Қырғыздардың әнін ғана емес, интермедияларын да ұрлап жүрміз (ВИДЕО)
Бір кездері Бейбіт Қорған «Шоқ қыздар» әнін орындап еді бірден хитқа болды, одан кейін Ақылбек Жеменейдің «Қызыл өрігі» қазақ тойларының көрігін қыздырды. Сонда біздің елімізде хитқа айналатын әндердің құпиясы не десек, олардың бәрі қырғыздың әндері болып шықты. Ал енді бүгін ғаламторды ақтарып отырып, біз қырғыз бауырларымыздан тек әнді ғана емес, интермедияларды да қаз қалпында көшіріп алаатынымызға көзім жетті. Ендеше «Алаш айнасы» салыстырған интермедияларға қараңыз.
Алдараспан - Қашан келдің
Кыргыз куудул Абдылда Иманкулов. Качан келдин.
p>Қазақ сатирасы дегенде бүгінде көз алдымызға сахнадан көрген саны көп сапасы да сан түрлі әзіл-сықақ театрлары келеді. Осы сықақ ұжымдары сахналап жүрген интермедиялардың кейбіріне күлмек түгілі жылағың келетіні де рас. Кешегі Оспанхан Әубәкіров, Сейіт Кенжеахметов, Қажытай Ілиясұлы, Ғаббас Қабышұлы, Үмбетбай Уайдин секілді сатира майталмандарының ізін жалғаған Көпен Әмірбек, Толымбек Әлімбекұлы тәрізді сықақшыларымыздың шығармалары біраз театрларға азық болған еді. Бүгінде әзіл-оспақтың майын тамызам деушілер жетеді. Бірақ неге екені, бүгінгінің сықақшылары өзімізден жарамды шығарма таппай, қырғыздың интермедияларын ұрлайтын болыпты.