Қазақтың тұңғыш балетмейстерін еске алды

Қазақтың тұңғыш балетмейстерін еске алды

Жуырда Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Бүкіләлемдік би күніне орай, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтің еске алу кеші ұйымдастырылды.
Университеттің өнер және мәдениет факультетінің хореография кафедрасы ұй­ым­дастырған бұл шара өнер саң­ла­ғының 90 жылдығына орайластырылған. Қазақ халқының тұңғыш кәсіби балет­мейс­тері, хореография өнерінің дара тұл­ғасы Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтің есі­мін ел есінде мәңгі сақтау, артына із қал­дыр­ған өшпес мұрасын жас ұрпаққа үлгі ету мақса­тында өткізілетін кеште хорео­гра­фия кафедрасының өнерлі студент қыздарымен қатар, университеттің мақта­ныштары – «Томирис» би ансамблі мен «Ал­тынай» би ансамблі өнер көрсетті.
Шараға Д.Әбіровтің көзін көрген дос­та­ры, бірге жұмыс істеген әріптестері, Ра­ма­зан Бапов, Раушан Байсейітова, Людми­ла Рудакова, Зарема Қастеева, Людмила Кре­мер сынды бекзат өнердің белді өкіл­де­рі арнайы қонақ ретінде шақырылды. Кеш­ке сондай-ақ Дәурен Тастанбекұлының бала­лары мен туыстары да қатысты.
Дәурен Тастанбекұлы Әбіров – Қазақ мем­лекеттік қыздар педагогикалық инсти­тутында музыкалық білім беру факульте­ті­нің жанынан хореография мамандарын даяр­лайтын бөлім ашуға септігін тигіз­ген, ұлттық би өнеріне өшпес із қалдырған дара тұлға. 1952 жылдан 1977 жылға де­йін Абай атындағы Мемлекеттік опера жә­не балет театрының балетмейстері және бас балетмейстері болып жұмыс атқарған жылдары ол үлкен балет репертуарын жа­сады, атап айтқанда олар: В.Великановтың «Қамбар мен Назымы», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш–Баян сұлуы», Н.Тілен­диев­тің «Достық жолымен», Ц.Пуни мен Э.Глиердің «Эсмеральдасы», Ф.Ярулиннің «Шуралесі», Б.Астафьевтің «Бақшасарай фонтаны», А.Меликовтың «Махаббат туралы аңызы», Ғ.Жұбанованың «Аққа­на­ты», А.Зацепиннің «Хоттабыч» қойылымы. Дәурен Әбіров сондай-ақ «Қыз Жібек», «Біржан–Сара», «Амангелді», «Қамбар сұлу», «Айсұлу» және тағы да басқа 14-тен астам опералық спектакль мен табысты ор­ындалған көптеген концерттік нөмір­лер­дің қойылымдарын жүзеге асырды.
«Қыздар университеті» медиа орталығы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста