"Қыз назы" бар қыздың назы іспетті

"Қыз назы" бар қыздың назы іспетті

Жетісу жұртшылығы тағы бір ғажап концерттің куәсі болды. Әнші, сазгер Гүлнұр Нұрасылова "Қыз назы" деп аталатын шығармашылық кешін өткізді. "Талдықорған" фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінде жұмыс істейтін өнерпаздың бұл ең алғашқы есеп беру концерті.

"Қыз назы". Әншінің ең алғашқы кешін дәл осы атпен өткізуі бекер емес. Себебі ол өнер жолындағы қуанышы мен қайғысын, бақыты мен үмітін ән арқылы жеткізіп, тыңдармандармен сырласқандай болды. Перзентінің бүгінгі қуанышына әнішінің анасы Қызылордадан арнайы келді. Өнер жолында жүруіне ақ батасын берген Қуанышгүл апай әрқашан баласының амандығын тілеп отырады. Ал, әнші-сазгер аяулы анасына деген махаббатын "Анашым" әнімен жеткізді. Әннен сусындаған өзге де ақ жаулықты аналарымыз Гүлнұрға өз тілектерін айтты.

ҚУАНЫШГҮЛ БОРАНБАВЕВА - ГҮЛНҰРДЫҢ АНАСЫ

Ата-ана үшін баланың алғаш рет жетістіктерін көрудің өзі қызық та, қуаныш та өте жақсы ғой. Толқып жатырмын енді. Әр, көп жайттар еске түсіп жатыр. Алғашқы қадамы құтты болсын деймін. Жетісу жеріне келген өнерінің арқасында өзінің талантын ұштап жақсы жетістіктерге жетіп жатыр. Мен жырақта жүрсем де сол жетістіктерінің барлығына үйде отырып қуанып отырамыз. Бір Алла жар болсын деймін.

РӘЗИЯ БӘКІРОВА - ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Алла менің жасымды берсін. Маған ұқсаған үлкен қария болсын. Бала-шағалы болсын. Жақсы жайларда жүре берсін. Атақтары шыға берсін.

Концерттің бірінші бөлімінде дәстүрлі әндер орындалды. Өнердегі достары мен әріптестері әншінің әндерін шырқады. Гүлнұр Нұрасылова 20-дан астам әннің авторы. Дана Маханбаева, Роза Әлқожа, Заттыбек Көпбосынұлы сынды әншілер сазгердің туындыларын тыңдарманға танытып жүр. Бұл кештің ерекшелігі Гүлнұр Нұрасылова концертті өзі жүргізді. Дәстүрлі ән және эстрада жанрын, ән мен қойылымды үйлестіре білді.

ГҮЛНҰР НҰРАСЫЛОВА - ӘНШІ, САЗГЕР

Алған әсерім өте керемет. Осы концерт болар алдынан қаншама толқыныс үстінде жүрдім. Қалай болар екен деп. Бірақ, бірінші әннен бастап, халықтың сондай ықыласы, қошеметі сол толқынысымды басып тастады. Керемет көңіл-күйдемін. Жетісу жұртшылығына үлкен алғысымды білдіремін.

Гүлнұр, 2011 жылдан бастап "Талдықорған" фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінде жұмыс істейді. Сыр елінің тумасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. Студенттік шағында ән жазатынын ұғынып, осы өнерді қолға алған. Ең алғашқы туындысы Иран Ғайыптың сөзіне жазылған "Қолжетпесім" әні. Бір жылдары Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында қызмет еткен Гүлнұр көрерменді актерлық өнерімен де таң қалдырды. Кештен рухани азық алған көрермен жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Айман Асыл 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста