Қытайдағы күйлерді тарту еткен қазаққа...

Қытайдағы күйлерді тарту еткен қазаққа...

Әйгілі әнші-композитор Әсет Найманбайұлының ғұмырында жалғыз күй шығарғандығынан көпшілік қауым бейхабар. Сол күйді бізге жеткізген – Қытайдағы қазақтардың күйін жеткізуші қандас бауырымыз күйші Мұқаш Таңғытұлы. Қазақстанның шығыс аймағы күйшілік дәстүрінің бір тармағы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң аймағында жатыр. Алтай-Тарбағатай, Ілеге дейінгі аралықты қамтитын шығыс күйлерінің бірсыпырасы жуырда Мәдениет министрлігінің қолдауымен шыққан «Қазақтың 1000 күйі» және Мұрат Әбуғазының «Шығыстың шыңырау күйлері» атты жинақтарға Мұқаш ағамыздың орындауында еніп отыр. Әуелде атамекенді көруді аңсап келіп, өз еркімен қазақ топырағында қалуды ұйғарған күйшінің Қазақстанға қоныс аударғанына табаны күректей 10 жыл толыпты.

– Аға, қазақ елі өнеріңізді жақсы қабылдап, өнерпаз ұлын бауырына тартқан екен. Ал Қытай еліндегі насихатыңыз қалай еді? Өнеріңіздің парқына жетті ме?

– Ол жақта радиоға күйді көп жаздырғандардың бірі менмін. Банкте істедім де, өнерден алыс болдым. Банк бухгалтерлігін оқып, 17 жыл сол салада қызмет еттім. Бастығымыз концертке де жібермейтін. «Біржола сол жаққа кетсін не жұмысын істесін» дейтін. Қазақстанда, құдайға шүкір, күйімді тыңдаушылар бар. Басқасын айтпай-ақ қояйын, қытайлар дәстүрлі музыканы дәріптеуге келгенде өздерінің халықтық музыкасын бірінші орынға қояды. Бұрынғы әндерді, байырғы аспаптарды орындайтын адамдарды жаппай қолпаштап, көтереді. Олар өте мәртебелі тұрады. Ал бізде дәстүрлі өнерде жүрген азаматтардың жағдайы ондай емес. Сол жаныма батады.

– Қазір мұнда немен айналысып жүрсіз?

– Таза өнермен жүрмін, жеке кәсіп – азын-аулақ жанбағыс бар. Шақырған жерде күй тартамын.

– Жасыңыз әлі зейнеткерлікке жеткен жоқ, өнер саласына жұмысқа шақырса, барасыз ба?

– Шақырса, баратын едім, өйткені жұмыссызбын ғой.

– Қытайда қазір қазақ күйінің халі қалай? Жоқтаушылары бар ма?

– Бар, бірақ соңына түсушілер аз. Кезінде домбыра мектебі ашылған, оның өзі де жабылып қалған екен. Өнердегі соңғы жақсы жаңалық: мен қызмет істеген Толы ауданында жақында он мың адам бір мезетте қазақтың халық күйі «Кеңесті» тартып, Гиннесстің рекордтар кітабына еніпті.

– Өзіңіз қаржы саласының маманы екенсіз, күйшілік өнерге қалай келдіңіз? Оған қоса өзіңіздің жаныңыздан шыққан күйлеріңіз де бар...

– Әкем Таңғыт Тарбағатай аймағына танымал күйші болды. Жастайымнан күйді естіп өскендіктен, домбыраға әуес болып, он жасымнан күй тарттым. Қытайда шығыс күйлерінің дамыған үш ошағы бар. Тарбағатай өңірінің күйлерін ұстаздарым Жұмажан Сыдықұлы, Кәсімбай Құсайынұлы, Мұрат Ыбырайұлынан үйрендім. Алтай күйлерін Дәулет Халықұлынан, Іле күйлерін Камал Мақайұлынан алдым. 25 жастан кейін күйді зерттеуге кірістім. Жиырма шақты күйім бар. Ең алғаш 20 жасымда, 1982 жылы оқуда жүргенімде, ауылды сағынып, «Жайсаң» деген күй шығардым. Жақында шыққан кітабымды да осылай атадым.

– Қазақтың күй қоржынына Әсет атамыздың бір күйін әкеліп салдыңыз. Бұған дейін әнші Әсеттен күй қалғанын естімеген екенмін. Ол күйді кімнен үйрендіңіз?

– Ұстазым Жұмажан Сыдықұлынан алдым. Ал ұстазым – Әсеттің көзін көріп, ән-күйлерін үйренген адам. Әсет 1904 жылы Бақты өткелі арқылы Қытайға өтіпті. 1916 жылы Толы ауданына қарасты Қоңыраласаз деген жайлауға барып, Қызыр төренің ауылында бір-екі жыл жүріп қалған екен. Сол жерде үкірдай болған Қызырмен келіспей қалып, Әсет күз айында Құлжаға кетуім керек деп шешіпті. Взвод командирін Қытайдағы қазақтар «торуылдай» дейді. Үкірдай Сәлімжан деген взвод әскерін ұстапты. Әсет кететін болған соң, Сәлімжан үйіне шақырып, он шақты күн ереуілдетіпті. Ағаларының ұлдары 13 жастағы Қажыбек Шалғайұлы мен 10 жасар Жұмажанды алдыртып, Әсеттің аузынан ән-күйін үйреткен екен. Әншінің алдына төрт хатшы отырғызып, төртеуі төрт жолын жазып отарады екен. Бір айтқан тұсында алып қалатын көрінеді. Ал Әсеттің «Кертолғау» күйін Әсет өзі «Ән шақырғы» деп те атаған екен. Ән айтар алдында шабытын шақыру үшін осы күйді құбылтып, түрлентіп, қайта-қайта тартып, әбден арқасы қозған кезде «ахау» деп бір шырқап, содан тоқтамайды екен. Бұл күйдің өлеңі бар:

Өлеңмен өрнектедім әр сәтімді,
Шығардым алты алашқа әнші атымды.
Толғайын кербез сұлу «Кертолғауды»,
Яки күйдің аты – «Ән шақырғы».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста