Қажыaлар қауымдастығы ауызашар берді

Қажыaлар қауымдастығы ауызашар берді

Құлшылық пен шүкірлік, кешірім мен мейірім айы – Оразаның үшінші онкүндігі де аяқталуға жақын. Осы соңғы онкүндіктің тақ күндерінің бірінде мұсылман баласы асыға күтетін, Алла тағала қасиетті Құран-Кәрімде «сауабы мың айдан артық» (Қадір сүресі, 3-аят) деген Қадір түні болады. Осы түннің құрметіне 13 қыркүйек күні Қазақстан Қажылар қауымдастығы Рамазан айында ораза ұстаған еліміздегі түрлі саланың өкілдеріне арнап, ауызашар берді.

Тоғыз департаменттен тұратын қауымдастықтың құрамына мүше болған зиялы қауымның арасында академик Өмірзақ Айтбаев (Құрметті кеңесші), Марат Тоқашбаев, Ескендір Хасанғалиев, Мұрат қажы Мыңбаев(төраға орынбасары), Ақжол Мейірбеков (төраға орынбасары) Майра Ілиясова (Әйел-аналармен жұмыс істейтін департамент төрайымы), «Халал» департаменті, Амантай Біртановтар бар. Аттары аталған қауымдастық мүшелері кешке жиналған көпшілікке арнайы уағыздар айтты.

Еркін қажы Дуанаев, Қазақстан Қажылар қауымдастығының төрағасы:
– Біздің қоғам – өте білімді де білікті қоғам. Сондықтан оған өз деңгейіне сай өте сауатты үгіт-насихат керек. Біздің ең басты бағытымыз – 1992 жылы қабылданған заңның олқы тұстарын пайдаланып, елімізге еніп алған теріс пиғылдағы түрлі діни секталарға қарсы күрес жүргізу. Осы бағытта біз көптеген істер атқаруды қолға алдық. Исламда жақсылықты, ең алдымен, аналарға, яғни әйелдерге жасау керектігі айтылған. Себебі ұрпақты көбейтетін де, оларға тәрбие беретін де – аналар. Ал біздің елімізде мұсылмандардың тең жартысына жуығы – шүкір, әйел адамдар. Сол аналардан бастап, содан соң балабақшаға баратын бүлдіршіндер, оқушылар, студенттер, әскердегі жігіттер, тіпті түрмедегі жазасын өтеп жатқандарға да Ислам дінін ұғындыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі ауызашардың мақсаты да – елге жай тамақ беру емес, зиялы қауымның жүрегіне нұр құю, имандарын арттыру, сондай-ақ осынау зиялы қауымды да имандылық іс-шараларға жұмылдырайық деген ой.

Амантай БІРТАНОВ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:
– Алла тағала маған адамның дүниеге келгенінен бастап арғы дүниеге аттанғанша денсаулығын қадағалайтын дәрігер болуды жазыпты. Сондықтан мен осы қызметімде түрлі себептерге байланысты өмірлерімен қоштасып бара жатқан адамдардың талайын көрдім. Бай болсын, кедей болсын, жас не кәрі болсын, олардың барлығы көз жұмардың алдында иманға жүгінбей, Аллаға құлшылық қылмағандарына өкініп, көз жастарына ерік беретін. Дәл сондай жағдайды өз басымнан да өткердім. Бірақ Алланың берер жарығы бар екен, о дүниенің табалдырығына барып тұрып, өмірге қайта келдім. Соншалықты мейірімді, кешірімді Жаратқанға бас имеу кеудесі соқыр, наданның ғана ісі екен. Ендеше, әлеумет, аяқ-қолымыздың түгел, ақыл-есіміздің түзуінде Аллаға тәубе етейік. Сонда ғана азғындықтан ада берекелі де кемелді ел боламыз.

Өмірзақ Айтбаев, Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Қажылар қауымдастығының құрметті кеңесшісі, академик:
– Мұндай іс-шаралардың өткізілуі елімізде Ислам дінінің қанат жайып, мұсылман баласының кеудесіне иман ұялай бастауының айқын дәлелі бола алады. Кейбіреулер, бәлкім, мұны жұртты жинап, ас беру деп қана қарар, ал шын мәнінде түсінген адамға бұл – Аллаға мінәжат ету, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген құрмет сезімін білдіру әрі қасиетті дінімізді баршаға насихаттау. Кейінгі кезде қарттар ғана емес, жастар жағы көптеп дінге бет бұра бастады. Осыған шүкір деймін. Еліміздің іргесінің беки түсуіне осындай игі іс-шаралардың маңызы өте зор деп санаймын.

Құрылғанына төрт жыл болған қауымдастық осы уақыт аралығында «Отанды сүю – иманнан» деп аталатын жоба бойынша еліміздің барлық облыстарындағы жетімдер үйіне, әскери бөлімдерге, еңбекпен түзеу колонияларына барып, концерттер ұйымдастыру арқылы елге діни насихат жүргізуді, халықтың имани сауатын арттыруға өз үлестерін қосып жүрген жайы бар. Аталған ауызашар да – сондай іс-шаралардың бір парасы. Жиында діни уағызбен қатар, Ақжол Мейірбеков, Бақытжан Қажымұқанов, Жәкен Омаров, Нұрдолла Сәрсенбаев, Ескендір, Біржан Хасанғалиевтер сынды өнер иелері илаһи әндер айтты. Сондай-ақ жиынға келген әрбір адамға «Көкжиек» баспасынан шыққан намаз жайлы, Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы кітаптар мен диск сыйға тартылды.

Қыркүйектің 16-сы күні дәл осындай ауызашар елордамызда жалғасын таппақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста