Құлыншақ ақын туралы кітап шықты

Құлыншақ ақын туралы кітап шықты

Қазақта Құлыншақ деген ақын өткен. Оның есімін кейінгі ұрпақ біле бермеуі мүмкін. Десек те, өз заманында Алты алашқа аты мәлім болған дүлдүл ақынның ардақты есімі мен мол мұрасын кейінгілерге насихат етіп, таныстыру мақсатында әдебиет зерттеушілері мен тарихшылар біршама еңбектенген. Нәтижесінде биыл «Нұрлы әлем» баспасынан «Қара дауыл Құлыншақ» атты кітап жарық көрді.
Олжалы кітапты баспаға дайындаған – филология ғылымының кандидаты, доцент Саттар Өмірзақов. Әдебиеттану ғылымына қосар өзіндік үлесі бар осы бір жинаққа алғы сөз жазған ғалым, фило­логия ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы Құлыншақ ақын туралы көптеген мәліметтерді ұсынады.
Дандай Ысқақұлы, филология ғылы­мының докторы, про­фессор:
– Құлыншақ Қаратау өңірі ақындық мектебінің аса ірі өкілі ретінде аты аталып жүргенімен де, оның поэзиялық мұрасын жинап, бастыру, ғылыми тұрғыдан баға беру, оқырманға таныстыру өз дәрежесінде болып келді деп айта алмаймыз. Оған басты себеп – ақынның халық қамын жыр­лағандығы, отаршылдық саясатқа қарсы шыққандығы, діни-ағартушылық бағытта болғандығы, ең бастысы, әділеттілікті жыр еткендігі. Әрине, мұндай ақынның патшашыл отаршылдарға да, кеңесшіл отаршылдарға да ұнай қоймасы анық еді. Құлыншақ, ең алдымен, халықшыл ақын.

«Әңгімесін естісең,
Жаһаннан асқан ғұлама.
Қылған ісін байқасаң,
Батқандай белден күнәға» деген жолдарды оқығанда Абайдың «Бойы бұлғаңы» еске түседі. Жыраулық дәстүр үлгісінде жазылған «Не ғаріп?», «Тәнің де мейман жаныңа...», «Тыңдаушың жаман кездессе», «Бидің әділ болмағы», «Не жақсы?», «Би болмас белін жалпақ буған­менен» сияқты өлеңдері өмірдегі жақсы мен жаманды ажырата білуге үндейді. «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Құлын­шақтың термесі», «Жаратылыс туралы» сияқты өлеңдері өмір, өмір сүру­дің мәні мен мақсаты, тіршілік туралы терең толғаныстарға толы.
Қ.Кемелұлы – елінің есендігін, егемен­дігін ойлап, жыр төккен күрескер ақын. Ол орыс отаршылдарының озбырлығына ашық қарсы шығады:
«Жайлауымды жау алып,
Ықтияр кетті-ау күллі елден...
Қаптаған хахол сыймайды,
Қазақтан алды қонысты.
Қазынаға қарыздар,
Халық көбейді борыштар...
Қадақ болған кісідей,
Ала алмай жүрмін кегімді.
Жансыра болған
                             жыландай,
Киреңдетті белімді», – деп, кейінгі ұрпақтарды мына заман­ның беталысы жаман, осылайша кете берсе, жаман­шылыққа апарып соқтыруы мүмкін екендігімен сақтан­ды­рады.

Бұл кітапқа ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр­дың бас кезінде қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау өңірінде өмір сүрген, зама­нында аса танымал болған ақын Құлыншақ Кемелұлының шығармалары, ақын жөнінде бұрын-соңды жарық көрген зерделі зерттеулер, бертін келе табылған жазбалары мен тарихи жәді­герлері топ­тастырылған. Жинақтың ғылыми кеңесшісі – профессор Мекемтас Мырзахметұлы, мәтіндерді жинақтап, жеткізушілер: Алмас Ақылбек, Орынбек Жолдыбай сынды қаламгер азаматтар. Сондай-ақ Тұрғанбай қажының шөбересі Төреханқызы Шолпан қажы, Аққолтық елді мекенінің тұрғындары Ескендір Ерманұлы, Нұралы Ділдабекұлы, Тұмартай Дінтайұлы және Жартытөбе ауылындағы Құлыншақ Кемелұлы атын­дағы орта мектептің ұжымы мен жеті­сайлық Есен­гелді Көпжанов сынды азаматтар Құлыншақ ақынның өмірі мен шығар­машылығын зерттеу барысында қол ұшын берген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста