«Қызылорда аруын» жезөкше деп атаған жігіт опық жеді (видео)
Талдықорған тұрғыны әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан.
 
Кеше түнде Алматы полиция қызметкерлері Талдықорғанның 30 жастағы тұрғынын ұстады.
 
Бұған дейін ол әлеуметтік желілерде Гүлнұр Нұртаза жезөкше болып жұмыс істейтінін, ал бәрі талқылап жатқан жаңалықты «хайп» үшін арнайы ойлап тапқанын жазған болатын.
 
 
Қылмыскерді жала жапты және жалған ақпарат таратты деп айыптап, қыз полицияға хабарласып, арыз берді.
 
Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етті. Келесі күні Алматы облысының тұрғыны АІІБ-ға жеткізіліп, жасаған ісін мойындады.
 
Жеке айыптау тәртібінде іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
 
 
Естеріңізге сала кетейік, жақында желіде Қызылордадағы кафелердің бірінде жұмыс істейтін Гүлнұр Нұртазаның видеосы тарады.
 
&ldquoҚазақстан аруы-2019&rdquo және &ldquoҚызылорда аруы-2017&Prime сұлулық байқауының финалисі ата-анасыз қалып, өзін-өзі қамтамасыз етуге мәжбүр болған.