Қызылжар гербіндегі кілт Буратинонікі болып шықты

Қызылжар гербіндегі кілт Буратинонікі болып шықты

Қызылжар қаласының гербінде бейнеленген кілт көңілге кірбің салып тұр. Шаһар еліміздің ең шеті, яғни солтүстік қақпасы екенін білдіретін кілттің крест бейнесінде таңбалануында не сыр жатыр? Қазір мемлекеттердің ғана емес, әр қаланың өз рәміздері бар екені белгілі. Рәмізге қарап-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Ал Қызылжардың гербіне көз жүгіртсеңіз, қандай ой түйеріңізді де білмейсіз.
Қаланың басты таңбасы 2003 жылы жа­салып қабылданған. Оннан астам адам қа­тысқан қалалық байқаудың нәтижесі бойын­ша 1 дәрежелі конструктор-суретші, Дизайнерлер одағының мүшесі Андрей По­повтың жұмысы жеңімпаз деп табы­лып­ты. Гербтің эскизін бекіту туралы шешімді 20 адамнан құралған қазылар алқасы қа­был­даған. Комиссия құрамында қаланың беделді деген ақсақалдары, зиялымын деп жүрген бірнеше азаматтары да қаты­сып­ты. Бірақ олардың креске көңіл ау­дар­май, бірауыздан қабылдап жібергені тү­сі­нік­сіз. Әлде бұған дейін облыстың гербін жа­саған автордың жұмысын көз жұмып тұрып таңдай салды ма екен?
Герб шаңырақ іспеттес дөңгелек пішінде жасалған. Шеңбер ішінде қаланың бүгінгі ты­нысын және маңызын білдіретін төрт таң­ба салынған. Тістегеріш өнеркәсіп пен машина жасау қаласы екенін білдіреді, масақ – Қазақстанның астықты өлкесі, кітап білім мен ғылым орталығы дегенді ұғын­дырады. Ал ең жоғарыда бойына бір емес, үш крест салынған кілт тұр. Автордың пайымдауынша, ол Қызылжардың гео­гра­фия­лық орналасуын көрсеткісі келіпті. Герб қошқар мүйізді оюмен көмкерілген. Ою де­геннен шығады, гербке байланысты қа­ла әкімі Нұржан Әшімбетовке хат жолдап, орын­басарынан жауап алдық. Жауапта «Кілттің декорациялық үлгісі гербтің басқа элементтеріне сай, ал крест түріндегі сурет әртүрлі ұлттардың ою-өрнегіне, соның ішін­де қазақ халқының ою-өрнегіне тән» делінген. Шынымен де, крест қазақтың оюы ма? Бұл сауалға жауап алу үшін эт­но­граф маманға жолықтық.
Сәуле Бәйтенова, облыстық тарихи-өл­ке­тану мұражайының этнография бөлімінің меңгерушісі:
– Қазақ оюлары төрт топқа бөлінеді. Зооморфты жануарлар, аң, құстардың мүшелері бейнеленген оюлар. Мысалы, қошқар мүйіз, қаз мойын, табан, өркеш сияқты оюлар. Өсімдік типтес оюларға жау­қазын, үш жапырақ, гүл, шиыршық сияқ­тылар жатады. Қалған екі топ гео­мет­риялық және космогониялық деп аталады. Сүйір, ирек, қармақ, шынжыр де­гендер – геометриялық, ал шеңбер, шимай, айшық, бітпес сияқты оюлар космогониялыққа жатады. Соңғысына креске ұқсайтын төртқұлақ оюы да кіреді. Ол төрт құбыланы білдіреді. Сон­дай-ақ тарихқа көз жүгіртсек, Ке­рей руының таңбасында да крест бол­ғанын аңғарамыз. Ал қазір ондай ою мүлдем қолданылмайды десе де бо­ла­ды.
Қазақта крест тектес ою бар делік, бірақ герб авторының кілтті қазақиландыру үшін қазақтың жоғалып бара жатқан төртқұлақ оюын әдейілеп салғанына күмәніміз бар. Бұны рәміз авторы Андрей Поповтың өзі­мен сөйлескенде де аңғардық.
Кілттердің басы, әдетте, біріне-бірі ұқ­са­майтын әртүрлі бедерлі, ал сабы қолға ұстауға ыңғайлы болуы үшін дөңгелек, үш бұрыш немесе төрт бұрышты қылып жа­са­латын. Ал крест бейнесіндегіні бірінші рет көруіміз. Сөйтсек, Поповтың кілті күнделікті қолданылатын құлыптың кілті емес екен, ол орыс ертегісіндегі Буратиноның кілтінің көшірмесі болып шықты.
Андрей Попов, Қызылжар қаласы гер­бі­нің авторы:
– Бұл кілтті салғанда дінге арқа сүйе­ген жоқпын. Қала солтүстіктің қақ­па­сы екенін білдіру үшін кілтті бей­не­ле­дім. Ал кілттегі креске келетін бол­сақ, ол неге күнделікті қолданыстағы кілт­терге ұқсамайды дейсіз ғой? Бұл бә­ріміз бала кезімізде сүйіп көрген Бу­ра­тиноның кілтінің көшірмесі десе де болады. Оның кілтінде де осындай өрнек бар. Сондықтан бұны христиан діні­нің белгісі деп қана қарамаған дұрыс.
Өткен жылы Қызылжар қаласының ата­уын ауыстыру туралы әңгіме қозғалған кезде үдере қарсы шыққандардың басында қаладағы христиан шіркеуінің өкілдері жүрді. Тіпті діни рәсімдерді ысырып қойып, қала атауын ауыстыруға қарсылардан қол жинағаны да мәлім. Олар дін әулиелері Петр мен Павелдің атын өшірмейміз деп шыққан болатын. Осындай оқиғалардан кейін гербтегі кілтте христиан дінінің басты белгісі крест оқыс, ойда жоқта салынды де­ген «ертегіге» біреуді сендіре қою қиын.
Ал қазақы құлыпқа келіңкіремей тұрған сол кілтті сәл «егеп» жіберу туралы ұсы­ныс­­қа қалалық әкімдік неге жақ ашпай отыр?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста