«Құлансаз» ансамблі еліміздің дүбірлі тойларына үлкен үлес қосып жүр
Көмейіне бұлбұл ұялаған әншілер мен мың бұралған бишілердің, талантты күйшілердің басын қосқан «Құлансаз» ансамблі Алматы төрінде ғана емес, еліміздің барлық қалаларында, шетелдерде өнер көрсетіп жүр. 1979 жылдың басында композитор Әсет Бейсеуовтің жетекшілігімен құрылып, атауы сазгердің әнімен аталған ансамбльді биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ерекше конценттік бағдарламамен ел аралап концерт берген ұжым еліміздегі дүбірлі тойларға атсалысып, өз үлестерін қосты.
Кеңес дәірінде-ақ дүрілдеп аты шыққан ансамбль алыс-жақын шет елдерді аралап, атағы жер жарды. 2011 жылы Алматы облысы әкімінің «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі «Құлансаз» фолькорлы-этнографиялық ансамблі болып, жас буыннан қайта жаңғырды. Бүгінгі таңда өз бағыт-бағдары, ерекшелігі бар ансамбль Корея, Қытай, Ресей, Германия, Польша, Америка елдерінде ұлттық өнерімізді насихаттап талайды өнерлерімен тәнті етті.
2014 жылы «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі XVI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Халық музыкасы» номинациясы бойынша І орынды иеленді. Сонымен қатар бірнеше республикалық байқаулардың лауреаты атанды.
Директордың міндетін атқарушы – Абзал Қуанышұлы. Республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші.
Директордың орынбасары – Ербатырова Ұлпан Құдайбергенқызы.
Ансамбль биылғы жылғы ауқымды жоспарларына сәйкес ерекше бағдарлама әзірлеп, еліміздегі тарихи оқиғаларға, мерейтойларға атсалысты. Солардың ішінде ең маңызды іс шаралардың бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толу мерекесі. Республика көлемінде аталып өтілетін ауқымды шараға «Құлансаз» ұжымы да өз үлесін қосып келеді. Осындай мерекелік концерттік бағдарламалармен Алматы облысы Іле, Талғар, Райымбек, Нарынқол аудандары мен Алматы, Қапшағай, Үшарал қалаларында гастрольдік сапарлармен көпшіліктің алғысына бөленіп, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарына бөленіп жүр.
«Құлансаз» ансамблінде барлығы шамамен 67 адам аянбай еңбек етуде. Оның ішінде: 11 аспап әртісі, 8 балет әртісі, 13 әнші бар. Ерекшелігі: жоғары білімді, жан-жақты, мысалы, әншілердің көркемдік жетекшісі Жадыра Исабекованың бастауымен топ әншілері эстрада жанрындағы әндер мен қоса, халық әндері мен опера жанрындағы әндерді де жоғарғы деңгейде халық алдында жанды дауыспен орындайды. Сербияның Белград қаласында «20-ғасырдың Гомері» атанған, жыр алыбы Жамбыл бабамыздың 170 жылдық мерейтойына арналып ескерткіш қойылды. Осы мерекеге Елбасымыз да арнайы қатысқан еді. Сонда Серб халқына құрмет ретінде Саша Милошович Маренің сөзіне жазылған Владимир Грайчтің әні «Молитваны» әншілеріміз Жадыра Исабекова, Айдана Ұшманбетова, Гүлзат Әбдікәрімованың орындауларында сүйсіне тыңдаған болатын
Аспаптық ансамбльдің репертуры да өте бай. Халық күйлері мен қазіргі заман композиторларының күйлері, сондай-ақ сан алуан әндерді ансамбльдің коркемдік жетекшісі Марат Жалбыров өңдеп, ансамбльдің қыз-жігіттері өз орындауларында халыққа шебер жеткізуде.
Концерттік бөлімнің меңгерушісі – Такежанова Гүлшат Ақатқызы
Мысалы: Қуаныш Жұмағалидың «Алатау сазы», Абылай ханның «Қара жорғасы», Айтқали Жайымовтың «Отпан тауы», Нұрғиса Тілендиевтің «Қабан жырау» күйлері халыққа рух сыйлайды.
Ансамбль бишілерінің де өз ерекшеліктері бар. Бас балетмейстер Әсел Ержанқызының «Аққу» биі, «Ерке қызы» қазақ қыздарын нәзіктік пен еркелікке шақырғандай. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Марат Жалбыров. Әншілердің көркемдік жетекшісі – Жадыра Исабекова.
Алдағы уақытта ансамбль репертуарларын одан әрі байытып, халық жүрегінен орын алуға ары қарай да еңбек етпек.. Дәстүрлі ән-күйлерімізді жанды дауыста орындап алыс-жақын шетелдегі көрермен көз айымына айналуды да мақспат етіп отыр!
Алаш айнасы