«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» кесенесіне көпір салынды

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» кесенесіне көпір салынды

Халық ауыз әдебиетінде 16 нұсқасымен әйгілі, он бес ғасырлық тарихы бар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастаны туған Аякөз өңірінің қазақ даласындағы орны ерекше. Дегенмен, аңыздар мекенінің атын шығарып тұрған Аякөз ауданындағы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кесенесіне жылдам апаратын жол қажеттігі ел ішінде жиі айтылатын.
Өйткені, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жердегі Аягөз өзенінің бойынан көз тартқан ғашықтар кесенесін бір көруді армандап келетіндер көп. Оның үстіне кесененің тарихи маңызы қандай екендігі айтпасақ та белгілі. Алғаш рет Шоқан Уәлихановтың назарына іліккен мазардың X-XI ғасырда тұрғызылғандығын зерттеп Әлкей Марғұлан да көп еңбектенді. Григорий Потанин, Василий Радлов секілді ірі орыс ғалымдарының да оған бей-жай қарамағандығы ақиқат. Міне, осы мысалдардың барлығы да сайып келгенде құнды тарихи жәдігерді бағалау керектігіне мәжбүрлейтін. Ал жақында Аякөз өзенінің үстінен салынған жаңа көпір пайдалануға беріліп, жұрт көкейінде жүрген жай шешімін тапты.
ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру және туризмді дамыту мақсатында салынған ұзындығы 146 метр болатын көпірдің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мұнарасын әлемге танытудағы рөлі зор. Көпір аяқталған жерден бастап кесенеге дейін 900 метрлік тас жол төселген. Сонымен қатар, бұл көпірдің Тарлаулы ауылдық округін Шұбартау өңірімен де байланыстыратын тиімділігі бар.
2012 жылы тас жолдың жөндеуіне республикалық бюджеттен 375 млн теңге, жаңа көпірді тұрғызуға 100 млн теңге қаражат бөлінген екен. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 20 млн, облыстық бюджеттен қосымша 46 млн теңге қаржы бөлініп, жаңа көпір халық игілігіне берілді. Демек, енді қолда бар алтынды қадірлеуге де жол ашық деген сөз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста