Қостанайдағы құндылықтар құрдымға кеткелі тұр

Қостанайдағы құндылықтар құрдымға кеткелі тұр

Қостанай облысы Арқалық қаласының тарихи-өлкетану мұражайы өзінің құнды экспозицияларымен бағалы. Өзбекәлі Жәнібеков өз қолымен шаңырағын көтерген мұражайда Торғай даласының жәдігерлері сақталған. Мұражайдың іргетасы 1972 жылы қаланған. Содан бері 38 жыл өтіпті.
Арқалық мұражайын бір аралаған жан ерекше сезімге бөленетіні рас. Мұражайда қойылған құнды заттардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің өзі қолданған қоңырауы. Бір қызығы, сол қоңырау 2001 жылы ағартушының 160 жылдығында өзінен-өзі сыңғырлап тұрыпты. Бұған біреу сенер, біреу сенбес. Осы мұра­жайдағы қазақ қызының сәукелесі де – құнды дүние. Жағалай әшекеймен көмкеріліп, күміспен қапталған. Мұны да Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз кезінде өзі істеткен деседі. Мұнда қазақтың суретшісі Әбілхан Қастеевтің өз қолымен салған Амангелді Имановтың портреті де ілулі тұр.
Арқалық тарихи-өлкетану мұражайы – еліміздегі мемлекеттік 85 мұражайдың ішіндегі белділерінің бірі. Бір «әттеген-ай» дейтініміз – енді осынша құндылық құрдымға кеткелі тұр. Қазіргі кезде ең қиын болып отырғаны – мұражайдың төбесі. Төбеден аққан су мұражай ішіндегі экспонаттарға зиянын тигізіп тұр. Әйтеуір, бүгінге дейін қолдағы 75 мың экспонаттың бәрі дін-аман. Бірақ бұл – қызметкерлер еңбегінің арқасында. Егер мұражайға күрделі жөндеу жүргізіп, құндылықтарды көзіміздің қарашығындай сақтамасақ, айдың күні аманда ғажайып дүниелерден көз жазып қалуымыз кәдік. Жылда төбені жамап-жасқағанмен, еш нәтиже жоқ. Ескі дүние күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл аз дегендей, жылу жүйелері де ескіріп, әбден тозығы жеткен. Мұның бәрі де 1965 жылы жасалған. Жазғы ыстықта мұражайдың іші ысып кетіп, фигу­ра­лардың бәрі ери бастайды екен. Төбе қызып, мұражай іші 36 градусқа көтерілгенде, мұражай қызмет­кер­ле­рінен дегбір қашады. Залда орналас­тырылған конди­цио­нерлердің қатары аз болғандықтан, бұл жерді өз қал­пында ұстауға күш жетпейді.
Даладан кірген салқын жел мен те­рек­тен ұшқан үлпілдек тікелей «Табиғат за­лына» еніп, әуреге салатын көрінеді. Бұл мә­селені Қостанай облыстық мәдениет бас­­қармасы да жақсы біледі екен. Тек жөн­деу жұмыс­та­рын жүргізу үшін арнайы сме­та қажет. Дәл қазіргі уақытта ол да жа­салып жатыр. Облыс әкімі мәдениет қыз­мет­кер­ле­рімен кездесуде алдағы уақытта бар­лық мұ­ражай қам­қор­лыққа алынады деген болатын.
Гүлбану ТӨКЕНҚЫЗЫ, Арқалық қала­сы­ның тарихи-өлкетану мұражайының ди­рек­торы:
 – Қазір бізді алаңдатып отырғаны – төбеден аққан су. Осы жәдігерлерді бір күні бүлдіріп аламыз ба деп қор­қа­мын. Әбден шіріп тұрған құбырлар бір күні тесіліп, су атқыласа не болады екен­біз? Ол құбырлардың барлығы да экспонаттардың артынан өткізілген. Ол жерге бірден бара қою да оңай бол­май­ды. Биылғы жазғы ыстықта макеттер еріп, әрі қарай құлап түсті. Енді мұны бізге кім істеп береді?  Өз-ағаң басшы болып істеген дүниелерді қолдан кел­генше қамқорлыққа алсақ дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста