкүйездігімізден шығар. Бүгінде ұлттық құндылықтарымызға қызығып, таңдай қағып жүргендер жетерлік. Әсіресе, шетелдіктер. Ұлтымыздың ажырамас бір бөлігіндей болған жауһарларымызға арнайы патент алып үлгергендері де бар. Осылайша өткеннен өнеге болып жеткен мұраларымыз өзгелердің қанжығасында кетіп жатыр. Қазақтың қошқар мүйіз оюы да қолды болып кеткен секілді. Сондықтан да қолымыздағы барымыздан айырылып қалмас үшін оюларымызға да патент алып, өзімізге меншіктеуіміз қажет. Ол үшін біраз тер төгуге тура келері хақ. Сан ғасырлар бойы ұлттық құндылық болып жойылмай келген дүниелерді жаңа ғасырда айырлып қалсақ, онда біздің кім болғанымыз? Бұрынғының жәдігерін бүгінге жеткізген ісмер шеберлер азайды. Олардың бай тәжірибесін үйреніп, алып қалайық деп жанталасып жатқандар жоқтың қасы. Сонда олардың ерен еңбегі бүгінге дейін жетті. Ал, ертеңге жете ме? Ұлттық өнеріміздің бір түрі тарих тасасында қалып кете бере ме? Әлде ұлттық ою-өрнектен хабары жоқ жандардың қойыртпақтарымен ары қарай «дами» ма? Сауал көп, жауап жұтаң…
Күлипа Жұбаниязова, суретші-гобеленші:
- Ұлттық қолөнер саласында ою-өрнектің неше атасы бар. Сан мыңдаған ою-өрнектердің атынан да адам шатысардай. Осы өнер түріне бір жанашыр қажет-ақ. Ол тек мұражайдың төрінде ғана тұруы тиіс емес. Ұлттық қолөнер саласы бойынша жоғары оқу орындарынан арнайы бөлімдер ашу керек. Сонда ғана осы салаға қызығушылардың санын арттырып, өткеннен бүгінге жеткен қолөнер түрін сақтап қала алармыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста