Қыркүйек айының ортасында қазақ киносы Ресей прокатына шығады

Қыркүйек айының ортасында қазақ киносы Ресей прокатына шығады

90-жылдары Германияда қалған қазақ танкисі Нартай туралы фильм Ресейде «Мариенплацтағы орыстар» деген атаумен көрсетіледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап

 

Продюсері Гүлнар Сарсенованың айтуынша, Еуропада бұл картинаны жылы қабылдады.

Ресей көрермендерінің де көңілінен шығады деген үмітте.

 

Гүлнар Сәрсенова, продюсер: - Фильм бір жарым мың экранда көрсетіледі. Бұл Қазақстандағыдан 5 есе көп. Ресей көрермені оны асыға күтіп отыр. Комедия емес, адамды ойландыратын драма. Бұл мен түсірген патриоттық алғашқы  фильм.

 

Яна Скопина түсірген «Жақында жаз бітеді» фильмінің  желісі  көп ұлттың өкілі тұратын ауланың тынысымен өрбиді. 

 

Яна Скопина, режиссер: - Алғашқы қаражатты Қазақстаннан алдық. Ресей мәдениет министрлігі де қаржысын қосып, екі елдің бірлескен өнімі шықты. 90 жылдардағы бір баланың хикаясы желісімен түсірілген. Сол кезде барша жұрт Кашпировский, Чумакка құмар болатын.  Бас кейіпкері де гипнозбен айналысқан. Кеңес Одағы ыдырауы алдындағы және кейіпкердің де балалық шағының соңғы жазы бейнеленеді.

 

Қазақстандық фильмдердің Ресейдегі тұсаукесері Мәскеу халықаралық кинофестиваль аясында өтті. 

 

Нина Кочеляева, МХКФ іріктеу комиссиясының мүшесі: - Жас режиссерлердің шыға бастағаны қуантады. Олардың болашағы зор деп ойлаймын.

 

«Нартай» Ресейде прокатқа қыркүйек айының ортасында, ал «Жақында жаз бітеді» фильмі қазан айының соңында шығады. Кезінде жергілікті кинотеатрлар контентінің 80 процентін құраған Голливудтік фильмдер Ресейге сатылмайтын болды. Соның арқасында қазақ студияларының туындыларына бұл елдің экрандарына жол ашылды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста