Қажылық парызды өтеуге дайындығымыз әлсіз

Қажылық парызды өтеуге дайындығымыз әлсіз

Исламның бес парызының бірі – қажылыққа бару. Жылдағыдай биыл да миллиондаған мұсылмандар Меккеге баруға дайындалып жатыр. Аздаған күннен кейін олар қасиетті Қағбаға қарай бет алады. Қазірдің өзінде көптеген мұсылман елдері қажылыққа баруға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз ниет еткенімен, елде қажылықтың мән-мағынасын, ерекшеліктерін түсіндіретін орталықтар жетіспейді. Соның салдарынан азаматтарымыз өз беттерінше, білгені бойынша ғана дайындалуға мәжбүр.

Биыл Сауд Арабиясы Қазақстанға қа­жы­лыққа баруға 4000 орынға квота бөліп отыр. Егер қажет болса тағы мың адамға орын бөлуге келісетіндіктерін айтты. Әри­не, квотаның көп болғаны жақсы. Дегенмен осы орындардың өзіне кейде адам жетпей жа­тады. Мәселен, өткен жылы да Қазақ­стан­ға төрт мың квота бөлінген. Бірақ қа­жы­лық сапарын орындауға бар болғаны 2860 адам ғана барды. Кейбір маман­дар­дың айтуынша, квотаның толмауы қа­жы­лық­қа алып баратын туристік компаниялар қыз­меті құнының қымбаттығымен бай­ла­нысты. Бұл – бір мәселе. Екіншіден, қа­жы­лық­қа дайындау жұмыстарының жолға қо­йылмағандығы. Бүгінде елімізде мұндай іспен айналысатын бір ғана орталық бар. Оның өзі қазір уақытша жұмысын тоқтатып тұр. Сонда қажылыққа баратын төрт мың адам қайдан дайындықтан өтеді, оларға қажылықтың мән-мағынасын кім түсіндіріп береді? Мешіт имамдарының оған қолы тие ме? Ал ауылында тіпті имам, молдалары жоқ азаматтар қайтеді? Бұл сұрақтардың жа­уабы белгісіз. Ал енді Түркия, Малайзия сынды елдерді алып қарайық. Бұл мем­ле­кет­терде қажылыққа баратын адамдар жап­пай дайындықтан өтіп жатыр. Онда дайындықтан өтпеген адамды қасиетті орынға жібермейді. Себебі Меккеге барғанда олар барлық рәсімдер мен міндеттерін білуі шарт. «Мәселен, қа­жы­лық­қа бара жатқан жолда барлық мұ­сыл­мандар мехат аймағына келгенде, үс­теріне ихр­ам киюі тиіс. Араб компа­ния­лары қа­жы­лыққа алып бара жатқанда азаматтарға их­рам киюін хабарлайды. Ал біздегі ұшақ­тар жалданатын болғандықтан, ондағылар ме­хаттың қайда екенін білмейді. Ал мехат аймағында ихрам кимесе күнә болып есептеледі. Мұндай адамдарға бір қой құрбандыққа шалу міндеттеледі. Көрдіңіз бе, біздің азаматтар білместіктің салдары­нан сауаптың орнына онда күнә арқалайды. Сондай-ақ қажылықта бір амалды тастап кететін болса, онда ниет өтелмеген болып шы­ғады», – дейді бұл туралы ҚМДБ жа­нын­дағы Ислам білімін жетілдіру институты фи­­лиалының директоры Бақыт қажы Тұр­сынбек. Әрине, бұл жерде тек ком­пания­лар­ды кінәлау дұрыс емес. Кейде аза­мат­та­рымыз қажылық парызды өтеу жол­да­ры­мен таныс болмағандықтан, ком­па­ния­ларды сотқа беруге дейін барып жатады. Мә­селен, Меккеде Мина деген жерде адам­­дар күркелердің ішінде, Мұздалифа де­ген жерде далада жатуы тиіс. Ал қан­дастарымыз «неге біз далада жатуға тиіс­піз, уәде еткен қонақүйің қайда?» деп ком­паниялармен араздасады. Онда барған қан­дастарымыздың дорба-дорба зат сатып алып, мұнда келген соң малға айырбастап жат­­қанын да талай көргенбіз. Сондай-ақ қа­­жылыққа қатысты тағы бір мәселе бар. Ол – Қазақстанда адамдарды тікелей қа­жы­­лыққа алып баратын әуе жолдарының жол­ға қойылмағандығы. Отандық ком­па­ния­лар көп жағдайда бұл қызмет үшін ше­тел­дік әуе компанияларына жалынышты бо­­лады. Қысқаша айтқанда, қажылыққа да­­йындау орталықтарының жетіспейтіндігі – отандастарымызды алаңдатып отырған үлкен мәселенің бірі. Осы мәселе ше­шілмей, аза­маттарымыз қажылық туралы толық мә­ліметті алдын ала емес, тек сонда бар­ған­нан кейін ғана біледі. Тіпті қажылық шарт­­тарын толық орындамай қайтып ке­ле­тіндері де көп.
Бақыт қажы ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ, ҚМДБ жанындағы Ислам білімін жетілдіру институты филиалының директоры:
– Қажылық, негізінен, үйден бас­талуы керек. Яғни қажылыққа баратын адам сапар алдында ренжіткен ада­мы­нан кешірім сұрап, қарыз ақшасы болса қай­таруы тиіс. Кейбір азаматтар қа­жы­лықтың қасиетін түсінбейді. Қажылықты ту­ристік сапар сияқты қабылдайтындар да жетіп-артылады. Егер олар қажылық орталығынан өтетін болса, бәрін толық білер еді. Өкінішке орай, бізде қазір мұндай бір ғана орталық бар. Жалпы, Меккеге баратын адамдардың барлық шарттарды білгені маңызды. Мәселен, онда бір оқылған намаз мың мәрте на­маз оқығанмен, бір рет құрбан шалған мың мәрте құрбан шалғанмен тең. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Мек­­­кеге барып, толық рәсімдерді орын­­­даған адамның анадан жаңа ту­ған­дай тазаратынын айтқан.

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ баспасөз хатшысы:
– Қазақстанда үлкен мешіттердің жа­нында қажылыққа дайындайтын ор­талықтар бар. Олар қажылық сапар ж­а­сай­тындарға барлық шарттарды оқы­тады. Біз фирмалардың өздеріне қа­жы­лыққа баратын адамдарға барлық шарт­тарды түсіндіру қажет деген тап­сырма береміз. Биыл азаматтарды қа­жы­лыққа алып барумен Қазақстанда 34 фирма айналысады. Қызметі үшін олар шамамен 3,5-4 мың АҚШ дол­лары көлемінде ақша алады.

Қанат Мұсағұлов, «Ақ орда» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары:
– Менің ойымша, қажылыққа ба­рат­ын адамдарды кінәлауға болмай­ды. Се­бебі біз адамдардың қажылыққа ба­ру ниетін төмендетіп алуымыз мүмкін. Әрине, біз мұсылман мемлекеті емес­піз. Сондықтан 20-30 жылдан кейін ға­на оларға «дайындық орталығынан міндетті түрде өтулерің қажет» деген шарт қоюымызға болатын шығар. Біз жыл сайын шамамыз келгенше жүз­деген адамды тегін қажылыққа алып ба­рамыз. Сол жүз адамның ең бол­ма­ғанда оны қажылықтың, Ислам дінінің қа­сиетін түсініп келсе – біздің мақ­са­ты­мыз­дың орындалғаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста