«Құрметке» лайық журналист

«Құрметке» лайық журналист

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, кеше елімізге есімі танымал публицист-журналист Айтбай Сәулебектегі Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапат­талды. Награданы Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов Кеншілердің мәдениет сарайында өткен салтанатты жиналыста табыс етті.
Айтбайдың есімі қазақ оқырмандарына жақ­сы таныс. Ол «Лениншіл жас» (кейіннен «Жас Алаш») газетінде Орталық Қазақстан об­лыстары (Қарағанды, Жезқазған және Ақмола) бойынша меншікті тілші, Қа­ра­ған­ды облыстық «Орталық Қазақстан» га­зе­тінде бөлім меңгерушісі, республикалық «Азия транзит» газеті мен журналында бас редактор болып, сондай-ақ рес­­­публи­калық «Қазақ елі» газетінде қызмет ат­қар­ған. Бүгінде «Дала мен қала» газетінің Қа­ра­ғанды об­лысы бойынша меншікті тіл­шісі.
Әріптесіміздің абырой-атағы да бір ба­сына жетерлік. Атап айтқанда, Қа­зақстан Жур­на­листер ода­­ғының, БҰҰ-ның Қа­зақ­­­стан­дағы, Қа­­­ра­ған­ды об­лысы әкі­мі­нің жур­на­лис­терге бе­­рілетін «Ал­тын сұң­қар» жә­не жа­зу­шы­лар­ға арналған «Ал­тын жолақ» сый­­лық­та­ры­ның лауреаты. Әрі­п­тесіміз сондай-ақ 2009 жылы Пре­зи­денттің бұқаралық ақпарат құралдары са­ласындағы сыйлығын иеленді. Жеті кі­тап­тың авторы.
Айтбай Сәулебектегі 2008 жылы «Ас­та­на – 10 жыл» мерекелік медалімен ма­ра­патталса, енді, міне, Тәуелсіздік күні қар­саңында Елбасымыздың Жарлығымен «Құр­мет» орденін кеудесіне тақты.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста