«Құлансаз» америкалықтарды тамсантып қайтты

«Құлансаз» америкалықтарды тамсантып қайтты

Ақпан айының 17-сі мен 27-сі аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон, Лос-Анжелес қалаларында концерт берген халықтық фольклорлық-этнографиялық «Құлансаз» ансамблі елге оралды. Сонау 1980 жылдары дарынды композитор Әсет Бейсеуов пен белгілі режиссер Төлеу Қосанов іргетасын қалаған ансамбль осыдан екі жыл бұрын қайта жаңғырып, халықпен қауышқан болатын. Осы екі жылдың ішінде ұлттық өнерді дәріптеуші ансамбль өз еліміздің аймақтарынан өзге, Ресейдің астанасы Мәскеуге, ТМД елдеріне, Германия, Польша мемлекеттеріне, Кореяға барып, өнер көрсеткен болатын. «Құлансаздың» бұл жолғы АҚШ-та қойған концерті ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.
Осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінен Алматы облыстық мәдениет басқармасына ұлттық-фоль­к­лор­лық ансамбльді концерттік бағдарла­масымен АҚШ-қа жіберу туралы ұсыныс түседі. Басқарманың таңдауы халықтық фольклорлық-этнографиялық «Құлансаз» ансамбліне түсіп, өнер ұжымы АҚШ-қа аттанды. Ұлттық өнердің тұнығынан сусын­даған өнерлі жастардан құралған ұжымның қоржынында халық әндері мен күйлері, әдемі билері, әйгілі күйшілеріміз бен ақын-жырауларымыздың, есімін ел танитын саз­герлердің шығармалары жетерлік. Данияр Сқақов, Алма Аманжолова, Айым Қо­ғамо­ва, Аяулым Сәдіғалиева, Жанель Сембаева, Айзат Қарабекова, Марта Төлепберген, Ал­мас Жұмағалиев сынды жас дарындар өнер көрсететін ансамбль өзінің асқақ рухы­мен ерекшеленеді.

Арнұр Садықов, «Алатау әуендері» кон­церт­тік бірлестігі директорының орын­басары:
– Өнерсүйер қауымға белгілі, был­тырғы жылдан бер «Құлансаз» ансамблі мем­лекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп­орын ретінде «Алатау әуендері» концерттік бірлестігіне өтіп, дәрежесі өсті. Ал шығар­машылық тұрғыда «Құ­лан­саз» ұлттық на­қыш­тағы ән-күйлерді, билерді насихат­таушы өнер ұжымы ретінде халыққа кеңінен танымал. Еліміз Тәуелсіздік алғалы қазақ халқының мә­де­ниетін әлемге таны­тып жүрген өнер­паз­дарымыз көп. Солар­дың бірі – осы «Құ­лансаз». Ансамбльдің АҚШ-та қой­ған концерті өте жоғары дәрежеде өтті деуге әбден болады. Нью-Йорктегі Кар­неги залы халыққа толы болды. Әсіресе Вашингтонда өткен концерт ерекше атап өтуге тұрарлық. Тәуелсіз­дігіміздің 20 жылдығына және Наурыз мерекесінің бастамасына орайластырылған бұл концерт 19 ақпанда Американың «Пре­зи­дент күні» деп аталатын мерекесімен тұспа-тұс келді. Вашингтондағы «Құлан­саздың» салтанатты концерті америка­лықтарға дәл мереке күні үлкен сый болды. Елбасы туралы «Қазағымның қанаты» әні орындалғанда Америкада тұратын қазақ қандастарымыз, басқа елден барған қазақтар орындарынан тұрып қошемет білдірді.

«Құлансаз» ансамблінің көркемдік жетек­шісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Ержан Қосбармақов бастап барған өнер ұжымы америкалықтарды тәнті етіп қайтты. «Құлансаз» өнерпаздары шетел­діктерді біздің ұлттық аспаптарымызда Моцарт, Гершвин, Джоплин секілді әлем классиктерінің шығармаларын орындау арқылы таңдай қақтырды. Көз тартар әдемі ұлттық киім­дерді киіп, мың бұралған биші қыздарымыз «Жетісу», «Көктем», «Тұмар қыз», «Гүл­дариға», «Биші қайың» билерін орын­­дағанда сұлулыққа тамсанбаған кө­рер­мен болмады. «Қарасай», «Қызыл қайың», «Серпер», «Көрұғлы» т.б күйлер екі шекті қара домбыра мен киелі қобыз­дың құдіретін танытты.
«Құлансаз» фольклорлық-этно­гра­фия­лық ансамблінің музыкалық жетекшісі Ма­рат Жалбыровтың айтуынша, кон­церт­тен ерекше әсер алған жергілікті халық өнер­паз­дарымызға жеке-жеке келіп таңға­лыстарын білдіріп, алғыстарын жауды­рысты. Қазақ халқының ұлттық дәстүріне экзо­тикалық дүние ретінде қарайтын аме­ри­калықтар концерт соңында өнер ұжы­мына келіп, ұлттық аспаптар мен ою-өр­нек­ті киімдерді қолдарымен ұстап көріп, көте­ріңкі көңіл күймен тарасты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста