Қызылорда батырлар қаласына айналады

Қызылорда батырлар қаласына айналады

Сыр өңірінің жұртшылығы биылғы жылы қазақтың жау­жү­рек баһадүр ұлының бірі – Бұ­қар­бай батыр Естек­бай­ұлының өмірге келгеніне 200 жыл то­луына орай ұлан-асыр той өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні сол шараға арнайы дайын­дық шарасы басталып кетті. Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісінде ерлікпен шайқас­қан ардақты азаматқа бүгінгі ұр­пағы осылайша құрмет көр­сетуде.
Облыс орталығында баһадүр бабаға ескерт­кіш орнату көзделуде. Еңселі ескерт­кіш­тің қазір алғашқы іргетасы қа­ла­на бас­та­ды. Кейінгі ұрпақ батырға тағзым жа­сайтын орын Қызылорда қаласының «Шұғыла» ша­ғын ауданындағы Ғ.Мұрат­баев және Бұ­қар­бай көшелерінің бойында бой көтермек. Сол жердегі алаңда биіктігі сегіз метрге жететін тұғырға тұлпарға мін­ген батырдың бейнесі орнатылады. Оның сметалық құны 2 млн 600 мың теңгені құрайды. Осы күндері ескерт­кіш орнатуға байланысты арнайы байқау жарияланып, жеңімпаз белгілі болды. Ескерткіштің жо­ба­сымен «Арх­Град­стройКадастр» ЖШС айналысып жатыр.
Аталмыш орынның айналасы абат­тан­ды­рылады. Осылайша бұл жер қала тұр­ғын­дарының демалатын саяба­ғына айнал­мақшы.  Бұдан  бұрын Сырдың бас қаласында Қо­быланды батыр мен Жалаң­төс баһадүрдің зәулім ескерткіштері қойыл­ған еді. Ал одан сәл ертерек Кел­менбет батыр, Аманкелді Иманов секілді жаужүрек ұлдардың еңселі ескерткіштері орнатылған. Алаштың анасы атанған аймақ осылайша қазақтың Тәуел­сіз­дігі үшін тер төккен асылдар мен ар­дақ­ты­ларын түгендей бастады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста