Қорқыт елінде – түркі әуендері

Қорқыт елінде – түркі әуендері

Сыр елінде «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтті. Түбі бір түркі әлемінің тұтастығын паш ететін шараға алыс-жақыннан көпте­ген өнер иесі ат арылтып келді.
11 елден келген дәстүрлі әншілер үш күні бойы дария бойында ән мен жырдан шашу шашты. Бұл игі іс ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп отыр. Өнер фестивалінің мақсаты үлкен. Тілі мен түрі ұқсас болғанымен, түркілер жер шары­ның әр қиырында мекен етеді. Өнер фести­валі сол түбі бір ұлттарды біріктіріп, дәстүр­лі өнерді дәріптеуге арналып отыр. Тақы­рып аясында ғылыми-танымдық конфе­рен­ция болды. 
Фестиваль барысында көптеген шара­лар өткізілді. Үш күн бойы «Жырау» атты ғылы­ми-танымдық деректі фильм көпші­лік­ке көрсетілді. Сондай-ақ Қорқыт атаның жамбасы жерге тиген жерге арнайы белгі қойылды. Абыз атындағы мемориалдық кешенде аталмыш шараның қорытындысы болды. Онда түркі тектес халықтардың әуен­­дері шырқалды. Осы маңда көне заман­ды көз алдыға алып келетін көрме ұйымдастырылды. Оны жергілікті мүсінші Шәкірбек Сәменов жасап шықты. Салмағы екі тоннадан кем түспейтін балбал тастар абыз бабаға арналып қашап жасалды.
Берік ЖҮСІПОВ, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
– Фестиваль облыста осыдан бес жыл бұрын аталмыш атаумен өткен еді. Дегенмен жалғасын таппай, үзіліп қал­ды. Соны қайта жаңғыртуды дұрыс көр­дік. Осылайша, түркі тілдес халықтардың ұлттық-музыкалық өнерін дәріптеуге жол ашылды.
Сыр өңірінде осылайша ұлы саз қайта қалықтады. Бастауын Қорқыт атадан ала­тын түркі жұртының өнері жергілікті жұрт­тың қызығушылығын оятты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста