Құмай құсқа «сақал» қайдан жабысты?

Құмай құсқа «сақал» қайдан жабысты?

Ағымдағы жылдың тамызында газетіміздің №141 нөмі­рін­де журналист Әділжан Үмбеттің «Құмай құс қайда жүр екен?» атты мақаласы жарияланған болатын. Онда автор «құмай» сөзінің астарына үңіле келе, ондай сөздің қолданыстан шығып бара жатқанына назар аударып, осындай құс атаулының да кейінгі кезде көп айтылмай кеткенін қаперге салады. «Құмай құс қайда жүр екен?..» деп аяқталатын осы мақаланы оқып, әсіресе бала күнімізде аспаннан алып құс көрсек, «құмай, құмай» деп тұра қашатын бізді де ойландырған еді. Біз ғана емес, көзіқарақты көптеген оқырман бейжай қалмаған болды деген ойдамыз. Бұған жақында «Алаш айнасының» Астана бюросына келіп, өз пікірін хатқа түсіртіп кеткен Хауан Хайролла ағамыздың жауабы да дәлел бола алады. Жоғарыдағы мақала жарияланған газеттің сол санындағы сатирик Көпен Әмірбектің хадистен келтірген «Өзіңнің біліміңді жұрттың пайдасына жаратпасаң, онда алтынды күзеткен қойма­ның қарауылы ғанасың» деген мысалы да биолог-ұстаз Хауан Хайролланы газет арқылы жауап жазуға итермелеген секілді. Соған орай, төменде автордың мақаласын толығымен ұсынбақпыз.
Әділжан бауырымыз, негізінде, та­зыға қосылып айтылатын «құмай» сө­зінің мағынасын таппақ, ашпақ бо­лып көп ізденгені, халық арасына сұрау салып, кейбір мамандар, ғалымдардан сұрастырып, аңыздарға да назар сал­ғаны білінеді. Сосын «құмайдан та­зы шық­қан» деген жорамалға да соқ­пай кет­пейді. Алайда «құмай құс, міне, мынау» дейтіндей ешқандай дәйек тап­паған сыңайлы. Тек жаһандық желі сана­латын интернеттен «таулы жерді мекендейтін үлкен құс» дегенге саятын деректерге жолығыпты.
Ал енді осы сұраққа сол құмай құс­ты көзімен көріп, қолымен ұстаған адам және де биолог маман ретінде жауап бе­ре кеткен әрі құмайды газетке суре­ті­мен қоса жариялаған абзал деп түйдім. Менің пайымымша, құмай құс ешқайда да жоғалған жоқ, тек оның атауын өзгер­­тіп жіберген. «Қазақ­стан­ның жа­н­уар­лар әлемі» атты үлкен эн­цик­ло­пе­дияда да құмай­дың суретінің ас­тына қазақ­ша­сын­да «сақалтай», орыс­ша­сын­да «бородач» деп беріліпті. Бұдан шығар қорытынды: кітапты құрас­тыру­шылар осы құстың атауын тікелей орысшадан аударған не бол­маса әлгі құсты қазақша атауымен емес, моң­ғол­ша атауымен аударып, жа­зып жіберген. Орысшадан тура аудар­ғы­сы келгендер болса, оны «сақалды» деп аударулары керек еді. Мұндай мәселеге қатысты тағы бір мысал: Барқытбел тауын жоң­ғар шапқыншылығы кезінде келген моңғолдар суыры көп болған соң «Суыр­лы», яғни моңғолша айтқанда, «Тар­вгатай» деп өздерінше атап кеткен.
Сол атау әлі күнге дейін сақталып қал­ды. Барқытбелдің бұрынғы атауын ұмыт­тыр­май, қайта оны қайтарып қою да – осы күнгі ұрпаққа аманат.
Ал негізгі тақырыпқа келсек, құмай құс­ты 1972 жылы бала күнімізде музейдің тапсырысы бойынша әкеміз атып әкелген еді. Ол – қара құстар тұқымдасына жататын ғаламат сұлу құс. Сол құсты сойып, тұлып (чучела) жасағанда мен әкемнің жанында көмектесіп отырдым. Сонда құмай етінің емдік қасиеті өте зор болғандықтан, адам­дар зәрулікке деп бәрін талап әкеткені әлі есімде. Тіпті осыны естіп, сонау алыстан келген бір ағайын құмайдың кепкен тілін де алып кеткен еді. Қазақ арасында құмай түйенің ортан жілігін бітеу жұтады деп ай­ты­латын. Ал мен көрген құмайдың асқа­за­нын­да таутекенің үш сирағы (аңшылардан қалған ғой) болды, сирақтар кәдімгі мал­та­ған (карамель) секілді еріп кетіпті. Сойып жатқанда асқазаны ұдайы ауырып жүрген екі жігіт те келіп, құстың асқазанынан шық­қанды сүзіп, оған су қосып ішкенін де кө­зім­мен көрдім. Ал сол кісілер қазір де аман-сау жүр, жастары сексенді еңсерді.
Құмай – Gypaetus barbatruc, яғни қара құстар тұқымдасына жатады. Ол сүйекпен қоректенумен қатар, табиғатқа ерекше бейімделген. Тасбақа, кірпі, жылан тәрізді жай қозғалыстағы жануарларды да кө­те­ріп, биіктен тастап жіберіп азық етеді. Қазір ғалымдардың Оңтүстік Шығыс Африка тауларындағы құмайдың тіршілік етуін то­лық зерттеген деректі бейнефильмдері сатылымда жүр (диск түрінде). Содан осы құмай туралы бәрін білуге болады. Құмай Еуропада ХІХ ғасырда құрып кеткен болса, Орталық Азияның биік тауларында әлі қа­лып­­ты жағдайда тіршілік етуде. Аң азайып, жем табылуы қиындаған сайын олардың да саны біраз кеміп кеткен болуы да мүмкін. Дегенмен мен осы өткен жаздың тамыз айында балапанын баулып жүрген құ­май­ды Алтай тау жоталарында ұшып жүргенін көр­дім. Жалпы, құмайды тану қиын емес. Оның мойны, төсі құрсағымен ашық сары түсті (сары ала қаздың түсіне ұқсас), құй­ры­ғы доғалдау, ұзын, сына тәрізді болып келеді. Иегінің астында бір шоқ сақалы бар болғандықтан, оны басқа құстан бірден жақ­сы айыруға болады.
Осыны түйіндей келе, біздің құрас­тыру­­шыларымыз құмай құстың атауын өзгертіп жіберген дегенді шегелеп айтқым келеді. Соның салдарынан құмайдың қазақ­ша атауы жоғалып, ұрпағымыз оның қандай құс екенін елестете де алмай жүрген жағдайға жеттік. Бұл тұрғыдан құмай атауын табу ниетімен көпке ой тас­тап, сұрау салған журналист Әділжан Үмбет бауырымызға дән ризашылық біл­дір­гім  келеді. Сонымен қатар мақалада айтылған басты сұрақ – тазы иттерге мадақ ретінде айтылып келген «құмай» сөзінің қалай шыққанына келсек, бала күнімізден жаттап өскен батырлар жырында («Қо­бы­лан­ды батыр» болуы керек) жас батырдың саятқа шыққан сәтін жырау:
Қыран бүркіт қолында,
Құмай тазы соңында,

– деп келтіреді. Бұл жерде бүркітті «қыран» деп мадақтаса, ұйқас үшін келтіріп, тазыға «құмайды» алып отыр. Оның өзі иттің аңды қуса өте әбжіл қимылдап, бас салатынына да байланысты. Мұнымен қоса, құмайдың жемін сүйегімен бірге жұта салатын сондай бір адуын қасиетін теңеп айтқаны ма деп те ойлаймыз. Әйтпесе тазы иттің құмай құстан шықты дегенінен (биологиялық тұрғыдан біреуі – сүтқоректілер, бірі құстар кла­сына жатады) гөрі Рим аңызындағы Ромул мен Ром қаншық қасқырдың емше­гін еміп өсті дегенге сену оңай болар.
Сөз соңында айтарым, құмай құсты біле­тін басқа да адамдар, ғалымдар білгенін айтар, пікірге келер, сосын қате­лік­тер болса, ол да ресми түзелер (аудар­мадағы). Ал енді құстың атауындағы осы олқылықтарды басылым арқылы, бүгінгі баспасөз арқылы өзіміз түзетіп отырсақ-етті. Сонда қазақтың құсқа қатысты да бір атауы қайтарылып, келешек ұрпақ сол құсты ата-бабасынан қалған төл қазақша атауымен дұрыс атап үйреніп кетсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста