Қолөнер шеберлері бірігуде

Қолөнер шеберлері бірігуде

Жуырда елге белгілі өнер шеберлері Алматыда арнайы баспасөз маслихатын өткізіп, алдағы уақытта Қазақстанның Қолөнер шеберлері одағын құру жөніндегі шешімдерін жария етті.
Ұзақ жылдардан бері Қазақстандағы қолөнердің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Our Heritage қоғамдық қорының пре­зиденті Айжан Бекқұлова аталған мә­се­леге орай өз ойларын ортаға салды. Оның айтуынша, одақтың құрылуы қазақ­стан­дық қолөнер шеберлері  үшін жаңа мүм­кіндіктерге жол ашпақ. Баспасөз мәс­ли­хатына қатысқан қолөнер шеберлерінің ортақ пікірінше, жаңа одақ ең алдымен барлық шеберлердің басын қосып, ұлттық қолөнер саласын тың белестерге және бәсекеге қабілетті заманауи деңгейге көтеруге ықпал етпек.
Айжан БЕКҚҰЛОВА, Our Heritage қоғамдық қорының президенті:
– Одақ ең алдымен қолөнер шебер­ле­рі үшін көрмелерге, жәрмеңкелерге, тренингілерге және тағы басқа әртүрлі шараларға қатысу жөнінде ақпараттар алуға,  арнайы жасалған «Шебер» сай­ты­на өзі және бұйымдары жөнінде мә­лі­меттер ілуге, тұтынушылардан одақ ар­қылы тапсырыстар алуға, ши­кі­зат­тарды қайдан алуға болатындығы жө­нін­де толық ақпараттарды білуге, қыс­қа­ша айтқанда, қолөнер шеберлеріне қатысты барлық сұрақтарды одақтан алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ одақ шеберлердің нарыққа шығуын ке­ңейтуге, Қазақстан қолөнершілер же­лісін құруға, қолөнер саласына қа­тысты барлық мәселелерді шешуге ық­пал етпек. Аталған одақ сонымен қатар қолөнер шеберлерін аттестациядан өткізетін болады.

Жалпы, бұл одақты құру идеясы 2008 жылы өткен қолөнер шеберлерінің кон­фе­рен­циясында көтерілген болатын. Бірақ ол кез­де қолөнер шеберлерінің ұсынысты іліп әке­тіп, сөзді іске айналды­ра­тындай мүм­кіндіктері болмаған.
Одақтың басты мақсаты  –  елімізде жә­не шетелде қолөнер шеберлерінің дә­ре­же­сін көтеру, бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру,  бо­лашақ жас буын үшін  ұлттық рухани және мәдени құндылықтарымызды сақ­тау мен дамыту болып табылады. Қа­зіргі уа­қыт­та одақты қоғамдық ұйым ретінде тір­кеуге байланысты қажетті құжаттар тиісті орын­дарға тапсырылған. Болашақта Қол­өнер шеберлерінің одағы Суретшілер ода­ғы жүйесі бойынша жұмыс істейтін бо­лады.
Сонымен қатар баспасөз мәслихатында биыл Алматыда   қолөнер шеберлерінің  IV республикалық «Шебер» байқауын өткізу мәселелері де қамтылды. Бұл байқау біраз жылдан бері «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азиядағы Еуразия қорының бастамасымен «Қазақстанда қолөнер және көркемөнер кәсіпшілігін дамыту» бағ­дар­ла­масы шеңберінде Our Нeritage қо­ғамдық қорының ұйымдастыруымен өткі­зіліп келеді. Биыл төртінші рет өткізілетін бай­қау – қолөнер кәсібін да­мытуға жол ашып, дарынды шеберлерді іздестіру және қол­дауды қажет етеді. Байқауға өтініштерді қа­былдау 10 қаңтарда басталып кетті.  Қа­былдау мерзімі 20 ақпанда аяқталады. Одан кейін, әдеттегідей, жұмыстар жеті аталым бойынша  қазылар алқасының са­ра­бына түседі. Конкурстық жұмыстарды өнер­танушылардан, суретшілерден, ЮНЕС­КО өкілдерінен құралған сараптау ко­миссиясы бағалайтын болады. Же­ңім­паздар мамыр айында фестиваль ре­тінде өтетін шара барысында марапатталады. На­ғыз қолөнерді меңгерген жеңімпаз ше­берлер жаз айларының бірінде  Үндістанда өтетін әлем қолөнершілері өз жетістіктерін паш ететін үлкен фестивальға жолдамаға қол жеткізбек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста