Қымбатшылық қалыңмалға да жетіпті...

Қымбатшылық қалыңмалға да жетіпті...

Бүгінде арзан деген сөзді тіптен есітпейтін болдық қой. Тіптен архаизмге айналып кететін түрі бар. Өйткені арзандап жатқан дүниені көрген көз жоқ. Керісінше күн сайын еститініміз қымбатшылық, қымбаттап барады деген сөз. Азық-түлік қымбаттады, жанар-жағармай да, дәрі-дәрмекті қосыңыз оған. Айналып келгенде қымбаттамаған нәрсе қалмады. Қымбатшылықтың қоныс аудармаған бір ғана «ауылы» бар еді. Қалыңмал деген. Биыл оған да аяғы жетті. Ұлын үйлендіріп, өрісін кеңейткісі келгендердің бүгінде аузындағы әңгімесі осы. «Қымбатшылық қалыңмалға да жетіпті ғой». Мөр басып, қолмен қойғандай болмаса да алғалы отырған келінге қалыңмал төлеу жазылмаған дала заңы іспетті.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты кітабында әжесінің айтатындай «Қалыңсыз қыздың қадірі болушы ма еді?» расында... Көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге өткеннің өнегесі жоқ деп өзеуреп, тас атқысы келгендер болғанымен, алтынның сынығындай болған игі дәстүрлеріміз әлі де өз жалғасын тауып келеді. Құда түскен қыздың ата-анасына берілетін қалыңмал заманына қарай өзгеріп, түрлене түсуде. Өзге өңірлерді қайдам, ұлыстың ұйытқысы болған оңтүстікте бұл кәде әлі де бар. «Қалыңмал беру – қызды сатып алу» деген ниеттен жоғары тұрған киелі ұғым. Арнайы қағаз бетіне түсіріліп, бұлжымас заң ретінде бекімесе де, қоғамда қалыңмал төлеп үйлену, бұлжымас дәстүрге айналғаны шындық. Сол себепті де қалыңмалы төленген қызды «қалыңдық» деп атаған. Күйеу жігіттің әкесі қалыңмал төлеуге міндетті болса, қыз әкесі де қыз жасауын беруге дәл солай міндетті. Қалыңдықтың әкесі қалыңмалдың көлеміне қарай жасау әзірлеткен. Қалыңмалсыз келген қызды қадірсіз санаған... Қалыңмалға берілетін кәдені бұрынырақта малмен есептегені белгілі. Мәселен, қара мал қалың малдың ең өзекті бөлімі саналған. Оған ірі қара саны бір жиырма, бес жиырмаға дейін яғни 21-25-ке дейін барған. Қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны той малы 20-70 бас жылқыға дейін жеткен. «Сүт ақысы» деп қалыңдықтың анасына берілетін 1-7 түйе, қыз әкесінің «ата күшіне» төленетін ақы да ірі қарамен есептелген. «Жігіт түйе» деген де жоралғы бар. Бұған 2 түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер-тұрман берілген. «Ілу» деп қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін кәдені айтқан. Егер «ілуге» көп қаражат жұмсалса, тиісінше, қара мал саны азайтылған. «Дөңгелек қалың» дегені тағы бар. Ол он шақты қарадан аспаған (кедейлер ортасында жүрген). «Балама» қалыңға 10-15 ұсақ мал орнына, бір тәуір жылқы берілген. «Олқы» қалыңға 37 ірі қара – әйелі өліп, балдызын алғанда төленген. Бүгінге дейін сақталынған «қырық жеті» дегені де бар. Әйелі босанғанда «кім туды?» деп сұраса, «қырық жеті» деп жауап беретіні осы дәстүрге байланысты туған. Қыз жасауы да қалыңмалға қарай берілген. Ежелгі салт бойынша сәукеле мен қымбат әшекейден басқа қыз киімі түгел тоғыздан берілген. Қалыңдықтың бас киіміне ерекше мән берілген. Сәукелені қалыңдық күйеу жігіттің ауылына келін болып түскенде ғана киген. Сондықтан да оны ешкімге бермеген... Естеріңізде болса, Қазақ әдебиеті әлемінде тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің де алғашқы шығармасы осы «Қалыңмалға» арналған-тын... Ескілікті салт-дәстүрлерге мейілінше теріс көзқараста болған Кеңестік Одақта дәл осы дәстүрге «әйелдердің құқығын шектейді» деген сылтаумен тиым салғаны белгілі. 1922 жылы қазақ Үкіметінің қалыңмал мен көп әйел алушылыққа тиым салған декреті шыққан. Араға біршама уақыт салып барып, 1928 жылы БК (б) П Қазақстан Өлкелік комитетінің хатшылығы «Қалыңмал мен көп әйел алушылық жойылсын» деген қазақ өлкелік қоғамының жарғысын бекітеді. Осылайша ескіліктің сарқыншағы деп зорлықпен санасына сіңірген. Алайда ұлттық таным-түсінігі жоғары ата-бабаларымыздың арқасында ұлттық тін жоғалмай бүгінгі күнге жетті. Енді заманына қарай амалы болып, жыл жылжыған сайын түрленіп, жаңаша сипатқа енуде. Ел арасындағы сөзге құлақ түрер болсақ, бүгінде оңтүстік өңірде қыздың қалыңмалы орташа есеппен алғанда 300-500 мың теңгеге жетті. Былтыр бұл баға – 200 мың теңгенің айналасында болатын. Араға бір жыл салмай қалыңмал қымбаттап кетті. Әрі бір облыстағы әр ауданда қалыңмал көлемі әр түрлі. Бұрынырақта қалтасы қалыңдар ғана Мақтааралдың қыздарына құда түсіп жататын. Өйткені мақталы өңір Мақтааралда ең қымбат қалыңмал болатын. Бүгінде де осы қарқын сақталған. Ақ алтынды өңірде қалыңмал көлемі 300-700 мың теңгені ұстап тұр. Ал ең арзаны 250 мың теңгенің көлемі Отырар, Түркістан, Сайрам аудандарында сақталған. Арыс ауданында – 270, Төле биде – 280, Түлкібаста – 250-280 мың теңгенің көлемінде көрсетіп тұр. Бұл қатып қалған баға емес. Құда-құдағилардың «Тәтті шәйінда» келісілетін мәселе. Әрине, әркім көрпесіне қарап көсілері анық. Десек те бәсекелестік басталған сыңайлы. Бірі екіншісінен артық қылуға тырысады. Әрі жаңаша құдалық дәстүрлерін ойлап тауып, бірінен бірі асып түсуге талпынушылық бар...
Бұрындары құда түсіп барғанда қыздың құлағына алтын сырға тағушы еді, бүгінде ол сәннен қалған. Тек бриллиант тағылатын болды бүгінде. Оның үстіне түсіп барғанда апаратын кәделердің ішіне кіретін көрпе төсектің матасы, мақтасын да бүгінде қалыңмалға қосып беретін сән шықты... Бүгінде қалталы байлар жетерлік. Соған сай атақ-даңқ үшін ұлан-асыр той жасап, миллиондарын шашып жатқандарды айтпай ақ қояйық, «Кедей мен кедей құда болса, арасында дорба жүреді, бай мен бай құда болса арасында жорға жүреді, бай мен кедей құда болса, арасында қатынас зорға жүредінің» бұрыннан бар тәмсіл еді, бүгінде тіптен күшіне мініп тұр. Қалай болғанда да, қазақ тұрғанда қалыңмал дәстүрі ешуақытта да санадан сызылып, өшпек емес. Тек қалыңмал ойға да, бойға да қонымды, қалтамызға сай болсын деңіз...
БІР ДЕРЕК
Парсы елінде халықтың жағдайы жақсы болғандықтан, бұл жақта үйленудің жазылмаған заңдылықтары бар. Үйленетін ирандық жігіттің міндетті түрде жеңіл автокөлігі мен баспанасы болуы керек. Мұнда қалыңмал көлемі бір келі алтынмен есептеледі. Бір дорба ал¬тын апаруға шамасы жетпесе, бір данасының өзі 300 доллар тұратын алтын динар тиынның 100-ін беруі керек. Оның өзі 30 мың АҚШ долларына жетіп жығылады. Ал егер бұған да шамасы жетпей жатса, қайын енесінің екі білегін шынтағына дейін алтынға толтыруы тиіс. Екі жас үйленген соң өзара заңды келісімшартқа отырады. Егер де кейін жастар жарасым таппай ажырасуға бел буса, жігіттің қалыңдыққа моральдық шығыны ретінде 30-50 мың АҚШ доллары аралығында төлем беруге міндеттелетіні жазылып, заңдық күшіне енеді. Басындағы бар байлығын келісімшартта көрсетілген соманы түгелдей жарына қалдырып, тұл кедей болып шығады. Ал ортада бала болса, сол елдің заңы бойынша әкесіне қалдырылады. Сол себептен де болар бұл елде ажырасу көрсеткіші өте төмен деңгейде. Тіпті жоқ десе де болады. Қалыңмалдың күші деп осыны айт.  

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста