Қ.Қуанышбаев театрына академиялық театр мәртебесі берілді
Елбасының шешімімен осындай мәртебеге ие болған өнер ұжымы – Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Азғана уақыт ішінде Қаллеки сынды қазақтың ғажап тұлғасының есімін иемденген театр көптеген жетістіктерге жетіп үлгерген.
Естеріңізде болса, театр өз шымылдығын 1991 жылдың 15-інші қарашасында Жақып Омаровтың сахналауындағы Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымымен ашқан болатын. Содан бері 20 жылда өнер ордасы ел сахналарымен қатар, шетел театрларының сахнасын бағындырып үлгерді.
Театр шаңырағын бүгінгі таңда Тәуелсіздігін тойлап жатқан қазақ даласына мәдениеттің дәнін сеуіп жүрген бірден бір өнер ордасы деп айтуға негіз бар. Бүгінде Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев пен Астана қаласының әкімі И.Тасмағанбетовтің әкімшілік ғимаратына арнайы келіп, Президент шешімін жария етуі осы еңбектің дәлелі іспеттес.
Театрдың баспасөз қызметі