«Қорғансыздың күнін» кешкен қазақ кітабы

«Қорғансыздың күнін» кешкен қазақ кітабы

Қазақ бір кездері оқымысты халық болды. жастар өзара  кітап оқудан жарысқа түсіп,  тіпті талай қыз бен жігіттің алғашқы таныстығы кітап сұрасудан басталғанын сол заманды көзбен көргендер айғақтай алады. Жаңа кітабы жарыққа шыққан жазушының табаны жерге тимей, сол сәттен бастап «жұлдызға» айналып, қолтаңба беруден қолы босамайтын сол бір заманда қазақша романдар – 100 мың, поэзия кітабы 60 мың таралыммен, сондай-ақ «Қазақстан әйелдері» журналы – 500 мың, «Білім және еңбек» журналы 168 мың таралыммен шықты. Бірақ бұған бүгінде біреу сенсе, екінші біреу үшін, әсіресе, Тәуелсіздік алғаннан кейін туылған жастарға бұл ертегі секілді көрінеді. Сенбейтін де жөні бар, себебі бүгінде қазақ кітабына деген сұраныстың төмендігі сондай, 500 таралыммен де кітап шығатын болып жүр. Таралымы ең көп деген «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша басылатын кітаптың өзі үш-ақ мың таралыммен жарыққа шығады.

60 миллион 1000-ға
мүсіркей қарайды...
Ең өкініштісі, мұндай жағдай әлемдік кітап нарығында емес, қазақ кітабына  қатысты ғана ушығып тұр. Себебі әлемде әлі де қаламының ұшымен байлыққа батып жатқан жазушылар аз емес. Бұған бір ғана мысал ретінде Гарри Поттердің «әдеби анасы» Джоан Роллингті келтірсек жетіп жатыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша дүниежүзіне кітаптары кең тарап, ең қомақты қаламақы алғандардың ең алдына шыққан жазушы ханым бір жылда 300 миллион доллар табыс тапқан. Осы «Гарри Поттер»  кітабының «бестселлер» атануы, біріншіден, оның саудасының дұрыс жолға қойылуынан. 60 миллион тиражбен шыққан кітап алғашқыда алты ай бойына ақша секілді құпиялықпен әлемнің барлық кітап дүкендеріне тасылып, соның бәрінде бір мезетте таңғы 3-тен бастап сатылса керек. Егер бір жерде осы кітап ерте сатылғанында, онда келесі жерде сатылғанша алғашқы сатылымы контрабандаға ұшырап, көшірмелері түпнұсқаның алдын орап кетер еді. Әлемде кітаптар осылай тарап жатқанда, біздің қазақ кітабының, орта есеппен алғанда, небары 1000 ғана данамен шығып отырғаны – үлкен трагедия. 15 миллион халқымыздың, оның ішінде 10 миллион қазағына бұл тым аз екені айтпаса да түсінікті. Олай болса, біз неге кітаптарымыздың таралымын ұлғайта алмай отырмыз? Осы мәселеге жауап іздеп көрелікші. 
 
Оқырман қалай көрерменге айналып жатыр?
Қарап тұрсақ, бір кездермен салыстырғанда, қазір техника өте жақсы жетілген. Бұрын ең маңызды деген басшылықтағы адамдардың өзінің кітабы бір айда шықса, соның өзі таңғаларлық жетістік саналған. Ал бүгінде: «мен сіздерге баспагер ретінде айта аламын, таңертең кітаптың электронды нұсқасын берсеңіздер, кешке қолыңызға кітапты тигізе аламын», – дейді «Арыс» қоры баспасының директоры Ғарифолла Әнес. Олай болса, жете дамыған техниканың көмегімен неге кітаптарымызды көптеп шығара бермейміз? Алып машина кітапты бір данадан шығарып отырмайды, сондықтан оған 1000 данаға тапсырыс берсең де, 10 000 данаға тапсырыс берсең де, бір мезетте шығарады да береді. Демек, мәселе басқада болып тұр ғой. Бұған да жауапты Ғарифолла ағамыз береді: 

Ғарифолла Әнес, «Арыс» қоры баспасының директоры:
– Басты проблема – біз оқырман жоғалтып алып отырмыз. Адамдардың кітапқа деген қызығушылығы, құрметі жыл санап кеміп барады. Соған сай қазіргі таңдағы қазақтың ең үлкен қасіреті  – білім дәрежесінің төмендеп бара жатқаны. Мен өзім университетте дәріс беремін, сонда байқағаным, әр бес жыл сайын студенттердің білім деңгейі түсіп келеді. Мұның түптамырына үңілсем, мәселе мынада екен: 90-жылдары экономикалық қиын кезең туғанда мектепті кітап оқымай бітірген бала университетті аяқтап, қайтадан мектепке сабақ беріп, олардан оқыған бала университет табалдырығын аттап үлгерді. Көрдіңіз бе, бір кездері баланы назардан тыс қалдырып едік, салдары қандай болып қайтып жатыр? Егер де біз оқырман мәселесін шешпейтін болсақ, ешқашан қазақ кітабының мәселесі шешілмейді.
Осыдан 20 жыл бұрын Алаш арыстарының еңбектерін шығару мақсатында ашылған «Арыс» қорының баспасында бүгінде 10-нан аса серияда кітаптар шығарылады. Алайда Үкіметтен соның екі-ақ сериясын шығаруға қаржы бөлінсе керек. Қалған 10 серия баспаның өз қаражатына шығады. Егер осы кітаптар түгел өтіп,  қаржы айналымы бір ізге түскенде, баспа сол қаржыға 20 серия кітап шығара алады екен. Алайда бар мәселе тағы да тиражға, оқырманға келіп тіреледі.  1000, 2000, тіпті 3000 тираждың өзі баспаға бір тиын пайда әкелмейтін секілді. ол тек қана шығын екен. Өйткені бізде кітап өндірісі жолға қойылмаған. Ал кітап өндірісі қалыптасу үшін кеңестік кезеңдегідей кітаптар жүз мыңдаған таралыммен басылуға тиіс. Оған оқырман жоқ. Бірақ бұл – осы саладағы сан проблеманың тек бірі ғана. Келесі айтар уәжіміз, кітаптың ең басты жауы – теледидар. Неге десеңіз, теледидардан күндіз-түні ағылып жатқан кино не болмаса түрлі бейнеклиптер оқырман қалдырмай, барлығын көрерменге айналдырып бара жатыр. Одан қалса интернет те – уақытты білдірмей жымқыратын «ұры».

«Кедергісіз  кеден –
өтемін де кетем»
 Бүгіндері шетелдерден, әсіресе, Ресейден кітаптар күнделікті осылай «әндетіп» келіп жатыр, көп күтпей-ақ оқырманға жетіп жатыр. «Келімсек» басылымдар мен баспа өнімдерінің нарықты жаулап алғаны соншалық, отандық өнім небары 1-ақ пайызды құрайды десек, қателеспеспіз, сірә.  Қазақ кітабының бірді-екілі жанашырлары шыр-шыр етіп, бұл мәселені кедендік БАЖ салығын көбейту арқылы реттеуді айтумен келеді, бірақ сөйтіп жүргенде, іс насырға шауып, келесі жылдан бастап шекара да, кеден де болмайтын болыпты. Ал мұның кітап саудасына қалай әсер ететінін ешкім ойлап та жатқан жоқ. Қорқатын себебіміз – біз ешқашан Ресейдің кітабымен бәсекелесе алмаймыз. Неге? Біріншіден, кітап шығаруға қажет өнімдердің барлығын Ресейден аламыз, ал Ресей ол материалдар өзінде өндірілгеннен кейін, әрине, кітаптарын анағұрлым арзанға сатады, есесіне, тиражын көбейте алады.

«Кісідегінің кілті – аспанда»
Мұнымен айтпағымыз, қазіргі кезде кітапханалар жергілікті әкімдіктердің құзырына беріліпті. Республика бойынша тек үш-ақ кітапхана тікелей Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарайды. 12 мың кітапхананың кілті қолында тұрған әкімдіктер қалай кісімсиді десеңші?!. Өздеріне жүгінген қазақ баспагерлеріне  «жеке қорлар шығаратын кітаптарға біз лобби жасамаймыз» дейтін көрінеді. Қазақша айтқанда, «сіздердің сойылдарыңызды соғуға мүдделі де емеспіз» дегендері ғой. Мұны 1961 жылдан 1993 жылға дейін шығып тұрған «Кітап жаршысы» газетін арада 15 жыл өткенде қайта жарыққа шығаруды қолға алған жазушы, «Олжас» баспасының директоры, жазушы Қанат Қайымов растай алады. 

Қанат Қайымов, жазушы, «Олжас» баспасының директоры:
– Еліміз бойынша 12 мыңға жуық кітапхана бар,  сонда 1000-2000 тираж кітап оқырманды былай қойғанда, ең құрығанда, осы кітапханаларға таратуға жетпей тұр ғой. Сондықтан жаңадан шығып жатқан кітаптар тек міндетті деп танылған аз ғана кітапханаларға барады да, қалған облыстық, ауылдық кітапханалар ондай туындының шыққанынан бейхабар күйі қала береді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз «Кітап жаршысын» шығардық. Ондағы мақсат – кітап жетпеген кітапханаларға осы басылымды таратып, сол арқылы оқырман қай жерде кімнің кітабы шығып жатқанын білсін деген ой. Бірақ осы ойымызды кітапханашылар, мәдениет орындарының қызметкерлері теріс түсініп, бізге алакөздене қарайды. Басқасы-басқа, басты кітапхана – Ұлттық кітапханадан «сіздерге материал дайындап беруге біздің уақытымыз жоқ» деген жауап күтпеп едік. 

P.S.
Ұлтқа қажет дүниелерден осылай сырт айналу қазір әкімдік атаулының әдетіне айналғандай ма?.. Сонда қарап тұрсақ, кітапты таратуға кітапханалар,  оларды басқаратын әкімдіктер теріс қараса, қалғандарына не өкпе?..  Әлде кітап тек өзінің авторына ғана керек пе? Баспагерлер дейміз-ау, олардың да бірлігі артып тұрғаны шамалы,  қанша жылдан бері «Қазақ кітабы» атты қауымдастық құра алмай жүргендері анау... Түптеп келгенде, трагедия – әркімнің жеке мүддесінен ортақ біртұтас ұлттық мүдде деңгейіне көтеріле алмай отырғандығымыз. Қысқасы, оқырман, баспа, кітапхана – барлығы «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығармай»,  қазақ кітабының көбеюі мүмкін емес. Абайша айтқанда, «Біріңді қазақ, бірің – дос көрмесең, істің бәрі бос!»...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста