«Қыз мұңын» мұңдай алдық па?

«Қыз мұңын» мұңдай алдық па?

Өткен сенбіде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Исрайыл Сапарбайдың «Қыз мұңы» атты лирикалық драмасы Төлеубек Аралбай мен Есмұқан Обаевтың сахналауында қойылды.
Бүгінгі заман оқиғасын арқау еткен спек­такль тұсауының Тәуелсіздік мерекесі қар­саңында кесілгені тегін емес. Спектакль сюжетіне жүгінсек, басты кейіпкерлердің бірі, суретші Ғазиз – ел егемендігін көксеп алаңға шыққан және сол үшін аяусыз жа­заға тартылған желтоқсандық жастардың қа­тарынан. Оған бір көргеннен ұнап қалған Са­ғыныш – алаңдағы азапты, зорлық-зом­бы­лықты суретші жігітпен бірге өткерген бейкүнә арумен кейіптес балауса жас. Сол себепті де Ғазиз оны «Ләззат» деп қа­был­дайды. Қиянатшыл тобырдың қыспағына тү­сіп, мезгілсіз қыршынынан қиылған құр­бы­сын еске алып, «Қайран, Ләззатым!» деп іш­тей егіледі. Бірақ Ғазиз сүйгенінен айы­рыл­ған шерлі ғашық па, әлде қаһарман қыз­дың ер намысын жаныған қайсар мі­не­зі­не, жастық жігеріне тәнті ойлы замандас па? Осы жағы күңгірт. Бір қарағанда, жел­тоқ­санда аяулысын жоғалтқан және соның аза­бынан әлі арылмаған сыңай танытатын кек­се жігіт келесі бір мезетте өзі суретін сал­ған жап-жас қызға құлай кетеді. «Кө­зің­де мұң бар ғой... Жаңа ғана жайдары едің! Құдай-ау, қалай жіберіп алдым?!» деп аласұрады. Бірақ ол қандай мұң, не­ғыл­ған мұң? Жанындағы жеңілтек құрбы-құр­дастарының мінез-құлқына, іс-әре­ке­тіне қарап, көңілінің құлазуы ма, балалы-шағалы, отбасылы бола тұра, мұны кө­ңіл­дес орнында ұстағысы келетін қалталы да ықпалды Жарқынның емеурінінен жабығу ма? Олай дейін десең, енді бір мезетте Сағыныш «Сіз олардың өмірін білмейсіз ғой» деп құрбыларына ара түседі. Сондай-ақ «ән салмайтын, керісінше, ән айт­қы­за­тын» Жарқынның қымбат сыйлықтарын қым­сынбастан қабыл алады, тартынбай ән са­лады. Сөйткен қыздың іле-шала суретші жі­гітке көңілі құлайды. Сонда не үшін? Су­ре­тін салғандықтан ба? Әлде түнгі клубқа ар­найы іздеп келіп, туындысын тарту еткені үшін бе? Мысалы, сурет салу барысында әр нәрсенің басын шалып, үзіп-жұлып бірдеңе айтқандары болмаса, екеуінің түсінісіп, бір-бірінің жанын ұғысатындай жағдайға жеткені шамалы. Демек, тосыннан таныс­қан Ғазиз бен Сағыныштың табысуының сы­ры, себебі, жөн-жосығы нанымсыз. Сон­дай-ақ бұл қай уақыт? Егер де Жел­тоқсан оқиғасынан 20-25 жылдан кейінгі ке­зең дейтін болсақ, сол кездегі бозбала Ға­зиз – бүгінде 40-45-тегі жігіт ағасы. Са­ғыныш – «Болашақпен» оқуға, шетелге біз­ді кім жіберсін? Жоғарыдағылардың бай­батшалары барады-дағы» деп қапа болып жүрген, 20-ның үстіндегі жас бойжеткен. Осындай жас айырма­шы­лы­ғының өзі-ақ екеуінің арақатынасының дұ­рыс айқындалмағандығын білдіреді. Со­дан болар Ғазиз – біресе кексе жігіт (Ар­батта сурет салып отырған кезі), біресе боз­бала (түнгі клубтағы би үсті), біресе тіп­ті жігіт ағасы (генералмен әңгіме барысы) бей­несінде көрінеді. Осыдан келіп кө­рер­мен оны кім деп қабылдарын білмей шатасады.
«Қыз мұңындағы» сәтсіз шешімдердің бірі – Желтоқсан оқиғасы кезінде жастарды жа­залаушы жендеттердің бірі болған, сөйтіп, биліктің айтқанын екі етпей, шаш ал десе, бас алып жүріп, генерал шеніне қол жеткізген кешегі капитанның Ғазизбен ашық әңгімеден кейін асып-сасып, күнәла­ры есіне түсіп, кенеттен жүрегі ұстап құлауы. Яғни соншама жыл бойы алаңсыз өмір сүр­ген, билік сатысымен өскен, дәу­рені жүрген, ұпайы түгел жендетті саптама етік киген, салт атты, сабау қамшылы суретші ке­леді де, кескен теректей сұлатып түсіреді. Бұл, бәлкім, «өмірде де осылай болса, Желтоқсан оқиғасына қатысы бар әрбір атқамінер кінәсі мен күнәсін ең әуелі өзінің ар-ұяты, сосын күллі халық, ұрпақ алдында мойын­даса...» деген драматург арманы да шығар. Қалай болғанда да, спектакльдің шарықтау шегіндегі осы сцена біртүрлі қарадүрсіндеу, жасандылау болып көрін­гені рас.
Көңілге тағы бір қонбайтыны – спек­такльде айғай көп. Суретшіге ойда-жоқта өз­дері келіп сүйкенген жас қыздардан бас­тап, Ға­зиз бен Сағыныш та, ­желтоқ­сан­дық жас­­тарды сұраққа алған шолақ белсенділер де, түнгі клубтағы жастар да – бәрі-бәрі бір-бірімен тамағын жыртып сөйлеседі. Рас, жандары күйіп тұрған болар. Өне бо­йын ашу, ыза, кек буып, қандары бас­та­ры­на шапшыған шығар. Бірақ ішкі сезімді же­т­­кізудің айқайдан басқа жолы жоқ па?!
Драма тартымдылығын арттырудың бір амалы ретінде режиссердің қойылымға ән, би сценаларын көбірек енгізгені бай­қа­лады. Көрерменді бір мезет серпілтіп, кө­ңілін баурау үшін бұл, мүмкін, қажет те шы­ғар. Бірақ спектакльдің аты, заты, кө­те­рер жүгі тұрғысынан алғанда, бұл ән-әуен­дер, билер өзін-өзі соншалықты ақтап тұр дей алмас едік. Әрине, талғамға талас жүр­­мейді. Бұл – «Қыз мұңынан» түйген біз­дің жеке ой-пікіріміз. Қалай дегенмен де, ой­ға қозғау салып, артық-кем тұстарын нұс­қап жатса, құба-құп.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста