"Қыналы қар" деп қырылып қала жаздадық

"Қыналы қар" деп қырылып қала жаздадық

Кешкісін бір сәт те болса көңіл көтерерлік күй іздейді көрермен. Алайда отандық өнімдердің арасында талғам таразысына сай келетіні кемшін. Сол себептен де өзгенің өніміне телмеңдеуге мәжбүр. Шетелдің шұбатылған шерудей бітіп болмайтын сабын сериалдары өміріміздің бір бөлшегіндей боп кеткенін несіне жасырайық. «Жаман үйді қонағы билейдінің» кері. Түрік пен кәріс сериалдарының дәуірі басталғанда «Асау жүрек» болып аңырадық, «Қыналы қар» деп қырылып қала жаздадық, «Шехризат» деп көкірегіміз шерге толды. Сонымен қазекем сериал атты созылмалы ауруға қашан шалдықты?
Бәрі де соноу 90-шы жылдары «Байлар да жылайды» телесериалынан басталса керек, Марианна деп көк жәшікке үңіліп өліп қала жаздадық. Байлармен қосылып бәріміз жылап кеттік. Үнемі қайталанатын өмірлік коллизиялар. Өз өмірінен түңілген, өзгеден жеңілген, жалғызсыраған адамдардың өкінішіндегі минор нотасымен нүкте қойылатын ауыр сериалдар. Бірақ біздің көрермен күшті кино көрсеткен арнаға арқандаулы. Сериал көрсетуден бүгінде «Астана» телеарнасы алдына қара салмай тұр. Күніне 10 сағат!  Арасына отандық «Тағдыр» атты сериалды қыстырып қойған. Ұят болмас үшін! Көрерменді көк жәшікке көгендеп қойған нендей жұмбақ? Әрине түрік пен кәрістердің режиссерлерінің, актерлерінің, сценаристерінің мықтылығы. Әсіресе актерлерінің жан-тәнімен беріле ойнайтындығы көрерменді баурап алған. Бұрын үнді киносын көріп көз жасына ие бола алмай отыратын сериалмэндер бүгінде осы екі елдің киносымен қосыла жылайтын болған. Оларды да қазір өз ағамыздай көретін болдық. Тап бір ағайынымыз сияқты. Дәмді ас жесек «қолыңыз дерт көрмесін» дейтін болдық. Балаларымыздың бәрі Жумонг болып қылыштасушы еді, енді бүгінде Хожун болып тәуіпшілік жасайтынды шығарды. «Сұлтан Сүлейманды» көргелі бері хазретлери деп таңдайы тақ-тақ еткен баланы көріп таң қалғаннан талып қала жаздайтын дәрежеге жеттік. Бозбалаларымыз Ку чун Пе дай шашын жалбыратып өсіріп алатын болды. Тіпті боянатын бозбалаларымыз да пайда бола бастады. Тойда торт әкелінгенде шамды өшіретін болдық. Кәрістердің салты. Ұзатылатын қыздың артынан жұлынған раушан гүлдерінің сабағын шашатын болдық. Бұл да кәрістердің салты. Ұзатылатын қызымыздың иығына қызыл орамал жабатын болдық, Түріктің салты.  Осылайша сериал біткен салтымыздың ішіне сыналай кіріп, өз әмірін жүргізе бастады. Балабақшада тәрбиеші болып істейтін танысым: «бала біткеннің өзіне тән қылықтары жоғалып барады. Сериалдағы мимикаларды  жаттап алған. Солар сияқты күледі, солар сияқты жүреді, тіпті солар сияқты жылайды. Тіпті сөздеріне дейін саналарына сіңіріп алған. Тап бір үлкен адамдай сөйлегенде таң қаласың. Кіп-кішкентай балдырғандарда балаға тән періште бір қылық болуы керек қой. Ал олар ерте есейіп бара жатқандай....» деп өз қорқынышын айтып еді. Расында бүгінгі баланы теледидар тәрбиелеп жатыр. Тәрбие тізгіні теледидарға көшті. Төрде тұрған темір жәшік бүкіл отбасының тыныс тіршілігін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтындай. Шеше отырады таң атқаннан күн батқанға дейін теледидарға телміріп, ертегі айтуы тиіс әже отырады пультке таласып. Атаның жұмысы боевик сериалдардың бірін жібермей көру. Қолы қалт етсе олардың қатарына әке де қосылады. Сонда бала тәрбиесі қайда қалады? Олардың тәрбиесімен темір жәшігіміз айналысып кеткен жоқ па? Қалай ойлайсыз? Бала көруге тұрарлықтай емес, сериалдардың басым бөлігінде алдау арбау, жиіркенішті тірліктерді жіпке тізгендей етіп, көз алдыңызға тосады.  «Көкжалдар мекені» адамдарды шыбын өлтіргендей қырып жояды. Олардың сұрауы жоқ сияқты.  «Дениздің» де тәрбиеге қосар тамшыдай үлесі жоқ. Оң жақта отырып, аяғы ауырлап, некесіз бала табатын Банудың айлакерлігі, қулығы бүгінде қыздарымызға жұғысты болғандай. Қорқынышты. Ұрлықты қалай істеу керек, оқиға орнында саусақ іздерін қалдырмау тәсілдері. Адамды қалай қинап өлтіру керек? Шындықты қалай мойындату керек? Мұның бәрі де көк жәшіктегі көрнекі құрал сияқты. Соқырға таяқ ұстатқандай үйретіп отыр. Ертегі тыңдаудың орнына  түнгі 1-2 дейін сериал көріп, әзер ұйықтайтын баладан қандай мейірім күтесіз? Бұл да бір балаларымыздың болашағына қатер төндіріп тұр. Өзгенікіне өзеурейміз деп жүріп ұлттық салт санамыздан айырылып қалмасақ болғаны.
Біреудің қаңсығы, бізге таңсық...
Шәй ішкіміз келеді. Белі қылдырықтай кесемен. Аузымыз күйіп. Түрік сериалдарынан жұққан дерт. Құлағымызда жалт-жұлт еткен күміс сырға. Хюрем сырға деп құрбымызға мақтанып қоямыз. Тағы да сол түріктен жұққан ауру. Бұрын жұрт көзге ілмейтін күмістің саудасы бүгінде осы Хюрем әшекейлерінің арқасында қызып тұр. Алқасын, жүзігін бәрін-бәрін сатып алдық. Енді оның қатарына алтыннан жасалынған Хюрем әшекейлері қосылыпты. Қыз-келіншектерімізге қазақтың оюы салынған сырғасын тақса жарасар. Оны таққанмен Хюрем сұлтан бола алмайсың. Сол баяғы ошақтың үш бұтының арасынан арманына иек артып отырған әйел болып қала бересің...Бірақ мұны түсінетін кім бар?... Әсіресе кәріс сериалдарында жеке яхта, жеке ұшақ, жалт- жұлт еткен керемет қонақ үйлер, ауласы атшаптырым жеке үй, жұмысқа лимузинмен келіп кететін ірі компанияның мұрагерлері туралы сериалдары көп.  Тәтті арманға берілесің. Бір кезде тіпті Кореяда өмірге келмегеніңе өкініп кетесің бе, қалай өзі?  Тікұшақ пен яхтаны көрсетіп Қайрат Нұртас кино түсіре қойып еді. Бәріміз ұлардай шуладық. «Ойбай, бұл қайдан келген байлық?» деп. Түк көрмегенімізді білдіріп алдық осылай. «Қазақ та байысын. Адал еңбегімен, яхта мінсін, ұшақпен ұшсын. Онда тұрған не бар? Байыса өзіміздің қазағымыз байысын» деп бір адам айтпады сонда... Қайран сабын сериалға қор болған уақыт. Сананы улап бітті. Сериалдың аптығы басылатын кез болды ғой. Бірақ....

Тақырыпқа тұздық....
Отандық өнім жоқ емес, бар. Бірақ режиссерлеріміздің аудитория жинай алмай жүрген  осал тұсы көп. Әртістеріміз әлі де жасандылықтан арыла алмай келеді. Көрерменін сендіре алмайды. Өтірік күледі, өтірік жылайды. Бәрі жасандылық. Жарнамасы жер жарған соң сол сериалдарды көргісі келеді көпшілік. Алайда... Бүгінгі көрермен талай сериалдың басын қайырып тастаған әккі көрермен. Оларға ұнау оңай емес. «Болашақ», «Құрдастар», «Тағдыр», «Әке серті» олардың бәрі де көрерменнің көңілінен шықты десек өтірік айтқандығымыз болар. «Тоғысқан тағдырлар» сыннан көз ашпап еді, енді ойлап отырсақ нағыз кәсіби түрде түсірілген екен ғой. Бүгінгі сериалдар тіпті «Саранчаның» қолына құманмен су құюға да жарамай қалғаны өтірік емес. Хош, сонымен Дулат Исабековшелесек «Ұрпағыңды түзеймін десең, телеарнаңды түзе» болып тұр...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста