Қытаймен мәдени байланыс нығаймақ

Қытаймен мәдени байланыс нығаймақ

Жуырда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы білім және мәдениет саласындағы қарым-қатынастардың нығаюы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Дөңгелек үстелде Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және мәдениет сала­сын­дағы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, Қытай тілін оқыту және алған білімді ары қарай жетілдіру мәселелері, Қытай елінде білім алғысы келген жастарға қажетті ақпараттар мен білім және мәде­ниет саласындағы жан-жақты әріп­тестікті нығайту мәселелері талқыланды.
Жиынды Қыздар университетінің бірін­ші проректоры Баходир Алиев ашты:
 – Мемлекетаралық қатынастарда мәде­­ниет және білім саласындағы бай­ла­ныстар аса маңызды. Екі елдің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының дамуына жоғары оқу орындары да зор үлес қосуда. 2009 жылдың маусым айы­нан Қазақ мемлекеттік қыздар педа­го­гикалық университеті мен Шинжияң педа­гогикалық университеті арасындағы достық қарым-қатынас орнатылғалы бері университетіміздің студенттері көп мәрте ақысыз түрде және Цин-каз компа­ния­сының тегін білім грантымен Шыңжаң педа­гогикалық университетінде тіл ұстарту курсында білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие болса, біздің магистранттар 2008 жылдан бері Қытайдың астанасы Бейжің қала­сын­дағы Орталық ұлттар университетінде, сондай-ақ Үрімжі қаласындағы Шыңжаң педагогикалық университетінде ғылыми іс-тәжірибеден өтіп келеді.
Өз кезегінде Қытай елшілігінің мәде­ниет және білім саласындағы Алматыдағы елшісі Гау Чын мырза екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жылдан-жылға артып келе жатқандығын және оған маңызды мәселе ретінде қарайтындығын, сондай-ақ Қытай елінде білім алушы қазақ­стандық жастардың саны артқан­дығын атап өтіп, білім саласы бойынша ЖОО-мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әрқашан әзір екендігін жеткізді. Елші сонымен қатар Қазақстанмен байла­ныс орнатылғаннан бері оқу орындарында өткізілген шараларға тоқталып, Қыздар универ­ситеті ұжымына елшілік тарапынан ұйымдастырылатын шараларға белсенді атсалысқандығы үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, келер жылы да Қыздар университетімен бірнеше біріккен шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста