"Қазығұрт – Алтын қазық" белгісінің 2014 жылғы иегерлерінің есімі анықталды

"Қазығұрт – Алтын қазық" белгісінің 2014 жылғы иегерлерінің есімі анықталды

Шымкентте 30-қазан күні «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қорының «Қазығұрт – Алтын қазық» белгісінің 2014 жылғы иегерлері марапатталды. Бұл шара «Ордабасы: кеше, бүгін және ертең» (Қазақ көші-қонының бүгінгі жағдайы және келешегі) деген тақырыпта өткен республикалық дөңгелек үстел мәжілісінде жүзеге асырылды. Бұл жолы оған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектептің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, Шымкенттегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан мен белгілі кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжанов ие болды.
«Қуанышқа қуана білмесең бақыт қонбайды, бақытты бағалай білмесең бақ тұрмайды» деп қазақ халқы айтқанындай, қуанышқа бөлеп жатқандарыңызға көп рахмет. Құт қонсын. Қасиетте елде, жерде болып жатқан дүниелердің бәріне бақ тұрақтасын деп тілейміз. Біз де құрметтеріңізді ақтауға тырысамыз», - дейді білім беру саласындағы тұңғыш Қазақстан Еңбек Ері А.Миразова.
«Киелі Қазығұрт тауының Қазақстанда болуы біз үшін бақыт, абырой, мәртебе. Дүниежүзінде Нұх пайғамбардың кемесі қайырылған 3 тау бар деп айтады. Соның ішіндегі аңызы да әдемі, дәлелі де нақ осы біздің Қазығұрт тауы. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысында Қазығұрт тауының беделін көтеру үшін осыдан 15 жыл бұрын ынталы топ құрылған. Онда облысымыздың белді азаматтары, зиялы қауым, жазушылар мен журналистер болды. Сол ынталы топ осы уақытқа дейін жұмыс жасап келе жатыр. Оның жұмысының нәтижесінде «Қазығұрт» қоғамдық қоры құрылып, «Қазығұрт» журналы дүниеге келді. Қазығұрт туралы 7 мультфильм жасалып, деректі фильмдер түсірілді, кітаптар шықты. Қазығұрт тауының басына «Алтын қазық» орнаттық, ұшар басында жер жары сияқты глобус айналып тұрады және күн сәулесімен шағылысып алыстан көрініп тұрады. Сол «Алтын қазықты» символ ретінде алып 4 жылдан бері қарай облысымыз ғана емес, бүкіл республикамызға белгілі тұлғаларға, қазақ халқының айтулы азаматтарына, оның бер жағында қасиетті Қазығұртты насихаттауға үлес қосып, атсалысып жүрген азаматтарға арнайы қаулы шығарып, арнайы диплом жасап беріп жүрміз», - дейді «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қорының президенті, Қазақстанның Құрметті журналисті Қонысбек Байдулла. Оның айтуынша, «Қазығұрт – Алтын» бесік белгісі жыл сайын 4 адамға беріледі. Биыл бұл белгімен марапаттау рәсімі төртінші рет өтіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста