Қожа Ахмет баба құлағалы тұр

Қожа Ахмет баба құлағалы тұр

Ұлан-ғайыр қазақ жерінде қай кезеңде де мәдениеттің салтанат құрғанына күмән келтіре алмайсың. Әрине, оның жанды айғағы да баршылық. Олар – бағзы заманнан қалған сәулетті нысаналар, кесенелер, бал­бал тастар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгін­де елімізде ірілі-ұсақты 25 мың ескерткіш бар екен. Ал құнды жәдігерлеріміздің қара жер астында әлі де сырын ашпай жатқаны қаншама?
Осылардың ішінде күллі Орта Азия үшін орны өзгеше Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жөні бөлек. 2004 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен негізгі приоритеті тарих пен мәде­ниет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мә­де­ни мұра» мемлекеттік бағдарламасы жаса­лып, қабылданған-тын. Соның нәти­жесінде еліміздегі бірқатар кесенелер күрделі жөндеуден өткен болатын. Әрине, тындырылымды істер де көп. Алайда артық қыламын деп тыртық қылып, жөндеймін деп бүлдіріп жатқан жағ­дайы­мыз бар. Соңғы кездері Түр­кіс­тандағы Ясауи баба атымен аталатын кесене құрылысының табаны ылғалданып, қабырғалары түсе бастағаны туралы жиі айтыла бастады. Елбасының оңтүстік сапа­рымен Түркістанға келгенде «Қаз­рес­тав­рация» кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаев Ясауи кесенесіне түріктер қайта жаңарту жұмыстарын жүргізгенін, бірақ олар пайдаланған заманауи оқшаулау материалдарының ежелгі құрылыспен астасып кете алмағанын айтқан еді. Бар­лық жауапкершілікті түріктің құрылыс фир­масына аударып отыра беруге әсте болмас. Өйткені хақ исламға тән рухани құндылық бәрімізге ортақ. Алайда «Кесененің кесегі бүлінді» деген ақпардан соң толассыз жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының сапа­сына күмәндана бастадық. Тіпті төбе­сінің құлап кету қаупі бар көрінеді. Оның дәлелі күмбездің төбесі жабындымен ора­лып, жан-жағына тіреу орнатылуы сон­дық­тан екен.
Кесегі кетілген кесене
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесе­не­сінің қазіргі жағдайы алаңдатарлық жағ­дайда. Бұлай деуіміздің себебі бар. Туған өлкенің әр тасынан бастап, бір уыс топырағына дейін – қадірлеуге, қорғауға тұрар­лық құндылық. Ғасырлар бойы сақталып келген 1,5-3 метр қалыңдықтағы дуалдар, кірпіштері мен оған жапсырылған араб жазуымен кестеленген өрнекті пли­та­лар бүліне бастады. Бастысы, жерасты суы­ның ескерткішке келтірген кесірі көп болып тұр. Ол бойынша ескерткіштегі майо­ликалық өрнектер мен басқа да мате­риалдардың бүлінуі әбден мүмкін. Әрине, қайта жаңғырту бойынша жаса­лын­ған жұмыстардың сапасы сын көтер­мейді.
Әуел баста қолдан жасалынған қиянат (Черняевтың атқаруымен кесене күмбезін қиратуы) салдарынан, кейіннен түрлі таби­ғат факторынан қираған кесенені жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары 90-жыл­дардан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда он шақты жыл толассыз жаса­лынып жатқан аталмыш жұмыстардың нәтижесінен гөрі кері әсері көбірек болған­дай. Оған дәлел, кесене қабырғалары дым­қыл тартып, соры бетіне шыға бастап­ты. «Орта Азия елдері ішінде Қазақ елі – руха­ни құнды жәдігерлерге бай өлке. Дей тұрғанмен біз осы мүмкіндікті өз дең­гейін­де кәдеге жарата алмай жатырмыз», – дейді жас жиһанкез Ерлан Сыздықов. Бүгін­гі таңда баба басына зиярат етіп кел­ген туристер де кесененің ішінде емін-еркін жүре алмаймыз деп наразылық таны­туда. Себебі кесененің кіреберісіндегі үлкен Ақсарай күрделі жөндеуді қажет етеді, бірнеше жылдан бері іші өрмекшінің торындай болған сатыларға толып тұр.
Марат ТҰЯҚБАЕВ, «Әзірет Сұлтан» мем­ле­кет­тік тарихи-мәдени қорық-мұра­жайы­ның тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің жетекшісі:
–Шындығында, ұлы құндылықты қайта жаңғыртамыз деп ақауға ұшыратқанымыз рас. Мұның басында түрік компаниясы тұр. Кесенеге 1995-2000 жылдары қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген «Вакиф Иншаат» ЖШС-і негізінен құрылыс материалы ретінде ангидрит ерітінділерін пайдаланған. Ертеде ылғалға төзімді гипс қоспасын қолданған болатын. Табиғи гипс тасын 600-700 градуста күйдіру бары­сын­да ангидрит алынады. Ангидриттің гипстен айырмашылығы ол тұтқыр материал болып табылмайды. Төбесін жабуға ауа өтпей­тін пенопласпен қоса, жауын суы өтуден сақтау үшін жұқа қаңылтыр пай­да­ла­ныл­ған. Сондықтан жиі ауа алмас­па­ған­дығы себепті кесене қабырғалары дым­қыл­данып, тұздана бастаған. 

Зерттеу көрсеткендей, іргетас астын­дағы грунттар сәл-сәл деформацияға ұшы­раған. Сары топырақ тәріздес грунттар жеткіліксіз тығыздалған және отырғыш қыз­метін сақтап қалған. Ескерткіштің ірге­тасының салыну тереңдігі әрқилы бол­ған­дықтан, оның бөліктері де сары топырақ тәріздес суланған топырақта жатыр, ара-тұра құрғақ жерлері де бар. Бір анығы, жерасты суының көтерілуі кезінде сәйкессіз шөгуі де байқалуда. Бір сөзбен айтқанда, бұл кесене шөгіп барады. Бұл жайлы қала тұрғындарының да мазасы кете бастады. «Күнделікті келіп, рухани күш алып қай­татын қасиетті орынның ертеңіне ескерусіз қарай алмаймыз» дейді.
Қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары еш толастаған емес. Мұндай шаруа­лар көрші облыстарда да жүр­гізі­лу­де. Мәселен, Айша бибі кесенесі 2002 жылы соңғы рет жаңартылған. Алайда біздегідей бүлінуге ұшырамаған. Ал Түр­кістандағы қорық мұражай аума­ғындағы Рәбия Сұлтан-бегім кесенесінің күмбезі талай жылдан бері жаңғыртылуда. Үстін­дегі ағаштан жасалған торынан басқа, онда жұмыс істеп жүрген тірі жанды көре ал­майсың. Құзырлы орындар осының бәрін түсінеді. Дегенмен әлі күнге дейін нақты жұмыстардың шеті көрінер емес. Қап­тал­ған жапсырмалардың мүжіліп түсуге айналған кірпіштері де сол баяғы қаз қал­пын­да. Ең қорқыныштысы, қала тұрғыны айтқандай, кесене бір күндері опырылып, құлап қала ма екен деген қауіп бар. Олай дейтініміз, кесененің қабырғасы әбден зәктеніп, мүжіле бастаған көрінеді. Түркіс­тан қаласының 6 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал аймақта орналасқанын ескер­сек, бұл қауіптің тектен-текке шықпа­ға­нын байқауға болады.
«Сапасыз атқарылған жұмыс салда­ры­нан кесене іргетасының гидроизоляциясы, бөлмелерінің желдетпе жүйелері сыр берген. Осының салдарынан қазір кесе­не­нің қабырғалары тұздана бастапты. Ал бұл кірпіштің үгітілуіне, оның сапалы құрамын жойып, езілуіне әкеліп соққан. Бұдан кесене үстіндегі үлкен күмбездің құлау қаупі туып отыр» дейді кейбір мамандар.
«Мәдени мұра» бағдарламасы қа­был­данғалы бері қазірге дейін оңды істер істелініп келеді. 78 тарих және мәдениет ескерткіштерінде рестав­ра­ция­лық жұ­мыс­тар аяқталды. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізіліпті. Соңғы бірнеше жыл ішінде Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел  мұражай-қорығы жасалған. Тәуелсіз Қазақ­стан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвен­тари­за­ция­сы өткізілді және республикалық 218 нысан және жергілікті 11 277 нысан, маңызы бар тарих және мәдениет ескерт­кіш­терінің тізімі қабылданды. Дегенмен осылардың басында тұрған ұлы сәулет құрылысы кесенесінің кейпін көріп, істе­лінген істің қаншалықты деңгейде екен­ді­гі­не көз жеткізуге болатындай.

P.S.
Тарихи мұраның қорғалуын, сақталуын қамтамасыз ету ел болып атқаратын міндет әрі Қожа Ахмет Ясауи кесенесін ортақ игілігіміз ретінде тұтыну үшін оның бүлінуіне, тозуына әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың алдын алуымыз қажет. Сондықтан, қорыта айтқанда, кесенені сақтау жұмыстарымен тікелей айналысатын ғылыми-зерттеу орталығын құру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұл көптеген мемлекеттердің тәжірибесінде бар және оң нәтижесін беріп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста