Қызылордада Абай ескерткіші ашылады

Қызылордада Абай ескерткіші ашылады

Қызылорда қаласында қазақтың ойшылы һәм бас ақыны Абайға арналған ескерткіш жыл соңына дейін бой көтеретін болады. Бұл жайында қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Асылбек Әнуарбеков хабарлады.
Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар қол­ға алынып отыр. Ескерткішке арналған арнайы жер телімі де бөлініп қойылған. Көпшіліктің көзайымына айналатын дема­лыс орнын толықтай аяқтап шығуға қала­лық қазынадан 120 млн теңге бөлініп отыр.
Мүсінші Мерген Қосжановтың айтуын­ша, ескерткіштің биіктігі 5 метрге жуықтай­ды. Сондай-ақ оның маңында Абайдың қа­ра­сөздері тасқа қашалып, жан-жағы абат­тандырылады, жарық жүргізіледі.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бас­талып кетті. Бас мердігер «НайКИТ» ЖШС болса, «Мұнайгазинжиниринг» ЖШС бас жо­ба­лаумен айналысады. Сквер Тәуел­сіз­дік күні мерекесіне дейін елдің көзайымына айналмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста