Қызылжар Үкілі Ыбырайды үкіледі

Қызылжар Үкілі Ыбырайды үкіледі

Қызылжарлықтар ақын, сазгер Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтті. Облыс орталығында ескерткіші ашылып, туған ауылына есімі берілді.
Жұртшылық арасында кеңінен тарал­ған «Гәкку», «Қарақат көз», «Шалқыма», «Дүние» әндерінің авторы – осы Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы. Өнер зерттеушілері композитордың 40-қа жуық туындысы бар екенін айтады. Оның «Гәкку» әні әйгілі «Қыз Жібек» операсына негіз болған және осы ән арқылы Күләш Байсейітова бүкіл Кеңес Одағына танылған. Ақындығы мен батылдығы, батырлығы бірге жүрген оған 1930 жылы «халық жауы» деген жала жа­бы­лып, тұтқынға алынып, түрмеде қайтыс болған. Үкілі Ыбырайдың адал есімін ха­лық­қа қайтаруға алғашқы болып атсалыс­қан Сәбит Мұқанов болатын. Ол 1959 жыл­дың 25 қарашасында Қазақстан Ком­партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Н.Жанділдинге Ыбырай Сандыбайұлының ісін қайта қарау жөнінде хат жолдаған. Осы хат негізінде 1960 жылы Үкілі Ыбы­рай ақталды.
Ақталғаннан бері де 50 жыл өткенімен, есімін ел есінде қалдыру тұрғысынан ту­ған жері Қызылжар өңірінде маңызды ештеңе жасалмады десе де болады. Биыл ақынның 150 жылдық мерейтойына орай, біраз істің басы қайырылды. Айыртау ауданындағы туған ауылы бұрын Өскен деп аталып келген болатын, енді ол Үкілі Ыбырай ауылы деп аталып, елді мекенге атақты жерлестерінің бюсті қойылды.
Үкілі Ыбырайға Қызылжар қаласының да төрінен орын бұйырды. Орталық ме­шіт­тің жанындағы алаңқайға компози­тордың аты беріліп, тас мүсіні орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөй­леген облыс әкімі Серік Біләлов жаз шыға бұл жерде балалардың ойын алаңы мен субұрқақ жасалатынын жеткізді. Ма­наш Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университетінде «Сары­ар­қаның суырыпсалма ақыны» деген тақы­рыпта ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­ция ұйымдастырылды.
Елемес Есепқызы, Үкілі Ыбырайдың немересі:
– Атамның үш баласы болған, екеуі отбасын құрмастан қайтыс болды. Үлкені Есептен екі қыз қалдық. Мен үлкенімін. Ол кісі 150 жылдан кейін қайта тіріліп келгендей әсерде тұрмыз. Үкілі Ыбырайдың аты ешқашан ұмытылмайды ғой, дегенмен оны халық санасында жаңғырту мақсатында ауылға атын бергеніне қатты қуандық. Оның әндері әлі күнге дейін халық аузынан бір түскен емес.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Үкілі Ыбырайды халық сазгері, қазақ ән өнерін қалыптастырушы­лардың бірі десе де болады. Оның мол мұрасы әлі де талдауды, зерттеуді қажет етеді. Ақынның ардақты есімін ел есінде қалдыру тұрғысында көптеген шара атқармақпыз. Туған күнінде туған ауылына атын беріп, ескерткішін ашып жатырмыз. Бұл – қазақтың атақты суырыпсалма ақынына, сазгеріне көрсетілген құрметтің бір парасы ғана. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста