"Қорқыныш болды": Төреғалидің болашақ күйеу баласы әншімен қалай танысқан (видео)
Төреғали Төреәлінің 27 жасқа толуына орай жасалған дүбірлі тойда әншінің болашақ күйеубаласы, джиу-джитсу шебері Дархан Нортаев та төбе көрсетті. Өнер иесінің қарындасына үйленуге ұсыныс білдірген спортшы жұлдызды қайын ағасымен таныстығы қалай өткені мен ол кездесуден алған әсерімен бөлісті деп жазады Youtube желісіндегі "ShowNewskz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлінің сүйіктісі жұлдызды әулет мүшесі ретінде бірінші рет қалың көпшілік алдына шықты. Қайын ағасының туған күн мерекесіне орай, Дархан Нортаев журналистерге сұхбат беріп, алғаш рет жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті.
"Қорқыныш пен қобалжу деген болады. Әкесімен, ағасымен танысқан кезде қорқыныш болды. Бірақ, өз-өзіме сенімді болдым. Өз ниетіме сенімді болдым. Сол үшін мені жақсы қабылдады" , - деді Нортаев.
Төреғалидің қарындасы да БАҚ өкілдерімен тілдесіп, тойдың күні алыс емес екенін айтып өтті.
"Көбісі ағамды қатал, мінезі ауыр деп ойлайды. Бірақ, расында ол ондай емес. Ол өте ақкөңіл. Дарханды да өте жақсы қабылдады. Өзінің бауырындай, інісіндей, бұрыннан таныс адамдай өте жылы қабылдады. Тойға да аз уақыт қалды. Ата-анамыз бір-бірімен танысты. Аллаға шүкір жақсы қарым-қатынаста" , - деп ағынан жарылды Фариза.