Қоғамдық радио құру қажет пе?

Қоғамдық радио құру қажет пе?

Асан атамыздың Желмаяға мініп, Жерұйық іздегені секілді, бүгінгі адамзат өркениеттің өр биігіне шығу үшін азаматтық қоғам құруға кіріскен. Көш арасында біз де бармыз. Бағытымыз белгілі болғанымен, біздің «көшке» ілесетін «көлігіміз» қоңды ма? Яғни азаматтық қоғамның алғышарттары бізде жасалып жатыр ма? Басқа қырын айтпағанда, бір ғана мәселе – азаматтардың сөз бостандығы, ой еркіндігіне ерік беретін БАҚ бізде қаншалықты қуатты күшке ие?

Азаматтық қоғамның ең басты алғышарты  демократия десек, демократия дегеніміздің өзі – бостандық. Сондықтан біз бұл жерде БАҚ-тың қуаты дегенде, оның тәуелсіздігі мәселесін меңзеп отырмыз. Өркениетті елдерде ақпарат құралы атаулы түгелімен дерлік тәуелсіз, яғни қоғамдық сипатқа ие. Ал бізде қоғамдық телеарна құру жайы қаншама жылдан бері сөз болып келеді. Алайда әлі күнге нәтижесіз.
Қоғамдық арна неліктен құрылмай жатыр?
Мұның бірнеше себебі барға ұқсайды:
1) мысалы, қоғамдық телеарна болу үшін ол қаржылай тәуелсіз, өзін-өзі қаржыландыруға қуатты болуы шарт. Ал бізде көптеген БАҚ мемлекеттік бюджеттің қолдауынсыз, өз бетінше күн көруге қабілетсіз. Басты мәселе қаржыға келіп тіреледі;
2) екінші бір көзқарастағылар – біздің қоғам ондай арнаны қажетсінбейді деп санайды. Себебі қазақстандықтардың басым бөлігінің назары ресейлік бағдарламаларға ауып кеткен. Шынында да, жұртшылықтың таңертеңнен кешке дейін ресейлік арналардан берілетін түрлі бағдарламалар мен телехикаяларды тамашалайтындары жасырын емес;
3) қоғамдық телеарна шынында өз атына сай, қоғамдық болуы үшін оны халықтың өзі, абоненттік төлем арқылы оны қаржыландыруға тиіс. Ал біздің көрермен оған дайын ба?
Телеарнаға барар жолды радиодан бастасақ
Осы ретте бізге қоғамдық телеарна құруға баратын жолды алдымен қоғамдық радио құрудан бастасақ қалай болады? Себебі тарихқа үңілсек те, радио телеарнадан бұрын құрылған, өйткені оның жолдары оңайлау. Екіншіден, телеарна құрудан гөрі, оның қаржылай шығыны да аздау.
Сейітқазы МАТАЕВ, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы:
– Қоғамдық телеарна құру дегенді біздің көтеріп келе жатқанымызға да біраз болды. Негізі, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, егер басқа елдерде ондай нәрсе болмаса, біз де оған ұмтылмас едік. Ұлыбританиялық ВВС, жапондардың NҺK-і осы ретте әлемге тамаша үлгі болып отыр. Ал енді қоғамдық радио жайлы, шынымды айтсам, естімеппін. Меніңше, құптарлық идея секілді. Қоғамдық телеарна болсын, радио болсын, ол ақылы болмаса, өмір сүре алмайды. Сол жағынан алғанда, қоғамдық радиоға көп те қаржы керек емес. Телеарнамен салыстырғанда он еседей аз ақша қажет. Абоненттік төлемі де аз және оны тыңдау үшін радиоқабылдағыш алса жеткілікті немесе тіпті бүгінде ұялы телефонның барлығында радио бар.

Қуанышбек ҚАРИ, Азаттық радиосы, Алматы бөлімшесінің бас редакторы:
– Қоғамдық телеарна болсын, қоғамдық радио болсын, атқаратын қызметі бірдей ақпарат құралы болып табылады. Қоғамдық телеарна аша алмаған жағдайда, қоғамдық радио аша саламыз десек, бұл да дұрыс емес. Қоғамдық телеарнаға берілген мүмкіндік радиоға да қатысты болып келеді. Дегенмен телеарналардың басқа ақпарат құралдарынан өз ерекшелігі бар десек, радионың да тек өзіне тән айырмашылықтары болады. Айталық, радионы кез келген жағдайда, кез келген жерден тыңдауға болады. Мейлі, далада мал бағып жүріңіз, мейлі, көлік жүргізіп жолда келе жатсаңыз да, радионы тыңдай аласыз. Бірақ көлік жүргізіп келе жатып, басқа ақпарат құралдарын қарай алмасыңыз анық.
Мәселе біздің қоғам қоғамдық арналардың ашылуына шынымен мүдделі ме, әлде мүдделі емес пе дегенге барып тіреледі. Әрине, төрдегілерге де, төмендегілерге де бүйрегі бұрмайтын, оқиғаны қаз-қалпында жеткізетін ақпарат құралының болғаны халыққа тиімді-ақ болар еді. Қоғамдық арналардың қаржысы салықтан өндіріледі десек, салық төлеушінің де бейтарап ақпаратты талап етуге хақы бар.
Бірақ бұл биліктің өзіне болмаса да, биліктің маңындағыларға, жалпы билікті жақтайтындарға ұнай бермеуі мүмкін. Шенеуніктер басшыларына өз істерінің шала кеткен тұстарын жариялаудан тартынатыны белгілі. Ал қоғамдық арна осындай олқылықтың орнын толтырған болар еді. Сондықтан биліктің бишігін бұлғап жүргендердің артық-кем әрекетке бармас үшін қоғамдық арна бақылаушы қызметін атқарады. Ал билік үшін жіберіп алған кемшілікті реттеуде қоғамдық арналар бір жағы көмекші құрал бола алады.
Сайып келгенде, қоғамдық телеарна болсын, қоғамдық радио болсын, қай-қайсысы да елдің ақпараттық қажетін өтеудегі таптырмас құрал. Тек соған деген ынта, соған деген мүдденің кемшін түсіп жатқаны болмаса. 
Қоғамдық телеарнамен қатар радио құру мәселесін осы күзден қалдырмай нақты қолға алып жатқан бір ел – Украина. Ел Президенті В.Януковичтің өзі бүгінде оған бұйрық беріп те қойған. Ал бізде бұл мәселе әлі «қажет пе, қажет емес пе?» деген таразы табағында тұр. Өркениетті елге тән өрелі ой тұрғысынан қарағанда, адам және демократия басты құндылығы болып саналатын азаматтық қоғам құрғымыз келсе, қоғамдық арна да, радио да аса қажет. Аты айтып тұрғандай, бұл құралдар бұқараның мүддесін күйттеп, мінберіне айналуы тиіс. Бәлкім, оның маңызын жұртшылық бүгін жүз пайыз толық түсінбейтін шығар, бірақ бірте-бірте оның өздеріне ең жақын жанашыр, арқа сүйер асқар тау екенін ұғынары сөзсіз.

Керек дерек:
АҚШ-та қоғамдық телеарнаның өмір сүріп келе жатқанына қырық жылдан асыпты. Онда қазір 350 хабар тарататын желілер жұмыс істейді екен. Сондай-ақ Данияда қоғамдық хабар тарату елдегі теледидар нарығының 70 пайызын құрайды. Күншығыс елі Жапонияның NҺK қоғамдық хабар тарату телеарнасының негізі 1926 жылы қаланыпты. 1950 жылдан бері толықтай қоғамдық хабар таратумен айналысатын оның бір жылдық табысы шамамен 6 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста