Қонаев тұрған үйде бөтелке жуылады екен

Қонаев тұрған үйде бөтелке жуылады екен

Қазаққа қырық қала салып берген Дінмұхамед Қонаевтың ұлтымызға сіңірген еңбегі ұлан-ғайыр. Барлық салада. Десе де, қоғам қайраткерінің Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы кеніштерде еселі еңбек етіп, үлкен өмірге жолдама алғанын біреу білсе, біреу білмейді.
Жақында қазақтың қайраткер тұлғасы Дін­мұ­ха­мед Қонаев еселі еңбек еткен Риддер қаласына жол түсті. Алып тұлғаның табанының ізі, аяулы ала­қанының табы қалған жерлерді көрмекке асықтық. Ең әуелі қоғам қайраткерінің тұрған үйін іздедік. Сол маңдағы ел-жұрттан сұрас­тырдық. Тап­тық ақыры. Өкінішке қарай, осыдан төрт-бес жыл бұрын болған өртте үйдің дәл Қонаев тұрған екін­ші қабаты өртеніп кетіпті. Мұны бізге көрші үйдің тұрғыны, 50 жылдан артық өмірін сонда өткізіп келе жатқан Надежда әжей айтты.
– Менің әкем де, анам да шахтада қызмет іс­те­ген адамдар. Бала күнімде олар Дінмұхамед Ах­метұлы ту­ралы көп әңгі­мелейтін. Әлі есімде, әкемнің ай­туын­ша, ол кісінің пәтерінің терезесі шығыс жаққа қа­раған екен, қызметінен тыс уа­қыт­та сол жерден үнемі кеніштің жұмысын ба­қы­лап отыратын көрінеді. Ол кісіні көршілері де өте құрметтепті. «Табиғатынан қа­рапайым жан бас­шы­лық қызметте жүрсе де, еш­қашан кеуде көтер­ме­ген, жұмыскерлерге көмек қо­лын созуға дайын тұ­ратын» деп еске алушы еді анам. Кейін Қонаев Алма­тыға кеткен соң да, жұрт оның жақ­сылықтарын аузынан тастамай жүрді, – деп түсіндірді қарт металлург Надежда Голова­но­ва.
Зейнеткердің сөзіне сенсек, Береговой (қазіргі Мақ­сұт Тайшыбаев) көшесінде қарағайдан қию­лас­тырып салған екі қабатты үш үй орналасқан. 1940-1945 жылдары бұл үйлер қаладағы ең ке­ремет, ең жаңа, ең әсем ғимараттың бірі саналған. Ол жайында Д.Қонаевтың естелік кітап­тарында да жақсы жазылған. Бүгінде еңсесі шөгіп, ағаштары ескіріп, кенеуі кете баста­ған үш ғимараттың екеуі тұр, үшіншісі, яғни Қонаев терезесінен қарап оты­ра­тын Бере­говой, 7 мекенжайындағы баспананың екінші қабаты тілсіз жаудың салдарынан жойылған. Бертін келе өртенген үйді жеке кәсіпкер сатып алып, өз қаржысына бір қабатты етіп жөндеген. Қазір онда бөтелке жуумен айналысады екен.
Надежда ГОЛОВАНОВА, Риддер қала­сы­ның тұрғыны, қарт метал­лург:
– Қателеспесем, Қонаевтан кейін он­да Илфимовтар отбасы тұрды. Сол кез­де пәтерді мұражай жасаймыз деп сұрап келгенде, қожайыны келісім бер­мей қойған. Тиісті орындардан адамдар бір емес, бірнеше рет келіп, қаланың бас­қа жерінен баспана беруге ұсыныс жасады. Бірақ Аня Илфимова көнбеді. Әрине, мұражай ашу құптарлық іс, мен ғана емес, кез келген риддерлік қол­дай­ды мұндай бастаманы. Басқа-басқа, Дін­мұхамед Ахметұлының Риддерге сіңірген еңбегі орасан ғой. Алайда оны шет­те қалған Береговой көшесінен емес, қаланың қақ ортасынан, көрнекті жер­ден ашса, тіптен жақсы. Адамдар да көп келеді, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге де ықпалын тигізер еді.

Иә, Қонаевтай ұлы қайраткердің үйінде «қо­қыс» жуылғаны бәріміздің де қар­ны­мыз­ды аштырды. Бүкіл ғұмырын елі үшін сарп еткен абзал жан артындағы ұрпақ өзіне осылай «сый-құрмет» көрсетеді деп ойлады ма екен?! Бәлкім, үйді өрт шалмай тұрып мемлекеттің қарауына өткізіп, мұ­ра­жай­ға айналдырғанда, қазіргідей өкініштен бармақ шайнап қалмас едік-ау...
Мұражай демекші, жергілікті тұр­ғын­дар­дың пікіріне құлақ ассақ, Қонаевты жас буын өкілдеріне жақын таныстырып, кенді Алтай өңіріне сіңірген есепсіз еңбегін паш ету­де мұндай оңды бастаманың орны бөлек.
Серік ҚАЛИМОЛЛАНОВ, Риддер қала­сын­дағы «Шаңырақ» көп­салалы мектеп-гим­назиясының география пә­нінің мұ­ға­лі­мі:
– Жастар жағы Қазақстан үшін, сон­дай-ақ Риддер қаласы үшін зор істер атқарып кеткен Дінмұхамед Қонаев аға­мыз жайлы аса көп хабардар емес. Ол кісінің кім екенін білетін шығар, бі­рақ осында тұрғанын, кен бас­қар­ма­сын­­да директорлық қызметте істегенін көбісі білмейді. Сол себепті Қонаевқа арналып мұражай ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Тарихымыздың әр қат­парын, әр сәттерін ұмыт қалдырмай кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің мұ­ра­ты­мыз. Ен­деше, ел тарихында елеулі орны бар тұлғаны ескеріп жатсақ, елдігіміздің белгісі емес пе?!

Алла сәтін салса, келесі жылдың 12 қаң­тарында қазақ жұртының сүйікті пер­зен­ті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дү­ние­ге келгеніне 100 жыл толады. Риддер қала­сын былай қойғанның өзінде қоғам қай­раткерінің ұлтымызға сіңірген еңбегінің орасан екенін айтып жатудың өзі артық.
Қаладағы тарихи-өлкетану мұра­жайын­да Д.Қонаевқа арналған арнайы бұрыш бар. Онда тұлғаның көзі тірісінде пай­даланған заттары, әр кезеңде түсірген фото­суреттер, қағаз-құжаттары, өзі жазған «Өтті дәурен осылай», «Советский Казах­стан» және «О моем времени» сияқты кітап­тары қойылған. Риддердегі ұлы тұл­ға­ның өмірінен сыр шертетін бар белгі – осы. Әрине, Қонаевтай қайраткерге ар­найы бұрыш, мұражай ғана емес, өзі еңбек еткен осынау қала атын берсе де лайықты. Де­генмен Риддер қаласы мен облыс бас­шылығы алдағы уақытта жоғарыда ай­тыл­ған олқылықтардың орнын толтырып, ұлы тұлғаның 100 жылдығы қарсаңында ша­һар­дың қақ төрінен мұражай үйін ашуға кө­мектесер деген ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста