Қостанайдағы айтыстың бас жүлдесі Шұғайып Сезімханға бұйырды
Қостанайда 29-30 қазан күндері Е.Өмірзақов атындағы "Жастар сарайы" республикалық аламан айтыс өтті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!" атты республикалық айтысқа елге танымал ақындар қатысты.
©ЭК
Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді. Айтысқа халық ақыны Әсия Беркенова, ақын, публицист, ғалым Серікбай Оспанов, ақын, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Ақылбек Шаяхмет, жыршы-жырау, фольклор зерттеуші Алмасбек Алматов, танымал айтыскер, журналист Бауыржан Халиолла қазылық етті.
©ЭК
Қостанайдағы айтыста үшінші орынға жергілікті ақын Салтанат Өтелбаева мен Нұрмат Мансұров ие болды. Оларға 500 мың теңгеден берілді.
Екінші орынға Мейірбек Сұлтанхан мен Батырлан Сағынтаевқа табысталды (1 миллион теңге).
Бірінші орынға тігілген екі миллион теңгеге 2019 жылғы "Алтын домбыраның" иегері Рүстем Қайыртайұлы қол жеткізді.
Бас жүлде темір тұлпарды Алматыдан келген Шұғайып Сезімхан иеленді.